kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«ЭКСПО – 2017 – Тәуелсіздік жемісі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

     Сабақтың мақсаты:

     Білімділігі: Оқушыларға ЭКСПО көрмесі туралы түсінік беру, халықаралық өткізілген көрмелер тарихымен, «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі өткізде Қазақстан 157 елдің арасында мақсатының  оның халыққа тиімділігі арқылы жеңіске жеткенін жан жақты талдап түсіндіру.

     Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату.

     Дамытушылығы: Ой-өрісін,танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі жайлы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл – ойын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««ЭКСПО – 2017 – Тәуелсіздік жемісі»»

Сабақтың тақырыбы: ЭКСПО – 2017 – Тәуелсіздік жемісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ЭКСПО көрмесі туралы түсінік беру, халықаралық өткізілген көрмелер тарихымен, «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесі өткізде Қазақстан 157 елдің арасында мақсатының оның халыққа тиімділігі арқылы жеңіске жеткенін жан жақты талдап түсіндіру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату.

Дамытушылығы: Ой-өрісін,танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. Оқушыларға ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі жайлы түсінік бере отырып, олардың ой-өрісін, ақыл – ойын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сюжетті суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

2. Топқа бөлу

Әнұран айтылады


Кіріспе

Мұғалім: Құрметті оқушылар. «ЭКСПО-2017 – Тәуелсіздік жемісі» деп аталатын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бір жылдан кейін Елорданың төрінде дүние жүзіне 160 жылдық тарихымен танымал болған халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді. Парижде өткен тартысты бәсекеде Қазақстанның жеңіске жеткені ұлтын сүйген, елін сүйген әр қазақтың қуанышына айналды десек жарасады. Бұл – Тәуелсіздіктің табысты жемісі.

1-жүргізуші: Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз.Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші - ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында өзінің болашағына үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықарлық шарттарға сай бекітілді.

2-жүргізуші: Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан республикасы» деген асқақ рухты ел екенің мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға ұлғайып мәдени, рухани даму денгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.

1-жүргізуші: Отанымыз Қазақстан ата – бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, өңіп өскен жері.

2-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрекен алаш арыстары еді: Мыржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халал Досмұханбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

1-жүргізуші: Әділеттің жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ол тек елімізді басқарып қана қоимай,халқын,елін жерін сүиетін ұлы тұлға ретінде білеміз.

2-жүргізуші: Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің Елордамыз – Астана. Елордамыз Астананың қалай құрылғанын еске түсірейікші.

Астана қай жылы құрылды?

Оқушылардың жауабы тыңдалды.

1-жүргізуші: Егемен еліміздің айбыны мен мақтанышына айналған Астна тағы да халықаралық үлкен бәсекеде бас бәйгеге ие болды. Әлемнің 161 мемлекетінің арасында топ жарып ЭКСПО – 2017 Халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болу үлкен мерей, зор құрмет. Бұл – біздің бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі, бұл – біздің Тұңғыш Президентіміздің сара саясатының жеңісі. Сондықтан бұл жаһандық шараны елордамызда өткізудің ел үшін ерекше зор маңызы бар. Бұл біздің еліміз үшін әлемнің озық жетістікатерін көруге мүмкіндік береді.

2-жүргізуші: Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдері бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. ЭКСПО – 2017 тәуелсіздіктің табысты жемісі. Осыған дейін ЕҚЫҰ саммиті мен Азиаданы абыройымен өткізген Қазақ елі үшін әлемдік деңгейде маңызы бар ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үлкен сын болып отыр. Орталық Азия мен ТМД елдері бойынша ең алғашқы болып мәртебелі шараны ұйымдастыру миссиясы біздің еншімізге бұйырады. Бұл тарихымыздағы айтылу күн әлемде тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асқақтатар оқиға болмақ.

1-жүргізуші: 2017 жылы «ЕХРО» халықаралық көрмесі Астанада өткізіледі. Кеше Франция астанасы Парижде өткен жасырын дауыс беру нәтижесінде Белгияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен қазақ елі астанасы жеңіске жетті. Осылайша бас қаламыз Астана Қазақстанды әлемге таныта білген алғыр қадамы арқылы тағы бір тамаша ерлік жасай білді.


1. «ЭКСПО» деген қандай көрме?


ЭКСПО атауы – өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол – жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда ЭКСПО –ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы – соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

Мысалы, 1862 жылы Лондонда болған ЭКСПО-да жұрт алғашқы тігін машинасымен танысқан. 1876 және 1893 жылдардағы Филадельфия мен Чикаго (АҚШ) ЭКСПО-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы электр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсынылған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылдығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері Константин Перский ендірген екен.

Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайдалы қазбалар мен олардан алынған өнімдер де қойылады. Адамзатты алаңдатып отырған экология, урбанизация сияқты жаһандық проблемаларға қатысты жаңалықтар да осында талқыға түседі. Қысқасы, онда жұртшылық назарына ұсынылатын дүниелердің ауқымы кең. Аталған іс-шараға бүкіл әлемнен түрлі мамандар, өнертапқыштар, кәсіпорындар қатысады.




2.ЕХРО: мақсаты мен міндеті


Негізінен, ЕХРО – таза әрі ашық бәсекелестікке арналған әлемдегі беделді алаң. Оның басты мақсаты – қатысушы мемлекеттердің адамзат өміріне қажетті барлық саладағы жаңа зерттеулері мен тың жаңалықтарын барынша насихаттау. Халықаралық көрмелер экспозиция ерекшелігіне байланысты екі түрге бөлінеді: Дүниежүзілік әмбебап көрмелер және Мамандырылған халықаралық көрмелер.

Дүниежүзілік әмбебап көрмелер бес жыл сайын алты ай бойына өткізіледі. Әрі тақырыбы жағынан онда шектеулер болады. Егер, Қазақстан 2017 жылы мамандандырылған көрмені сәттің өткізсе 2020 жылы өткізу үшіе, әмбебап көрмені мүмкіндік алады. Мамандандырылған халықаралық көрмелер ең көп дегенде үш айға созылады. Көрменің алаңы 25 гектардан аспауы тиіс,ал тақырыбы алдын ала ұйымдастырушыларға ескертіледі.Негізінен,көрме тақырыбында оны ұйымдастыру-шы мемлекеттің белгілі бір салалардағы,соның ішінде гуманитарлық,әлументтік және экологиялық аспектіде қол жеткізген ғылыми технологиялық және экологиялық жетістіктері қамтылуы тиіс.Мәселен,Сарагостағы қазақстандық көрме «Су және тұрақты даму»тақырыбына арналғаны белгілі.Бұл арада көрме тақырыбы-на тек Халықаралық көрмелердің бюросы ғана емес,БҰҰ және басқа да дүниежүзі-лік ұйымдар міндетті түрде мақұлдауы тиіс.

3.ЕХРО көрмелерінің түрлері қандай?


ХҚБ экспозициялары екі түоге бөлінеді.Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері және Халықаралық мамандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелері(...............................................................)жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өтеді,мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді.Мысалы,мамыр мен қазан айларының аралығында Шанхайда «Жақсы қала-жақсы өмір»ұранымен өткен ЕХРО-2010 жұмысына 190 ел қатысты.Жалпы алғанда көриеге 100 миллион адам келеді.
Халықаралық мамандырылған көрмелер (........................................................) екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және үш айға созылады.Мұнда көрме ауданы 25 гектардан аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алады.Әдетте,тақырыптары нақты саладағы, гуманитарлық,әлументтік және экологиялық аспектілерді,ғылыми, технологиялық және экономиялық жетістіктердің көрінісі болады.Мысалы,соңғы Сарагосадағы өткен ЕХРО-2008 көрмесінің тақырыбы «Су және тұрақты даму» болды. Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде тек Халықаралық көрмелер бюросымен (ХҚБ)ғана емес,басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен,соның ішінде БҰҰ-мен келісілуі тиіс

Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекте Халықаралық мамандырылған көрме 2017 жылы болды.



4.Дүниежүзілік ЕХРО көрмесінің тарихы.


ЭКСПО-ның алғашқы көрмесі 1851 жылы 1-мамыр мен 15-қазан аралығында сол кездегі ағылшын ханзадасы Альберттің бастамасымен Лондонда өткізілген. Содан бергі уақыттарда ол әлемде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал бұл көрмені өткізген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр, мұнда ол 1855, 1867, 1878, 1889, 1900, 1937 жылдары ұйымдастырылыпты. 1889 жылғы ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы.
Жалпы алғанда, әлем елдері ішінен ЭКСПО-ны өткізу бойынша екінші орында АҚШ тұр. Мұнда ол 5мәрте ұйымдастырылған. Одан кейінгі орындары Жапония (4 мәрте), Ұлыбритания мен Канада(2 реттен) алады. Аталған көрме сондай-ақ Бельгия, Германия, Италия, Испания, Пратугалия, Оңтүстік Корея, Австралия, Қытай елдерінде бір-бір мәртеден ұйымдастырылған. Қытай демекші, қамтылған елдермен барлық тамашаланған адамдардың саны, ЭКСПО өткізілген аланның үлкендігі жөнінен Қытайдың Шанхай қаласы әлем бойынша алда тұр. Мұнда ЭКСПО көрмесі 2010 жылы өткізілген мәлім. Оған әлемнің 190 елі қатысқан болатын. 5,28 шаршы шақырым алаңды қамтыған көрмені ол өткізілген 184 күн ішінде 73 миллион адам барып тамашалапты.

Экспо техникалық және технеологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзадасының бастауымен өткізілді.Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды. Осы өткізген уақытан бастап есептегенде 2011 жылы 160 жыл толады екен.

Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда алайда, ол үшін Халықаралық шешіммен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланды. Қазақстан(Астана) көрмесі Бельгиянның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отырды. Өйткені 160 жыл өндірушілер және олардың тауарларын жалпы халықаралық қараудың маңыздылығы мен мақсатқа лайықтылығын растады, бұған көптеген елдерде жыл сайын өткізілетін көптеген көрмелер және жәрмеңкелкелермен қатар, анағұрлым жарқын, әрі беделді бүкіләлемдік көрмелер қала беретіндігі куә. Әрине, осындай үлкен мерзім ішіндегі мұндай көрмелердің мазмұны мен сипаты едәуір өзгерген болар, бірақ оларға деген ерекше ілтипат пен абыройы сол күйінде қала береді.

Әр бүкіләлемдік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатыстырушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді.

Бүкіләлемдік көремелер өзінің ауқымы , жалпы – саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.

Олардың басты мақсаты – жаңа ғылыми – техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай – ақ қатысушы – елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«ЭКСПО – 2017 – Тәуелсіздік жемісі»

Автор: Коштаева Алия Сатылгановна

Дата: 15.04.2017

Номер свидетельства: 409361

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Мені? елім - т?уелсіз ел"
    ["seo_title"] => string(22) "mieninielimtuielsiziel"
    ["file_id"] => string(6) "330445"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464260189"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(218) "Сценарий праздничного мероприятия, посвященного Дню Первого Президента Республики Казахстан  «Елбасы – еліменбірге»"
    ["seo_title"] => string(124) "stsienariiprazdnichnoghomieropriiatiiaposviashchiennoghodniupiervoghopriezidientariespublikikazakhstanielbasyielimienbirghie"
    ["file_id"] => string(6) "261165"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449075288"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Средь шумного бала.. "
    ["seo_title"] => string(20) "sried-shumnogho-bala"
    ["file_id"] => string(6) "147487"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419410505"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Доклад на тему: "Мені? ?аза?станым""
    ["seo_title"] => string(30) "dokladnatiemumieninkazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "327249"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1463408980"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?аза? ?дебиеттен шы?арма"
    ["seo_title"] => string(25) "kazakdiebiiettienshygarma"
    ["file_id"] => string(6) "261521"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449151736"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства