Просмотр содержимого документа
«Ата за?ым -айбарым »
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп
Сынып сағаты
Тақырыбы:
Қоршаған ортаның экологиялық жайсыздығы
Өткізілген күні: 4.12.2013ж
Сынып: 9 а
Сынып жетекшісі: Кайракбаева А.Б.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің Ата Заңын білуге,өз құқығын білуге үйрету. Оқушыларды елін, жерін сүюге, Ата Заңын қастерлеуге, тәуелсіз еліміздің патриоты болатын ұл-қыздарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакаттар, Н.Назарбаев портреті, Әнұран, Ту, Елтаңба қанатты сөздер, мақал-мәтелдер. «Отан- оттан да ыстық», «Туған жерге туынды тік».
Әдістемелік: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың барысы
Осы қойылған сұрақтарға толық жауап алынғаннан кейін, тақтада ілулі тұрған көрнекіліктерге шолу жасап өту. Еліміздің Елтаңбасын, Әнұранын, Тудың суреттерін көрсету.
Республикамыздың Елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Осы шаңырақ пен уық біздің Отанымыздың көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді. Ал қанатты тұлпар көшпенділердің бүкіл өмірі атпен байланысты.
Туымыз - көгілдір түсті. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді, ал дәл ортасындағы сәулесін шашқан күн – тыныштық пен байлықтың белгісі, қыран бүркіт қырағылықты, ой-арманның биіктеуін білдіреді.
Отан – деп отырған ортаң, туып өскен үйің, жерің, елің. Бұл сөз қайсысымызға болмасын өте айрықша естілетін, кіндік кескен жеріміздің аталуын түсіндіретін сөз.
Еліміз 1991 жылы тәуелсіздігін алып, ұлтымыздың тілін, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін шындап қалпына келтіру барлық салада басталды.
1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыздың қабылданғанына 14 жыл толып отыр.
Ата Заң - дегеніміз өзіміздің егемендік құқығымыздың негізге ала отырып, іске асыруды айтады. Міне, сендер 1- қыркүйек күні: бірінші сыныптан бастап мектепке келесіңдер. Оқушы осы жерден білім алу құқығын пайдаланады. Бұл құқық бойынша мемлекет ақысыз оқытады, тегін оқулықтармен, кең және жарық мектеппен, спорт залымен, кітапханамен, және көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді.Адамның тағдырын шешетін, аса жауапты адамның борышы – жақсы оқу, терең орта білім алу.Ол көп білетін, еңбек етуге дайын адам болып шығуға тиіс.
Сенің өміріңнің заңы болып табылатын Конституцияның әрбір жолы еңбек адамына оның жақсы өмір сүруіне, сонымен бірге бірінші кезекте жас ұрпаққа оның бала-шағасына, деген қамқорлыққа толы.
Жаңа Конституциямыздың қабылданып, іс жүзінде қолданылғанына міне 14 жыл толып отыр, осы жылдар оның өмір мен қуатын, ел экономикасы мен әлуметтік жағдайының нығаюына, саяси тұрақтылығына үлкен ықпал етіп, өзінің әлеуметін әлемге танытып та үлгерді. Жаңа Конституциямызды біз мақтан тұтамыз. Ол Отанымыздың көсегесін көгертудің негізін айқындаған, ардақ тұтар Ата Заңымыз.
Біздің елімізде жалпы бес Конституция қабылданды.Олардың үшеуі кеңестік дәуірде одақтық Конституцияның көшірмесі болып келді, ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған негізгі Заңымыз, өніміне қарай барлық проблемаларды шеше алмады.
«Конституция» сөзі латын тілінен аударғанда «Құрылым, орнықтыру» деген мағынаны білдіреді. Қазір Конституция мемлекеттік – қоғамдық және экономикалық құрылым негізін бекітетін құндылығымыз болып табылады. Біздің бүгінгі Конституциямызды жалпы халықтық референдумда сайлаушылардың 90 пайыздайы жақтап дауыс бергені белгілі.Ол халық пен өкіметтің арасындағы өзінше бір келісім шарт секілді. Өкімет Конституциялық нормаларды жүзеге асыруды өзіне міндеттеме етіп қабылдаса, ал адамдар Конституцияны және елдің заңдарын мүлтіксіз орындауға жауапкершілігін алады. Мемлекет тек осылай ғана өркендеп өседі, елде тәртіп осыдан ғана орындалады.
Конституцияның талаптарын жүзеге асыру бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Ең алдымен жер, дін, мемлекеттілік, табыну туралы мәселелер қаралды. Сот реформасы жүзеге асырылды.Мемлекеттік инвестицияларды мемлекеттік қолдануға көмектесетін кәсіпкерлікті дамытудың маңызды заңдары қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Сондай-ақ жаңадан қылмыстық, азаматтардың және басқада кодекстер қабылданды.
Жаңа ел ордасы – Астана әлемге өзін танытып үлгерді. Бұл шаралардың барлық Қазақстандықтарға өзінің кәсіби және әлеуметтік рухани ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызып, кеңістік ашып отыр.
Конституция мемлекет пен қоғам қызметінің әлеуметтік - экономикалық саладағы негізге алынатын принціп ретінде халықтың игілігін көздейтін экономикалық дамуды белгілеп отырғаны, осы тұжырымызды одан әрі нығайта түседі.
Тақырыбы:«Қош келдің , Жаңа жыл!»
(жаңа жылдық мереке)
1-ші жүргізуші:
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер !
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар , сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
Қазақ биі: «Көңілашар»
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл
Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым !
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, балдырғандар !
Музыкалық сәлемдеме. «Жаңа жыл» әні
Қадірменді қонақтар!
Қадірлі жас достар, біздер бүгін Жаңа жылды қарсылау мақсатымен осы жерге келіп тұрмыз. Енді жаңа жылды мерекелік көтеріңкі көңіл күймен қарсылауға мүмкіндік туғызған. Мынадай сән - салтанатты келіскен Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыруға ұйтқы болған ағаларға
Бар қызықты көрсеткен ұландарға
Жақсылықтар көбейсін жылдан жылға
Еңбегіңіз еленіп табысты боп,
Мың рахмет аудандағы әкім аға
Ортаға Жаңа жылдық кешімізді ашу үшін
_(аудан әкіміне )_____________________ сөз алады.
Ағалар бар ғалымның әр саласында
Жақсы жүрер игі істердің басында
Жаңа жылда жаңа бақыт орнатып
Еңбегіңіз жемісті боп ортада
Б. Мусағалиевке
Бишілердің биі (шырша түбінен төрт қыз шам(свечи) жағып билейді.
Жүргізуші:Жас достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын. Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.
( Марш екпінімен басып, көңілді Уақыт келеді)
Уақыт.(әндетіп).Уақыт деген жүйрікпін:
Тоқтамастан құйғыттым.
Жаңа жылға жақынмын,
Жарандар той, сый күтсін!
Уа,адамдар,аман ба?
Көз салыңдар маған да!
Пайдаланып қалыңдар:
Мен қымбатпын әманда!
Тірліктіге-бақытпын,
Бірлікшілге-шаттықпын!
Еселенген өмірді
Есептеген уақытпын!
(Уақыт жүріп бара жатып микрофон арқылы Жаңа жылмен хабарласады.)
Алло,Алло!Жаңа жыл!
Саған дайын жаңа жыр!
Уақытың-көңілді:
Жалғастырам өмірді!
Ау,Жаңа жыл,жарқыным!
Мен өзіңе жақынмын.
Бар адамға қуаныш
Алып келе жатырмын!
Дауыс.Уа,құдіретті де,құрметті Уақыт амансың ба?Мен-Жаңа жылмын.Мен барғанша жер анада шырша жайнап тұрсын.Барлық адамға бақыт болып келемін.Қымбатты уақыт,Желтоқсанның соңғы күнін салтанатпен өткіз.Өтіп бара жатқан жыл өркені өскен табысты жыл болды.Құрметте оны!Абай бол!Жылдардың арқауы үзілмесін!
Уақыт.Рас айтасың,жақсынығы мол,Жаңа жылым!Ер жүрек елім аман болса,әрбір минутымды бақытты өткіземін.Көк-жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз,жемісті Алтын күз бақытты болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.
Уақыт сахнадан әндетіп өткен соң, табиғат өзгеріп, қорқынышты оқиғаны меңзейтін күй естіледі. Екі көзі от жайнап, қолына балта ұстаған Жезтарнақ шығады. Шыршалы тоғай ән салып тұр.
Дауыс: Тыныштық болып кел, жарқыраған Жаңа жыл! Сен келе жатыр деген хабарды естігенде, ақ ниетті адамзаттың арамза жаулары дүрліге бастады. Әсіресе, жақсылықтың жауы болып келе жатқан Жезтырнақтың жар құлағы жастыққа тимей жүр. Ал Жаңа жылда төрге шығып, қуаныш тойын қуаттап тұратын шыршалар қаннен – қаперсіз тоғайда шаттық жырын жырлап тұр.
Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, шыршаның қасына шеңбер жасап тұрады.
Қымбатты қонақтар, өрендер !
Міне, Жаңа 2009 жыл да келді. Ал 2008 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін.
Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.