kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?а ?асыр азаматы – дені сау жігерлі адам.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Салауатты ?мір салты жайлы ??ым беру, о?ушыларда ?з денсаулы?ын са?тау ж?не жетілдіру м?дениетік ?алыптастыру; Екі топ ?з к?з?арастарында д?лелдеу ( ай?а? пен д?лелдеме ар?ылы); с?з астарына ??іліп ма?ынасын т?сіну, ?зекті ойды б?ліп ала білу, сыни т?р?ыда ой ?орытындысын жасау, ?з пікірін ?ор?ай білу, с?йлеу м?нерін ?алыптастыру, да?дыларын дамыту; салауатты? ?мір салты ар?ылы екі т?рлі к?з?араста ба?а беру, ?р топ ?з пікірлерін ?з д?лелдемелеріне с?йене отырып, б?лтартпас ай?а?тар келтіру, ма?ал – м?телдер, афоризм с?здерді тірек етіп ?олдана білуге ?йрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?а ?асыр азаматы – дені сау жігерлі адам. »

Сайыстың тақырыбы: Жаңа ғасыр азаматы – дені сау жігерлі адам.

Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салты жайлы ұғым беру, оқушыларда өз денсаулығын сақтау және жетілдіру мәдениетік қалыптастыру; Екі топ өз көзқарастарында дәлелдеу ( айғақ пен дәлелдеме арқылы); сөз астарына үңіліп мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдыларын дамыту; салауаттық өмір салты арқылы екі түрлі көзқараста баға беру, әр топ өз пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып, бұлтартпас айғақтар келтіру, мақал – мәтелдер, афоризм сөздерді тірек етіп қолдана білуге үйрету.

Түрі: дебат- пікір сайыс

Құрал- жабдықтар: жылжымалы папка, ақпараттар, қанатты сөздер әр түрлі дәйектеме сөздер

Жүргізушінің сөзі:Құрметті бүгінгі сайысқа қатысушылар! Қазақстан халқынаң әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Елбасы білім,денсаулық сақтау саласына көп-көңіл бөліп жатыр.Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі- дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Дені сау ұрпақ- Қазақстанның болашағы.Соңғы кезде қоғамды алаңдатып отырған ең басты мәселелердің бірі, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтау.«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп,олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Сайысқа қатысу үшін екі командаға бөлінеміз.Бірінші жақ жақтаушы топ, екінші жақ даттаушы болып бөлінеді.3-кезеңге

бөлінеді.

1 . Кезең.

Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: Дені сау ұрпақ- елдің болашағы

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Салауатты өмір сүру дегеніміз не

2.Қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері.

3.Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Дәлелдемелер:

1.Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты .

2. Дені сау халық- бай халық.

3. Дені сау ұрапақ - Қазақстанның болашағы.

Айғақтар:

1. Дұрыс тамақтанбай, жеке бас гигиенасын сақтамай, спортпен шұғылданбайды.

2. Денсаулықтың жақсы болуы тек аурудан «айығу» деген сөз емес, ол одан гөрі маңыздырақ.

3. Қазіргі заманда адамгершілік қасиетіміздің жүдеу тартуы,әр түрлі жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатыгез адамдар көбейді.

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1. Дене тәрбиесін шынықтыру үшін, материалдық базамен неге қамтамасыз етпейді?

2. Әр түрлі видео таспалар оқушының санасына қалай әсер етеді?

3. Денсаулық туралы әр түрлі үгіт насихаттар, хабарламалар оқушыларды неге қызықтырмайды?

II кезең

Даттаушы топтың қарар тақырыбы: Қоғамда алаңдатып отырған мәселелердің бірі, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтамауы.

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Зиянды әрекеттер: темекі шегеді, фас-фут, түрлі діндерге кіреді.

2. Балалар арасында әлімжеттілік жасайды, бір – бірімен балағат сөздермен қарым қатынас жасайды.

3. Қоғамдық шараларға қызығушылық, белсенділік танытпайды.

Дәлелдемелер:

1. Аталған зиянды әрекеттерді қазіргі жасөспірімдердің түрлі әрекеттер арқылы насихаттауы.

2. Мұғалімдермен ата – аналардың арасындағы қарым қатынасты нығайта отырып, оқушының тәрбиесіне баса назар аудару.

3. Заман талабына сай қоғамдық іс – шаралар балалардың қызығушылығын көтеру мақсатында өтілмейді.

Айғақтар: 1.Денсаулық үшін тиімді және толыққанды тамақтанудың маңызы үлкен.

2.Әрекеттерді болдырмау, шынығу-қоршаған орта факторының әсерінен адам ағзасының тұрақтылығын күшейту шаралары.

3.Денсаулықты ұзақ уақытқа сақтау мен нығайтудың сенімді тәсілі ежелден-ақ белгілі,бұл-денені жаттықтықтыру,қозғалыс белсенділігі.

Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1.Адамдар денсаулықты ұзақ уақыт сақтау үшін қандай әрекет-термен,денені жаттықтыру қажет?

2.Ағзаның қалыптасуы үшін шылымның зиян екендігін білесіңдер ме?

3.Деннің саулығын сақтау үшін не істеу керек?

4.Күннің,таза ауаның,судың денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?

5.Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындармен жаттығу түрлерін ата

6.Нашақорлықтан сақтанудың жолдарын білесіңдер ме?

3 кезең

Жақтаушы топтың пайымдаулары:

1.Дені саудың жаны сау (мәтел)

2.Жарлының байлығы,денінің саулығы (мәтел)

3.Жан ауырса – тән азады,

Қайғы басса – жан азады. (мақал)

4.Тілеп алған аурудың, емі табылмас.(мәтел)

5.Дені сау ұрпақ – елдің болашағы

6.Зиянды әрекет дегеніміз:қазіргі таңда етек алған,заманымыздың кеселді дерттері-шылым шегу,нашақорлық,маскүнемдік.

7.Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген болашағы жоқ адамдар.

8.Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.

Даттаушы топтың паймыдаулары:

1.Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ.(Абай)

2.Жас жаңылады,үлкен кешіреді.(мақал)

3.Заманымыздың індетіне айналған маскүнемдік пен нашақор-лыққа қарсы күрес мәселесі көтеріледі.

4.Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің

Жақтаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

“Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

Даттаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Ел Президентінің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халықденсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.

Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.”

Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.

Жүргізушінің сөзі:Сайыс аяқталған соң сабаққа қатысушы көрермендерге бір жағы ақ, екінші жағы қара жәшікті беріп дауыс жинап, өз көзқарастарын нақты дәлелдеп көзге түскен ең үздік топ анықталады.

Дебат технологиясының әсерін айтсақ:

1.Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап етеді әрі ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді.

2.Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды, зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді.

3.Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана қоймай,табылған қосымша ақпартпен топта бөлісіп, өзара оқыту әдісі жүзеге асырылады.



К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп












Сайыстың тақырыбы:

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, жігерлі адам.









Қазақ тілі,әдебиеті пән мұғалімі Азханова Б.А

















Ақтоғай селосы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жа?а ?асыр азаматы – дені сау жігерлі адам.

Автор: Азханова Бактибала Амакелдикызы

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192737

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ":  Жа?а ?асыр азаматы-дені сау, жігерлі адам! "
    ["seo_title"] => string(47) "zhan-a-g-asyr-azamaty-dieni-sau-zhighierli-adam"
    ["file_id"] => string(6) "172107"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423758671"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Зиянды әдеттерден сақтанайық!"
    ["seo_title"] => string(32) "ziiandy_diettierdien_sak_tanaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "399262"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489241310"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Дене тәрбиесі - салауатты өмір негізі."
    ["seo_title"] => string(35) "dene_t_rbiesi_salauatty_omir_negizi"
    ["file_id"] => string(6) "522190"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1570678301"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Баяндама: «Халы? педагогикасы- ?лтты? ??ндылы?тарымыз » "
    ["seo_title"] => string(59) "baiandama-khalyk-piedaghoghikasy-u-lttyk-k-u-ndylyk-tarymyz"
    ["file_id"] => string(6) "206905"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430302021"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "М?мкіндігі шектеулі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыс т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(85) "mumkindighi-shiektieuli-balalarmien-zhurghizilietin-psikhologhiialyk-zhu-mys-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "144580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418748021"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства