Бекзат,міне тағы бір жыл тарих қойнауына жылжып барады. Кеше ғана Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен халқымыз Мешін жылы талай жетістіктер мен қатар биік белестерді бағындырды. Осынау 2016 жыл біз үшін, біздің сыныбымыз үшін де жаман жыл болмады емес пе? Қалай ойлайсың?
2-жүргізуші:
Ескі жылың есіркеп көкейімде Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Ия, Мерей ендеше уақытты көп созбай Мешінмен қоштасатын уақыт та келіп жетті. Ендеше ортаға мешінді ортаға алайық! Ортамызға қош келдің, Мешін!
1-жүргізуші:
Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар. 2-жүргізуші: Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйіміз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Деген ниетпен ортаға 6-сынып оқушысы Оңайбекова Айзаттың орындауындағы әсем әнге берелік!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие «Қош келдің жаңа жыл!».»
1-Жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Келеміз ақ арманды арқаланып,
Сені күттік жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық!
2-жүргізуші:
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!
1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Биылғы жаңа 2017жылды қарсы алу мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.Бүгінгі мерекелік кешті көркін қыздырып, сәнін кіргізетін қатысушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық!
1-Жүргізуші:
5 «в» сыныбының өнерлі де, өнегелі оқушыларын қошеметпен қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Бүгінгі кешке ерекше дайындықпен келіп отырған келесі талантты да, өнерпаз сынып 5 «Г» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші:
Мерекелік кешіміздің төрінен орын алатын сыныптардың үздігінің үздігі 6 «В» сыныбының өнерлі шәкірттерін қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Баршамыз бірге «Жаңа жыл» әнін бірге шырқалық!
Хор «Жаңа жыл»
1-жүргізуші:
Бекзат,міне тағы бір жыл тарих қойнауына жылжып барады. Кеше ғана Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткен халқымыз Мешін жылы талай жетістіктер мен қатар биік белестерді бағындырды. Осынау 2016 жыл біз үшін, біздің сыныбымыз үшін де жаман жыл болмады емес пе? Қалай ойлайсың?
2-жүргізуші:
Ескі жылың есіркеп көкейімде Қимас шақтың бірі боп кала берсін!
Ия, Мерей ендеше уақытты көп созбай Мешінмен қоштасатын уақыт та келіп жетті. Ендеше ортаға мешінді ортаға алайық! Ортамызға қош келдің, Мешін!
1-жүргізуші:
Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар. 2-жүргізуші: Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйіміз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Деген ниетпен ортаға 6-сынып оқушысы Оңайбекова Айзаттың орындауындағы әсем әнге берелік!
Ән «Жаңа жыл»
1-жүргізуші: Ойын «Мешін ізі»
(ойын шарты әр сыныптан бір ата ана қажет, сіздерге мешін табаны берілген, музыка біткенше, қиып үлгеру керек. Кім көп қиса, сол жеңіске жетеді.)
2-жүргізуші:
Ал енді айналып келгенше, Мешін сізге ақ жол!
Мешін:
Ал, енді құрметті бүгінгі кештің көңілді қатысушылары менің жылым сіздер үшін жаман болмаған секілді, алдағы уақытта жақсылықтарыңыз еселей түссін деген ниетпен уақыттыр жылжып, сағаттар сырғып, минуттар алға басуда. Рұқсат болса менің сіздермен қоштасайын. Қош сау болыңыздар!
Балалар хормен: Қош сау бол, МЕШІН!
1-жүргізуші:
Ал, достар, біз мешінмен қоштасып көңіл – күйіміз түспесін! Бұл әрине данышпан халқымыздың қалыптасқан жыл санауы бойынша мешіннің тарих бетіне еніп бара жатқаны баршамызға аян.
2-жүргізуші:
Әрине біз келесі жаңа жыл иесін қарсы алуға арнап, өз өнерімізді ортаға салуға жиналдық емес пе! Олай болса, көңілімізді көтеріп келесі өнерпаздардың биін тамашалайық!
Ал, қанекей, достар барлығымыз бірге «Аяз ата, ақшақар» деп дауыстап көрелік! Шамды өшіріп бірге шақырайық! Мүмкін бізді естіп тезірек келетін болар.
Жарық өшіп, дыбыс ойналып, ортаға өзге ғаламшарлықтар шыға келеді.айналып жүреді.
Ерхан: Жер!Жер! мен орнымдамын, орнымдамын! Байланыстамын!
Досмұхаммед: Түсіндім! Түсіндім! Мен де осындамын!
Азамат Қай жерден іздейміз!
Нұрдәулет: Мүмкін қаза берерміз! Уақыт тапшы! Уақыт тапшы!
Мирас Ал мен барлық жерді қазып та үлгердім! Бұл әрекеттен ештене өнетін емес! Емес!
Гүлия апай:Демек бұларды қинауымыз керек шығар!
Ерхан: Ендеше бұларды қорқыту қажет шығар. Қане! Қане!
Досмұхаммед:Мүмкін бұлар қараңғыдан қорқатын болар, қараңғылық орнатармыз!
Азамат:Қайтсек екен, ойлан, басым! Ойлан! Сен бізден ақылдысың!
Нұрдәулет:тыныш, тыныш біреу келе жатыр, қашалық!
(балалар артына тығылып қалады)
2-Жүргізуші:
Достар, бізге мереке қарсаңында біреулер тосынсый дайындағысы келетін секілді. Қане жарықты қосалықшы!
1-жүргізуші:
Иә балалар біреулер біздің көңілімізге қаяу түсіргісі келетін секілді.Бұлар кім болды екен? Нендей жағдай болса да біз өз мерекелік көңіл күйімізді түсірмеуге тиіспіз ғой! Ендеше бәріміз бірге «Орманда шырша туыпты» әнін айталық!
Ерхан: Жер! Жер! Мен орнымдамын! Байласқа шық!
Досмұхаммед:Түсіндім Түсіндім! Мен осындамын?
1-Жүргізуші:Бұлар кімдер өзі?
2-Жүргізуші: Түсінсем бұйырмасын!
Ерхан: біз ғаламшар қарақшылары деген боламыз!
Домсұхаммед: Бізге белгілі болды сіздерде көп олжа байлық бар!
Азамат: Жер шарындағы ең басты байлық!
Нұрдәулет: егер сендер сол байлықты оңайлықпен берсеңдер, біз сендерді ренжітпейміз!
1-Жүргізуші: Балалар бұлар нені меңзеп тұр?
2-жүргізуші: Бұлар қандай байлықты айтып тұр?
№5: Ия біз сендердің асыға күтіп отырған аяз аталарыңды тұтқынға алып отырған жайымыз бар!
1-Жүргізуші:
Сендер тіпті оларды кепілге алып үлгердіңдер ме? Балалар жағдайымыз түсінікті болған сияқты.
2-жүргізуші: Енді қайтпек керек!
1-жүргізуші: Мен бір амалын тапқан сияқтымын!
2-жүргізуші: Біз бұлардың өзін сынға алайық! Ол үшін бізбен бірге келесі шарттарды орындасын!
Ойын «Жұмыртқаны тасу»
(шарты: Бір топ қарақшылар және олармен оқушыларымыз белгіленген жерден жұмыртқаларды тасу керек.)Кімнің жұмыртқасы көп солжеңіске жетеді.
1--жүргізуші: (Ой Достар, мына қарақшылар ештеңеге икемі жоқ екен, тек бізді қорқытқаны болмаса, бұларға өзіміздің өнерімізді көрсетейік.)
Ойын «Қар жинау»
(Ойын шарты: Әр сыныптан бір ата-аналар мен бір оқушылар екі топқа бөлінеді.бізге бір ата-ана, бір оқушы керек.)
(шарты: Әр столдан бір ойыншы шығады, көзі байланып, аяғына байпақтар кигізіледі. Қолдарына шелек беріліп, жерде жатқан қарларды музыка аяқталғанша жинаулары тиіс.)
№1: Достық? Бұл не тағы?
№2: Мұны не істеуге болады? Оны қозғауға бола ма алде сатып алуға бола ма?
1-жүргізуші:
Жоқ, достық-бұл деген сатып алуға да, сатып жіберуге де болмайды. Бұл дегеніңіз ауызбіршілік, татулық, сыйластық!
№3: сонда сіздер барлықтарыңыз доссыздар ма? Бұл сендердің ортақ байлықтарыңыз дегенге сая ма?
№4: Ендеше біз сендермен достассақ бола ма? Сонда мұндай байлық бізде де боалр еді.
2-жүргізуші:
Балалар келісеміз бе?Ендеше біздің достығымыздың не нәрсеге қажет екенін бұлар әлі де көзі жетпей тұрған секілді ендеше ән айтайық.
ХОР «Орманда шырша туыпты»
2-жүргізуші:
Ал балалар сөз кезегін бар өнімін еңбекпен тапқан 2017 жылиесі-Тауықты шақырайық.
Тауық:
Армысыңдар,құрметті халайық!
Жақсылыққа бағытталған,
Тауықпын мен жаңа жыл.
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Мешін жылының мерекесін,
Берекеге жалғаймын,
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Мешінтапсырған аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Жаңа жылда жаңа бақыт, тыныштық, достық, бірлік болсын! Еліміз тыныштықта, халқымыз берекелі өмір сүрсін! Нанымыз көп, уайым-қайғымыз жоқ болсын!
БИ «Балапандар»
2-жүргізуші:
Тауық жылымыздың құрметіне арналған Келесі кезекті әсем биді назарларыңызға ұсынамыз!
Ән «Кел жаңа жыл». Орындайтын Жалғасбаев Санжар
1-жүргізуші:
Ал достар біздің асыға күткен Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келіп жеткен екен. Қане бірге Қарсы алайық.
1,2-жүргізуші:
Аяз ата, Ақшақар, қош келдіңіз!
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел. Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Аяулы аналарға,
Ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға
Бәріңе, бәріңе де сәлем бердім.
Асау желмен жарысып,
Келіп жеттім алыстан
Амансыңдар ма балалар?
1-жүргізуші: - Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Шырайлы Шалқар өңіріне келдіңіздер! Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Бұл өңірдің балалары әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар? 2-жүргізуші: - Әрине, ата! мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды. Аяз ата: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
Ақшақар: Аяз ата қарашы балалардың киімдері қандай әдемі! Шырша да әдемі безендіріліген
1-жүргізуші: Ендігі кезекті Шыршамыздың құрметіне «Жаңа жыл келді еліме»
Би «Таус биі»
Ендеше «Аяз аталар» биіне кезек берейік.
2-жүргізуші: Құрметті Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтайтын білімді оқушыларымыздың жыр шумақтарына құлақ түрсеңіздер дейміз!
Монтаж
Аяз ата:
Айта берсек, таусылмас,
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел одан да, халайық,
Ойын ойнайық жаңа бір.
Жүргізуші:
Тауық жылы тоқшылық жылы болғай деп келесі ойынымздың атауы «Кім жылдам?»
(Шарты: қатысушылар екі топқа бөлініп, бірінші болып, алдарында жүгеріні жылдам тауысу.)
Аяз ата:
Сіздермен бірге жақсы көңіл көтеріп, сергіп қалдым.Енді менің де уақытым таяп қалды.Сіздер сияқты қауыммен кездесуім керек.Рұқсат болса, мен кетейін! Сау болыңдар! Ары қарай жаңа жылды жақсылап тойлатып,жақсы көңіл күймен тойлаңыздар!
2-жүргізуші:
Ал аяз ата, Ақшақар әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болса, сіздерді бөгемейік.Қош сау болыңыздыр!
Хор «Шырша жыры»
1-жүргізуші:«Үнді биі» тамашалайық!
2-жүргізуші: Ән «6 в» Жаңа жыл
1-жүргізуші:
Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін,
ой-мақсаттар жүзеге асатын,арман-үміттер ақталатын жыл болсын!
Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін!
Флеш моб
2-жүргізуші:
Жаңа жылдарың құтты болсын, кешіміз әрі қарай биге ұласады.
№5 орта мектеп
Жаңа жыл мерекелік кешіне
Ғаламшар қонақтарының келуі
Өткізген: 6 «в» Сәменова Г.Т.
5 «в» Князова Б.Б
5 «г» Қоңырбаева Л.Т.
2016-2017 оқу жылы
Хор
1. «Орманда шырша туыпты»
Орманда шырша туыпты,
Орманда өсіпті.
Қысы-жазы бой көтеріп,
Жап-жасыл болыпты.
Енді ол болып көрікті,
Қонаққа келіпті,
Және көптеген қуаныш,
Балаларға беріпті.
Аппақ қоян, қорқақ қоян,
Шырша астында жатыр.
Ашулы қасқыр, аш қасқыр,
Аңдып оны жатыр.
2. «Аппақ, аппақ, жапалақтап»
Аппақ, аппақ, жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
О, алақай Аяз ата
Келіп қалды алыстан.
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын Жаңа жыл!
3. Жаңа жыл Көк шыршамыз ырғалып Жатыр дала- қыр нағып Жылым келді аппақ жүзі нұрланып ! Жарасатын еліме , Төрлет жылым төріме ! Бейбіт жатқан қазағымның жеріне ! Қайырмасы : Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр . Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр. Шыршамызға шам жағып, Қараймыз ғой тамсанып, Би билейік , ал кәнекей ән салып ! Аяз ата әніміз, Ақшақарың сәніміз , Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз! Күлімдесін күніміз , Жалындасын жүзіміз , Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз ! Жаңа жылым шаттығым, Арайланып атты күн, Тілейікші елімізге сәтті күн .!
4. Шырша жыры
1.Қане достар тұрмайық
Қарсы алайық жыл басын
Қызықтан бос қалмайық
Шырша жыры самғасын
Қ-сы
Ал достарым келіңдер
Келді аяз атамыз
Биде билеп беріңдер
Шырша жырын айтамыз
Шырша жырын айтамыз
2.Құтты болсын жаңа жыл
Шыршамыз тұр жараса
Жанында аяз ата жүр
Қуанады балаша
3.Аппақ қардай береке
Даламызда самғасын
Жаңа жылдай мереке
Таба берсін жалғасын
5. Ән:Жаңа жыл келді
1.Жаңа жылым келді еліме
Жаңа жылым келді жеріме
Көкейімде сайрап сан арман
Бізді тосады бақыт алдан
Қ-сы
Жаңа жылым келді еліме
Жаңа жылым келді жеріме
Көңілді бөлейтін шаттыққа
Әр үйді бөлейтін бақытқа
Жаңа жылым келді еліме
Жаңа жылым келді жеріме
Көңілді бөлейтін шаттыққа
Әр үйді бөлейтін бақытқа
2.Жетелейді арман алысқа
Саған да бұл сезім таныс па?
Жаңа жылым мынау еліңді
Жеткізе бер жаңа табысқа
Қ-сы
1-жүргізуші:
Қағып тұр Жаңа жыл кеп есігіңді, Болмайды той-думанның кеші мұңды. Жаратқан түгел қылып берсін сенің Бақыт пен ырысыңды, несібіңді!
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!
3-жүргізуші:
– Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !
4-жүргізуші:
Аспанымызды бұлт торламасын,
Күніміз мәңгі сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…
5-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
6-жүргізуші:
1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ата-аналар, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, Шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргендер де көрмегенде арманда. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 2-жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, Ай жүзіндей айшықтанып, арайың. Жанға шуақ, бойға қуат әкелген. Жаңа жылың құтты болсын ағайын. 1-жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.Бүгінгі мерекелік кешті көркін қыздырып, сәнін кіргізетін қатысушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық!
2- жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Баршамыз бірге «Жаңа жыл» әнін бірге шырқалық!
Хор. /Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/ 1-жүргізуші: Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз. 1-жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын. /”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./ 2- жүргізуші: -Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. 1-жүргізуші: * Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. * Сүйінішпен маңайға жар салыңдар. * Аяз ата келеді Ақшақармен, * Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! /осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./ Аяз ата: Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел, Нарына нарық заман мінгескен ел. Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел, Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел. 1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Ата! Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам! 2-жүргізуші: Армысыз Ата! Армысың Ақша қар. Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 1-жүргізуші: - Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз. Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар? 2-жүргізуші: - Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды. Аяз ата: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат. /шығыс биі/ 1-жүргізуші: -Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар? 2-жүргізуші: Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./ 1-жүргізуші: - Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/ Би: “Шарара” 10а қыздары 2-жүргізуші: -Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/ 1-жүргізуші: - Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/ 1-жүргізуші: - Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./ 2-жүргізуші: - Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/ 1-жүргізуші: -Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН / соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. / 2-жүргізуші: - Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші: Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз. /ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./ 1-жүргізуші: -Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар? Аяз ата: - Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тышқан келсін... /тышқан жылы шығады./ Тышқан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!. Аяз ата: Иә, Тышқан қайда тарттың? Тышқан жылы: - Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./ Жаңа жыл: - Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар. Аяз ата: - Бар бол балам. Тышқан жылы: Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың? Жаңа жыл: - Дәл өзімін. Тышқан жылы: - Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым. Жаңа жыл: - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін. Тышқан жылы: - Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын! 1-жүргізуші: Қош, өткен жыл! Қош келдің Жаңа жыл. 2-жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік. 1-жүргізуші: -Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін. Аяз ата: Болар, болар... Уа!!! Мен батамды берейін, Үстем болсын мерейің Әрқашанда бұл елге, Қуанышқа келейін. Жақсылық елден кетпесін, Жамандық, келіп жетпесін. Қызыр болсын жолдасың. Әруақтар қолдасын! Қара ниет дұшпаның, Бұл жалғанда оңбасын. Аман болсын, мал басың, Адал болсын жолдасың. Бейбітшілік заман болсын. Ел іргесі аман болсын. Осы айтқаным қабыл болып, Батам менің тәммам болсын! Әумин! Жаңа жылдарың құтты болсын!!! Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл әні орындалады. Кеш соңы бимен ұласады.