kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Мектеп" атты кеменің капитаны атты апталыққа  арналған  тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»»


5 мектеп-лицей







«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

(Ұстаздар күнінде өткізілген тәрбие сағаты)






Өткізген: Ермагамбетова А.С

7 «Г» класс







2018-2019 оқу жылы



Тақырыбы: «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Мақсаты: Мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, ССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегін, жан-жақтылығын, оқушыларға үлгі етіп, таныстыру.

Көрнекілігі: Туюшев Р.Р. туралы бейнеролик, слайдтар, шарлар, түрлі ұстаздар туралы нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы

Әділет: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Айымторы: Дұрыс айтасың Әділет.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ильяс: Иә, Айымторы
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
Екеуі бірге: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
Мұғалім: Балалар бүгінгі мерекелік шарамыз мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, ССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегімен, жан-жақтылығымен танысу мақсатында өткелі отыр. Олай болса «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Нұрлыбек: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Дильназ: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ислам: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!!
Нұрсұлтан: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

Аружан: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Дулат: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Адия: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Еркежан: Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Айымторы: «Ұстазым» әні орындайтын Шамғалова Аружан

Диана: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

Ернұр: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
Елнұр: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

 Мұғалім:

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

 Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің  орны ерекше.

      Мектептің байырғы ұстазы, мектеп директоры, ССР-дің Білім үздігі, жан-жақты тұлға, мектептің жанашыры, ардагер ұстаз Туюшев Равиль Рафкатовичтің еңбегімен , жан-жақтылығымен танысатын да уақыт жетті.

Видеоролик

Туюшев Равиль Рафкатұлы 1948 жылы мамырдың 11-і күні дүниеге келген. Әкесі Туюшев Рафкат Ахмедович Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Анасы Кузьминцева Антонина Александровна №5 мектеп-лицейінде сол жылдары бастауыш сынып мұғалімі боп жұмыс жасаған. Туюшев Равиль Рафкатұлы 5 мектепте (сол кезде №439 мектеп) оқып білім алып, Орал қаласындағы Мемлекеттік Педагогикалық институтынан мұғалім мамандығын алып шықты.

Равиль Рафкатұлы 1981 жылы №39 мектептің директоры қызметіне кірісті. 2013-2016 жылдар аралығында қала сыртындағы жазғы «Тұлпар» лагерін басқарды. Ол 20 жылдан астам уақытын мұз айдынында сырғанаумен айналысып, хоккей ойынының майталманы болды.

Наградалары:

1. «СССР-дің Білім үздігі» медалінің иегері

2. «1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы» мерекелік медалінің иегері

3. «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері

4. «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалінің иегері

5. 2016 жылы «Жыл адамы» атағын алды

Ол мүсінші, суретші, спортшы, коньки тебудің майталманы, хоккей командасының мүшесі, мектептің жасыл ауласының авторы, шығармашыл тұлға.

Мадина: Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Көпті көрген  әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

 Жанар: Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

Мереке: Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Қызғалдақ: Махабаты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: балаларды сағынып,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Табиғат:

Кем көрмейміз сізді ардақты әкеден
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болса,
Балалардың бақыты үшін жаралған

Асемай:

Ардақтысың, ардагерім ұстазым,
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Асем Ж:

Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз
Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Равиль Рафкатұлы төл мерекеңізбен!!!

Біз сізді құрмет тұтамыз!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Автор: Ермагамбетова Айгерим Сапарбековна

Дата: 04.11.2018

Номер свидетельства: 483512

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Шы?армашылы? кеш "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік" "
    ["seo_title"] => string(51) "shyg-armashylyk-kiesh-u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185342"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426171862"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ұстаз аты биік әрі мәңгілік!"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_2"
    ["file_id"] => string(6) "356023"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478453518"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?стаз аты - биік, ?рі м??гілік "
    ["seo_title"] => string(29) "u-staz-aty-biik-ri-m-n-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "150757"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420553845"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік"
    ["seo_title"] => string(31) "u_staz_aty_biik_ri_m_n_ghilik_3"
    ["file_id"] => string(6) "406626"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491323577"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?стаз аты - м??гілік"
    ["seo_title"] => string(16) "ustazatymnghilik"
    ["file_id"] => string(6) "258797"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448560855"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства