Просмотр содержимого документа
«"Ұстазым ұлағатым, үлгі - өнегем"»
№14 ЖОББ мектебінде «Ұстазым – ұлағатым, үлгі – өнегем» ұстаздарға арналған өзін – өзі басқару ұйымы көшбасшыларының ұйымдастыруымен 29.09.2017 күні мерекелік кеш өткізілді.
Мақсаты: «Мұғаліміңді құттықта!» ұранымен оқушыларды ұстазды қадірлей білуге, құрметтей білуге тәрбиелеу. Мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, мұғалімдерге жақсы көңіл күй сыйлау.
Фон. Музыка (Видео ролик) Бірінші бөлім: 2. Фанфары. Мұғалімдерді қарсы алу БАСТАУЫШ Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда, Күнім болып көріндің аспанымда. Білім болып егілдің жас жаныма, Гүлің болып төгілдің асқарыма. Біз дегенде ұмытып бала қамын, Қас қағымға қасыңнан тастадың ба? Бастауыш апайларым жас жадымда!
Бастауыш сынып бірлестігі
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз. Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен, География, алма апай келді деп біз жайнаймыз.
Бар ғұмырын химияға арнаған, Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған. Күлаш, Света апайлар сізге де үлкен алғыс, Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған
Жаратылыстану пәндер бірлестігі
Ағылшын тіл білген орасан зор талабы, Әрқашанда ашық - жарқын қабағы. Гүлсара, рима, Анара апайлардың әрбір берген сабағы Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады. Күнделіктен сабақ кестесін қараймын, Ағылшын көрсем, нешінші деп санаймын. Тіл үйретер гүлнар дейтін апайды, Көрейін деп мектепті тез қалаймын!
Жас ұрпаққа жалынды Сөз маржанын дарытқан. Алдындағы баламен, Тіл арқылы табысқан Орыс тілін меңгерген Үйретуді жөн көрген Балқиядай, гүлнардай, Салтанат пен ғанидай Ұстаздарымыз әрқашан, Ұрпаққа жаңа өн берген!
Гуманитарлық пәндер бірлестігі Дүниемен танысуға берген талай көмегін, Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім. Оны үйреткен Фарида мен Майра апайлар, Сіздер барда физикамен сусындап мен келемін
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен, Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен. Математик апайларға мың алғыс, Есептеуді бізге талмай үйреткен!
МИФ пәндер бірлестігі
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім, Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім. Осы тілдің ұқтырған терең сырын, Қазақ тілдің апайлары Әрқашан Сапалы да біздерге берген білім. Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Ағайлар сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп эстетикалық бағыттағы мұғалімдердей қайда бар адам?!
Құттықтау сөз
Ән: Ұстазым (Ұстаздарды биге шақыру)
Жанар: Армысыздар бұл кештің қонақтары, Халқымның әрқашан да қонақ – бағы!
Бұл не? Танымдық ойын
МИФ мұғалімдерімен
Би шашу: Флешмоб
9-10 сынып қыздары
Қызықтаймыз
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің мұғалімдерін ортаға шақырып, көңіл – күйге байланысты тапсырмаларды орындау.
Көшбасшылар: Хуанова Лаура, Муканова Аружан
Бір күндік студиядада Дамир Джубандыковпен.
Бастауыш сынып мұғалімдерін ортаға шақырып, ой бөлісу. Қызықты сұрақтар мен әуенді тапсырма орындау.
Көшбасшы: Серікқалиев Гафар (Әзіл сұрақтар)
Кім миллионер болғысы келеді? Жанар: Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ - даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!