kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стазым ?ла?атым ?лгі ?негем

Нажмите, чтобы узнать подробности

1- ж?ргізуші: Алдамасын ?міт бізді жетелесін арман?а

             ?стаздарды? ?асиетін кемітетін жан бар ма.

              Елімізді? келешегін т?рбиелеп отыр?ан

              Бас иі?дер, ?стаз деген ?асиетті жандар?а!

2- ж?ргізуші: К?з алдыма елестейді бір алып

               Келбеті де, т?л?асы да т?р аны?.

               А?ыл алып келе жатыр ?зі?нен

               ?зі?менен келе жатыр н?р алып.

1- ж?ргізуші: Міне, жадырап жаз ?тіп, алтын к?з келіп жетті. Таби?атты? осы бір жыл мезгілін ?ркім-а? сы??ырла?ан жез ?о?ырау ?німен, мектептегі м??алімдер мен о?ушыларды? са?ыныса табыс?ан ?уанышты с?ттерімен елестетеді.

2- ж?ргізуші: Ия, жа?а о?у жылымен ?атарласа келетін м??алімдер к?ні де осы к?зді? ?лесіне тиіпті. Ендеше осы білім к?шін жылжытып келе жат?ан  ?стаздар?а   деген   ??рмет   арта  бермек. Олай  болса   б?гінгі   5 «?» сыныбыны?  «?стазым  ?ла?атым ?лгі ?негем» ашы?  т?рбие са?аты ашы?   деп жариялаймыз

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стазым ?ла?атым ?лгі ?негем»


«Ұстазым ұлағатым үлгі өнегем»

ашық тәрбие сағатының сценарий


1- жүргізуші: Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!


2- жүргізуші: Көз алдыма елестейді бір алып

Келбеті де, тұлғасы да тұр анық.

Ақыл алып келе жатыр өзіңнен

Өзіңменен келе жатыр нұр алып.


1- жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.


2- жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек. Олай болса бүгінгі 5 «Ә» сыныбының «Ұстазым ұлағатым үлгі өнегем» ашық тәрбие сағаты ашық деп жариялаймыз


1- жүргізуші: Мұғалім – ұстазысың балалардың.

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


2- жүргізуші: Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп

Алдыңда әрқашан да тағзым етіп

Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.


1-жүргізуші: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржаны, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!


Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!


Ән: «Ұстазым»




1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Данышпан да, дана да оқып сенен

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең


2-жүргізуші:Бүгінгі ұстаздарымызға арналған құттықтауларымызды қабыл алыңыздар.


/ Оқушыларды ортаға шығады/


1 - жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


2 - жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Ән: «Мектебім»


1-жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.


2-жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, ағалық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Сол ағайларымызға арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар!

Турғанбаев Атабектің орындауында «Жаным әке» қабыл алыңыздар.

  1-жүргізуші:  Гүлназ , екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

1-жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,



2-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

 1-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

2-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

2-жүргізуші: Атабек, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған билеріне кезек берелік.


Қыздардың биі «Школьный хип хоп»


1- жүргізуші: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерделеткендер.


2-жүргізуші: Ұстаздар. Ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын тойларыңа тарту етем,
Арқалы ақыныңнан сый алындар.

1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Алғашқы сұрағымыз Гүлнар апайға : Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

1-жүргізуші: 2 сұрақ Айгерім апайға: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

2-жүргізуші: 3 сұрақ алғашқы ұстазымыз Асем апайға: Осыдан 3 бұрын біздерді бастауыш табалдырығынан ұшырып жібердіңіз, бүгін біздерден қандай өзгерістерді байқадыңыз және ұстаздарымызға айтар тілегіңіз?

1-жүргізуші: Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. 

2-жүргізуші:«Ұстаз» ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.







1-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам.

Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп.

Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі.

Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,білімділік,жүректілік,сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.


2-жүргізуші:   Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда сыныбымыздың биші жігіттерін ортаға шақырамыз.

Хабарлаусыз: Ұлдардың флешмобы

1-жүргізуші: Есімде мектепке алғаш келгенім,

Өз қолыңмен Әліппені бергенің.
Санай ашып Әліппенің парағын,

Әріптерді үнсіз тұрып көргенім – деп жырлаған екен. Олай болса білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстазымыз Ыхласова Асем апайға сөз кезегін береміз.


Оқушылардың тақпақтары


Оқушылар бірге: Ғұлама білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

Ғарышкерден, батырдан

Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен

Ұстаздарға мың алғыс!


ХОР:«Ұстазым»


1-жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.






2 -жүргізуші: Қуат алып күндерден алыстағы

Жүресіңдер мініп ап намысқа бір

Дерексіздер өткеннен, керексіздер

Болыңыздар бай қуатты ұстаздарым.

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Бүгінгі 5 «ә» сыныбының «Ұстазым –ұлағатым, үлгі- өнегем! » атты ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?стазым ?ла?атым ?лгі ?негем

Автор: Аманжолова Сауле Айткожаевна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315911


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства