Просмотр содержимого документа
«"Ұлы Жеңіс!" тәрбие сағаты»
10.05.17.
Тақырыбы: «Ұлы Жеңіс!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, видеоролик,. Өтілу барысы: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Оқушы: Соғыс жалмап аға - іні бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы. Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. - Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес. Мәншүктің хатын оқу. (оқушы) 1 бала: Соғыс жалмап аға - іні бауырды, Зар жылатты тыныш жатқан ауылды. Жалғызынан айырыпты ананы, Әкесінен айырыпты баланы.
Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. - Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Бәрі қосылып: За того парня әнін орындайды
2-оқушы
Әлияны бұл күнде Барлық бала біледі Әлия атты көңілде Әпкеміз деп жүреді. Аты аңыз, жыр қылып, Елдің батыр түлегі. Әр жүректе тұр күліп, Әлия атты батыр қыз. 3-оқушы: Мәншүк апай батыр қыз Ардақтаймыз атын біз! Ұқсап Мәншүк апайға Өсіп келе жатырмыз! 4-оқушы. Қайтпаған жауыннан Қаһарман Бауыржан Қан ішер фашисті Қырды ол мыңдаған. Ерлігі әрқашан Есімде сақталады Ұрпағы ұмытпайды. Өмірінен үлгі алады. - Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді. 5-оқушы: Жеңіс келді далама, Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді әке боп Елдегі көп балаға. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Солдаттар жаралы майданнан оралады. Ажал боп төнген жауына, Дауылды көктің қыраны. Оралды Алатауына, Ерліктің өжет бір әні. Таңғалтқан батырлықтарымен, Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Видеоролик (Соғыс жылдарында) Радио сөйлейді. 1945 жыл. Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: Тулақбаев Арон ата, Аяпбергенов Қамеш ата..... Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.
6-оқушы: Арылтып жаудан жерінді Табанға жаншып өлімді Жеңіспен желпіп өмірді Оралды ерлер көңілді Десеңдер бұл қай күні Тоғызыншы мамыр күні! - Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық. 7-оқушы: Жеңіс келді ән болып, Келді ауылға сән көрік Жеңіс келді алақай, Ұмытылмас мәңгілік. 8-оқушы.Жүйрік озар әйгілі Күні бүгін бәйгенің Ура, Ура балалар! Тоғызыншы май бүгін дей – келе сонымен қатар 7 мамыр отан қорғаушылар күнімен барша әкелерімізді, аға інілерімізді отан қорғау мерекесімен құттықтаймыз. Елімізде тыныштық орнасын. Халқымыз жаудан, соғыстан аманболсын.
Өлең. Сазбаздар
Сайдың серке тасындай қатар тізілген, Шеру тартқан көркіне елін сезінген Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім Қайырмасы: Ай хай қамажайым ай, салған әнің ай, ұлдар сағынғаным ай хай күтсең болғаны-ай Жалаулаған алаулап жігер күшім сен, Ауылың мен бауырың аңсағаным мен. Ән салшы, сарбазым, ұсынған тілек өзіңе назым Қайырмасы: Ай хай қара көзім ай, тұнған сезім ай, Жандырады ай хай айтқан сөзің ай Ай хай қамажайым ай, салған әнің ай, Жабырқадым ай хай күтсең болғаны-ай Қыздың серкін армандап ердің жүрегі, Азаматым боларсың елдің тірегі. Ән салшы, аруым, жүректе жанған оттай қаруым Қайырмасы: Пай пай қырандарым ай, ұландарым ай, Шарықтасын ай хай ұрандарың ай Ер жігітке аманат туған даласы, Даласына жарасар сұңқар баласы Ән салшы, сарбазым, күтумен жүрмін өзіңді жаным Қайырмасы: Ай хай тұран белім ай, айтар келім ай, аялаған ай хай ардақты елім ай Ән салшы, аруым, жүректе жанған оттай қаруым Ән салшы, сарбазым, назданып салған өзіңе әнім Ай хай қара көзім ай, тұнған сезім ай, жадырады ай хай айтқан сөзің ай Ай хай қырандарым ай, ұландарым ай, шарықтасын ай хай ұрандарың ай Ай хай қырандарым, ай ұландарым ай, шарықтасын ай хай ұрандарың ай
Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.