kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!3 сыныпта өткіздім оқушылар жақсы қатысты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!»

Қарашатау орта мектебі

Өткізген: Қыдырбаева Самал


 Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!
Мақсаты:
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
    Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
   Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н.Ә. Назарбаевтың суреті. Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы: 
Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі: Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық  тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. 
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Гаухар: 16 желтоқсанда отты оқиға болды. Сол отты оқиғадағы жастар ерлігі Тәуелсіздігіміздің бастауы болды. 1986 жылы қазақ жастары өз Отанын, жерін, ар-намысын қорғай алатынын көрсетіп, бейбіт шерудің алдыңғы сапындағы болды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова сияқты біртуар ұл-қыздар өздерінің жас ғұмырларын сарп етті. Олардың есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталады.

(Желтоқсан құрбандарына құрметпен 1 минут үнсіздік сақтайық)
Елнұр: азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып, әлімді дүр сілкіндірді. Сол сілкіністен бастау алған аззатық күресі. 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін, Қазақстан Отаным, жұртым деп білетін әрбір Қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан!

Аружан: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140тан астам ел таныды. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия, Америка Құрама Штаттары, Германия, Пәкістан мемлекеттері таныды. Қазір Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін әлем мемлекеттерінің бәрі дерлік танып отыр.

Ердаулет: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.

 Нарқыз:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті
                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                   Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Сырым:   Мерекең құтты болсын егемен ел,
     Терезең барлық елмен тең ерен ел.
    Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
     Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Аида:    Бостандық құтты болсын ерікті ел,
                  Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
                  Бостандықты аңсаған батырлардың
                  Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Талгат :   Егемен елімнің ертеңі деп,
     Елбасы баға берді жастарыма
    Оқу оқы, білім ал, елің үшін
    Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Фарида:      Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті
                    Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
    Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
     Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Асылбек : Ел болдық егеменді, теңдік алып,
     Бар әлем қазақ елін болды танып
     Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
     Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.
Айкөркем:         Ел болдық ерік алдық астаналы
    Енді кімнен қазағым жасқанады?    
    Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
    Нұрсұлтанның атымен басталады.
Гүлсезім:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
     Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
    Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
    Көркейген елім менің – Қазақстан!
«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.
Аружан:         Көз қуанып күн сайын көркеміне,
     Көңіліміз сенеді ертеңіне    «Астана» суреті
    Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
     Таңым ғана лайық ел төріне.
 Ақерке:         Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       
    Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
     Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,
     Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
 Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.
Елнұр:          Отаным – Қазақстан туған жерім,
     Мұнай мен газ болады асыл кенім
     Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
     Артамыз елбасына үлкен сенім.
Гаухар :    Ұлттық өрнек мұрамыз
     Адастырмас мұраттай
     Нық көтеріп тұрамыз
     Жалауды біз құлатпай.
Асылбек:     Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи- касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
 Ердаулет:        Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті
     Тарылмасын өрісім.
     Биік ұстау Туымды-
    Қасиетті борышым.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.   Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның   сол жағында ою - өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың   белгісі. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков

Сырым:            Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
     Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
    Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
     Алатаудай көкке өрлеген азатпен
  Фарида:       Бабам тұлпар жаратты    «Елтаңба» суреті
     Құлынын да танып ақ
     Тұлпар барда қанатты

Шайқалмасын шаңырақ.
Талгат:         Тәуелсіздік көркі ол да,
                        Өрке ниет өрінде
                        Нұр төгеді Елтаңба
                        Ақ Орданың төрінде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтанда Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағын биік, кереген кең, босаған берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынса керек. Шаңыраққа шаншылған уық сияқты жан-жаққа күн сәулелері шашылған. Елтаңбаның шетіндегі екі қанатты пырақ қазақ халқын жамандықтан қорғап тұрғандай. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Елтаңбаның авторлары- Шотаман Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Аида:     Енді бүгін өлген Туым тірілді
                    Әнұраным жалғап алды ғұмырды
                    Босағада қалып келген Елтаңбам
                    Баяғыша төріме кеп ілінді.       
Гүлсезім:     Батырлыққа уызынан жарыған
     Ер түркіні байрағынан таныған
    Өзі ақын, өзі әнші халықта
     Кім айта алар
     Болмаған,- деп - Әнұран?!
    Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салта-              натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі  өмірі мен келешек арманы айтылған. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әнұраны 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды. Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжмеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған-Шәмші Қалдаяқов.
Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.
Ақерке:          Бақтың құсы әр адамға қонып бір
    О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
     Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
     Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Қорытынды бөлім: (Мұғалім сөзі)

Ия, сонымен «тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінеміз?

-Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай, ішкі, сыртқы, мәселелерді шеше алатын мүмкіндігі бар елді Тәуелсіз мемлекет деп атаймыз.

Тәуелсіз ел атануымызға кімдердің септігі тиді?

Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаева, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты азаматтарының еңбегі сіңді.

- Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?

- Жақсы оқу, үлгілі тәртіп, үлкенді сыйлау, талмай іздену, талпыну.

Өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Ол үшін жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті оқушы болайық. Елімізді қорғайтын ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
тақырыбы: Тәуелсіз елім -Қазақстан!

Автор: Қыдырбаева Самал Лайханқызы

Дата: 08.12.2016

Номер свидетельства: 367346

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: Т?уелсіз елім – ?аза?станым!"
    ["seo_title"] => string(47) "trbiiesagatynyntakyrybytuielsizielimkazakstanym"
    ["file_id"] => string(6) "331108"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464534283"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Т?уелсіз елім – ?аза?стан» "
    ["seo_title"] => string(56) "t-rbiie-sag-atynyn-tak-yryby-t-uielsiz-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "196475"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428059120"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Та?ырыбы:   Т?уелсіз елім ?аза?стан"
    ["seo_title"] => string(37) "tak-yryby-t-uielsiz-ielim-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "275022"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452508356"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Т?уелсіз   елім-?аза?стан! "
    ["seo_title"] => string(29) "t-uielsiz-ielim-k-azak-stan-1"
    ["file_id"] => string(6) "208992"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430994377"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "«Т?уелсіз елім - ?аза?станым» ерте?гілік сценариі "
    ["seo_title"] => string(55) "t-uielsiz-ielim-k-azak-stanym-iertien-ghilik-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "169473"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423411990"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства