kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

СПИД - ғасыр дерті!

Нажмите, чтобы узнать подробности

спид ғасыр дерті. ауруды жұқтырмау өз қолымызда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«СПИД - ғасыр дерті!»

Тәрбие сағатының жоспары:

Тақырыбы: «СПИД» ғасыр індеті

Мақсаты:

а) білімділік:Оқушыларды ғасыр інтеті «СПИД» пен таныстыру, оның пайда болуы мен жұғу жодарымен таныстыру, СПИД тің әлемді жайлап бара жатқаны жайлы біршама мәліметтер беру;

ә) тәрбиелік:Оқушыларды тазалыққа, жаман әдеттерден қашық болуға тәрбиелеу;

б) дамытушылық : Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ақыл -ой, адамгершілік қасиеттерін арттыру;

Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ - жауап әңгіме;

Сабақта қолданылатын көрненіліктер:плакаттар, нақыл сөздер,қабыра газеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Бүгін 1 желтоқсан

СПИД ке қарсы күрес күні.

Мақсаты: ЖҚТБ ауруы туралы оқушылардың білімдерін молайтып, түсініктерін кеңейту, осы дерттен сақтану жолдарынан кең көлемді мәлімет беру; ауруға қарсы күрес шараларымен таныстыру; оқушылар арасында ұлттық қадір – қасиетті көрсететін кішіпейілдік, адамгершілік, шынайы достық ұғымдарын насихаттау.«Жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісінің адамның иммунитет тапшылығың вирусы» жұқпасы, оның алдын алу шаралары туралы ұғым - қалыптастыру.

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай оқушыларға ЖИТС және ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін дамытатын қажетті білім, білік, дағды қалыптастыру.

Мұғалім сөзі:

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.

Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған Ұлт жоспары-«100 нақты қадам» бес институционалдық реформасының 82-қадамының басты мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны қолжетімдікті бақылау) жайлы тапсырма берді.

Қош келдіңіздер, бүгін міне «ЖҚТБ-ғасыр дерті» атты дөңгелек үстел басына жиналып отырған себебіміз 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ-қарсы күні. Бұл күні жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауілігін түсінетің ниетке толы.

Осы жиынға арнайы шақырылған қонағымызбен таныстырып өтейін: ____________________________

Алдымен «Ғасыр» дерті деген не? Бұл кесел қайдан пайда болды?

Соған тоқталып өтейік.

(слайд)

Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.

СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен.

«Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.

1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады.

Мұғалім сөзі: ЖҚТБ(СПИД) – жұтқырылған қорғаныш тапшылығының белгісі. ЖҚТБ ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Вирус әр түрлі жолдар арқылы жұқтырылып, адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді. Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің көтеріп отырған мәселе осы ғасыр індеті.

Қонаққа оқушылардың сұрақтары:

• Бұл аурулардың қоздырғыштары не?

• Ауру қалай асқынады?

• Вирусты өлтіруге болады ма?

• Аурудың алғашқы белгілері қандай?

Жауабы: Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

• ЖҚТБ -пен ауырған адамдар неге өледі, емделіп жазылып кетуге болмайма?

Жауап: Организімде аса маңызды Т – лимфоциттер группасы азайып, дененің ауруға қарсылық күші жойылады. Одан әрі өкпе қабынып дененің терісінде ірінді бөліктер қаптайды, қанның құрамы бұзылып сепсике айналады, қауіпті ісіктер көбейеді, бұның бәрі ауруды өлімге душар етеді. ЖҚТБ -пен ауырған адамның өмірі ұзақ болмайды.

• ЖҚТБ қанша уақыттан кейін білінеді?

• Денсаулық министрлігі бүгінгі таңда осы спидке қарсы қандай шаралар ұйымдастырып жатыр ма? Жаңаөзен қаласында арнайы оралық жұмыс істей ме?

Жауабы: Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарынатқаратын 18 орталық, 64 1-зертхана бар.

• ЖҚТБ-пен ауырмау үшін алдын алу жолдарын айтып беріңізші?

Жауап: Ол үшін барлық жерде жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін дұрыс сақтау, жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек. Дәрігерлік инемен ортақ пайдаланбау, егілу керек болса жеке инемен егілу, анаша, насыбай атпау, түнгі клубқа бармау.


?(Салаутылық туралыойларын ортаға айту

Жалынды жастар үні:

САЛАУАТТЫ МАҚСАТЫҢ ӨМІР СҮРУ

Салауатты мақсатын өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Шылым мен нашақорлық сенің жауың,

Пайдалы сол-бұл жолдан аулақ жүру.

«2030-шы бағдарлама»,

Өмірің түскендей-ақ жаңа арнаға.

Денсаулықты сақтауды жолға қойды,

Айырылып бұл байлықтан қапы қалма.


Спиртті ішімдікке әуес болма

Күресу керек саған осы жолда

Денсаулық-зор байлық деп бекер айтпас.

Өмірің ей, достарым,өз қолыңда.

Нашақорлық бизнесі ауыр қылмыс,

Кетеді адам азып, тозып тұрмыс.

Сақтанып өз-өзіңе ие болғын,

Салауатты ақылмен істе жұмыс.


Шылым шегу ұрпағыңды тоздырады,

Кейпіңді алып адамдық аздырады.

Сақтан, сақтан әзәзіл ащы иістен.

Дәмін алсаң,өмірің зәрлі болады.

Өмірің болсын десең сенің сәнді,

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімі тасқан,өнері асқан,

Өзіңе сүйсіңдірер барлық жанды.

Сүйкімді ақылды бол иман жүзді,

Ғылымды үйрене біл небір түрлі.

Шылымға үйір болма, түсін соны,

Ешқашан сұрқын кетіп болма сорлы.

Болсаңдар білімді әрі парасатты,

Сыйлайтын үлкен-кіші инабатты.

Шылым мен нашақорлық болсың жауың,

Сақтай біл өз ұлтыңның дәстүр-салтын!

Абайлаңдар СПИД—тен, абайлаңдар

Мұғалім сөзі: «Аурудың емін іздегенше – ауырмаудың жолын ізде» - деп атамыз қазақ айтқандай АҚТБ ауруымен ауырмау үшін оның алдын алу шараларын білуіміз керек.

Ендеше спид туралы біз не білеміз ?

Студентерге сұрақтар:

1. АҚТҚ қандай жолдармен жұғады?

• АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда.

• Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда.

• Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда.

• Жыныстық қатынас арқылы.

• Анадан балаға (жүктілік кезінде және баланы емізгенде).

2. АҚТҚ қандай жағдайда жұқпайды?

— Қол алысып, құшақтасқанда;

— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан;

— Төсек жабдықтары мен киімнен;

— Темір және қағаз ақшадан;

— Су мен ауадан;

— Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан;

— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан;

— Жәндіктердің шағуынан;

— Моншада, саунада, бассейінде;

— Бой жазу, т.б.

3. Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады?

Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар.

ЖҚТБ (СПИД) туралы білімімізді толықтыру үшін келесі кезекті слайдтарға берейік.

АҚТҚ мен ЖҚТБ аралығындағы айырмашылығы.


Айырмашылығы

АҚТҚ ЖҚТБ

Ұсақ вирус, кәдімгі микроскоппен көруге болмайды. АҚТҚ тудыратын ауру, адам ағзасына кіріп иммундық жүйені бұзады. Вирустар әр түрлі ауруды тудырады, тұмаудан бастап, ақыр аяғы рактың кейбір түрлерін АҚТҚ – мен зақымдалғанын, яғни вирустың ағзаға кіргенін білдіреді, бірақ ауру әлі байқалмайды. Қазіргі уақытта ЖҚТБ – ге қарсы вакцина немесе дәрі жоқ. АҚТҚ – нің әсерінен иммундық жүйенің әлсіреуі нәтижесінде ағзада инфекция дамиды, ол оппортунистік деп аталады, ары қарай ол өлімге әкеліп соқтырады. Оппортунистік инфекция – бұл инфекция (туберкулез, пневмания), асқазан, ішек инфекциялары (диарея, стоматит), бас миының инфекциясы (токсоплазмоз, рак ісіктері, менингит).

Мұғалім сөзі: Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты

!

Мұғалім сөзі: Ситуациялық жағдаяттарға жауап берсеніздер?:

1. Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс:

Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

3. Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?

4. Адам тексеруге қан тапсырып, онда АҚТҚ –инфекциясы табылғанын жаңа ғана білді. Ол не сезінеді? Ол не істеу керек?

Мұғалім сөзі: Адам! Адам!

Бөлісіп уайымды –

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, дей отыра өміріміз өз қолымызда екенің ұмытпаған жөн. Келесі кезек әнге келген сияқты.

Мұғалімнің сөзі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!

Арнайы келген қонағымызға алғысымызды білдіреміз.

Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!».

Назарларыңызға рақмет!



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
СПИД - ғасыр дерті!

Автор: Жумагулова Ж.М

Дата: 11.01.2022

Номер свидетельства: 597286

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Конференция "СПИД-ғасыр дерті""
    ["seo_title"] => string(32) "konferentsiia_spid_gasyr_derti_1"
    ["file_id"] => string(6) "634226"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1687382717"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Открытый час на тему "СПИД - ?асыр дерті""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyi-chas-na-tiemu-spid-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "321368"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461262213"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Конференция "СПИД- ғасыр дерті""
    ["seo_title"] => string(30) "konferentsiia_spid_gasyr_derti"
    ["file_id"] => string(6) "619332"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1670317658"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Салтанатты жиын : АҚТБ / ЖҚТҚ (ВИЧ /СПИД) – ғасыр дерті."
    ["seo_title"] => string(53) "saltanatty_zhiyn_ak_tb_zhk_tk_vich_spid_g_asyr_dierti"
    ["file_id"] => string(6) "449549"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1515756138"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ж?Т? (СПИД) – ?асыр дерті. "
    ["seo_title"] => string(25) "zhk-tk-spid-g-asyr-dierti"
    ["file_id"] => string(6) "196370"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428050353"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства