9- 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша жұмыстарда пайдалануға болады. Сирек кездесетін мамандықтар жайында қызықты мәліметтермен таныс боласыздар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қытайда печенье ішінде жазатын «Алдын ала болжамшы автор» мамандығын кездестіруге болады. Автордың жұмысы өте көп, себебі, күн сайын қытайлықтар дәл осы печеньенің 6 млн данасын жейтін көрінеді.
«Арбористер» (латын тілінен аударғанда «arbor» сөзі – «ағаш, тал» деген мағынан білдіреді) ағаштарды күту мен оларды емдеу ісімен
«Ит тыңшысы» мамандығы Швецияда игерілген. Оларды үй жануарына салық төлемейтін қожайындардың итін іздеушілер деп те атайды. Тыңшы иттердің 20 түрлі үру мәнерін білуі тиіс.
Жапон халқы мен Американың кейбір аймақ тұрғындары «кәсіби құшақтаушы» маманына кез келген уақытта жүгіне алады.
«Суға арналған сырғанақ төбешіктерді тестілеу» маманы әлем бойынша аквапарктардың сырғанақ төбешіктерінен сырғанап, сол бойынша есептеме жазады.
Финляндияда «әр түрлі қонақ үйлерде түнеп жүретін» арнайы маман иесі бар. Ол әр мейманхананың қызмет көрсету сапасы мен алған әсерін блогқа жазып, бөлісіп отырады.
Италиядағы ірімшік қайнататын зауыттардың кейбірінде музыкалық есту қабілеті бар арнайы адамдар жұмыс жасайды. «Сазды ірімшік қайнатушылар» дайын болып қалған ірімшіктерді күміс балғамен ұрып, піскен, яки піспегенін біле алады екен.
«Құмырсқа аулаушылар» жабайы табиғатта өз бетімен өмір сүруші құмырсқалардың сапалыларын таңдап, аулап, оларды жасанды құмырсқа илеуіне орналастырады.
СИЫРҒА АРНАЛҒАН ПЕДИКЮР ШЕБЕРІ. ТҰЯҚТАРЫ НАШАР КҮЙДЕ, КҮТІМСІЗ БОЛСА, СИЫРЛАРДЫҢ КӨҢІЛ-КҮЙІ БОЛМАЙДЫ ДА, СҮТ БЕРУІ ДЕ АЗАЙЫП КЕТЕДІ ЕКЕН. ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКАДА ЭЛИТАЛЫ ФЕРМАЛАРДА ОСЫ МАҚСАТТАҒЫ АРНАЙЫ БӨЛІМНІҢ АРНАЙЫ МАМАНДАРЫ БОЛАДЫ.
ЖИҺАЗДАРДЫ СЫНАУШЫ. БҰЛ КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ ІРІ ДИЗАЙН ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЖИҺАЗ ФАБРИКАЛАРЫ ЖҮГІНЕДІ. ОЛАР ҮСТЕЛДЕР МЕН СӨРЕЛЕРДІ ТЕКСЕРМЕСЕ ДЕ, ОРЫНДЫҚТАРДЫ, КРЕСЛОЛАР МЕН КЕРЕУЕТТЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТЕКСЕРІП КӨРЕДІ.
ПИНГВИНДЕРДІ АУДАРУШЫ. ПИНГВИНДЕР ЖАҚЫН ҚАШЫҚТЫҚТА ҰШЫП БАРА ЖАТҚАН ТІКҰШАҚТАРҒА БАСЫН КӨТЕРІП ҚАРАҒАН КЕЗДЕ ШАЛҚАСЫНАН ҚҰЛАП ҚАЛАДЫ ЕКЕН. ҚҰЛАҒАН ПИНГВИНДЕР ӨЗДІГІНЕН ТҰРА АЛМАЙДЫ, ТІПТІ АУДАРЫЛА ДА АЛМАЙДЫ. СОНДЫҚТАН ТІКҰШАҚТАР ҰШЫП ӨТКЕННЕН КЕЙІН ОЛАРҒА АРНАЙЫ МАМАН КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ. ӘЙТПЕСЕ, ОЛАР О ДҮНИЕЛІК БОЛЫП КЕТУІ МҮМКІН.
ҚОЛТЫҚ ИІСКЕУШІ. БҰЛ МАМАНДАР ТЕРГЕ ҚАРСЫ ӘР ТҮРЛІ БҮРІККІШТЕР МЕН ДЕЗОДОРАНТТАР ӨНДІРЕТІН КОМПАНИЯЛАРДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. ОЛАР СЫНАМА ҮШІН ШАҚЫРЫЛҒАН ТОПТЫҢ ҚОЛТЫҚ АСТЫНА СЕБІЛГЕН СЫНАҚ ӨНІМДЕРІН ИІСКЕУ АРҚЫЛЫ ОЛАРДЫҢ ИІСІНІҢ КҮНІ БОЙЫНА ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕТІНІН АНЫҚТАЙДЫ.
МИДЫ СУЫРЫП АЛУШЫ. ҚОРЫҚПАҢЫЗ. БҰЛ МАМАНДАР МАЛ СОЮ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ОЛАР БАССҮЙЕКТЕГІ МИДЫ ҰҚЫПТЫ АЛЫП, МЕЙРАМХАНАЛАРҒА ЕШ КЕМ-КЕТІКСІЗ ЖЕТКІЗУГЕ ЖҰМЫСТАНАДЫ.