kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??гілік адамгершілік ??ндылы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: М??гілік адамгершілік ??ндылы?

Ма?саты: О?ушыларды ?айырымдылы??а, ?дептілікке, сыпайылы??а, инабаттылы??а, кішіге ?ам?ор, ?лкенге ??рметпен ізетті болу?а т?рбиелеу; сыныптас ??рбыларыны? ?адірін білуге, ?зара сыйласты? орнату?а, ата-баба салтын ?астерлеуге т?рбиелеу; о?ушыларды адамгершілікке, ж?йелі ойлау?а, топ болып ж?мыс істеуге да?дыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??гілік адамгершілік ??ндылы?»

Тақырыбы: Мәңгілік адамгершілік құндылық

Мақсаты: Оқушыларды қайырымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға тәрбиелеу; сыныптас құрбыларының қадірін білуге, өзара сыйластық орнатуға, ата-баба салтын қастерлеуге тәрбиелеу; оқушыларды адамгершілікке, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге дағдыландыру.

І бөлім.

1 жүргізуші: Оқушылардың ойын әрмен қарай өзім толықтырамын. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. «Өзің үшін еңбек қылсаң,дейді Абай,-өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. «Досыңа достық-қарыз іс,дұшпаныңа әділ бол».Ақылды,мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді.Арлы адам-ардақты адам.Арымыз таза болса,тарихымыз да таза.
2 жүргізуші: Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі-адалдық,ол өмірде қымбат асыл қасиет,асыл мінез,ашық,шыншыл қарым-қатынас. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік ашу, ызақорлық. Кезекті адамгершілік туралы өлеңдерге берсек:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз. 

2.….Ынсап,рақым,ар,ұят,сабыр,сақтық

Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.

Ынсап деген аспайды,кем қалмайды,

Орнын таппай ол,сірә,қозғалмайды.

Рақым жақсы көреді аяғанды,

Адамға қаттылықты ойға алмайды. 

Ар демек –адамшылық,намыс деген,

Арың кетпес жағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес  күншіл болып,алыс деген.

3. Сабыр деген-әр іске шыдамдылық ,

Қатты керек адамға бұл бір қылық

Қол жетпей талай жан ізденеді,

Осыдан көп шығады адамшылдық. 

Сақтық деген-әрқашан  байқап жүрмек,

Пайда ма, не залал ма,ескерілмек.

Өргенін,естігенін есепке алса,

Сонда оңай әрбір істі  ойлап білмек.


ІІ бөлім.

1 жүргізуші: Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды
Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Кезекті күйге берсек.

Бурабай Бекарыстың орындауында «Келіншек» күй.


ІІІ бөлім.

2 жүргізуші: Келесі кезекті мақал-мәтелдерге берсек:

Жаман адам кетсе,

Дүние кеңіп қалғандай.

Жақсы адам кетсе,

Дүние кеміп қалғандай.

 

Жақсының соңынан көп ереді,

Жаманның соңынан шөп ереді.


Ана алдында - құрмет,

 Ата алдында қызмет. 


Болар адам – он бесінде бас болар,

Болмас адам – қырық бесінде жас болар.

  

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

 

Адамгершілік болмай, 

Әділдік болмас. 


Адамның ұяты бетінде , 

Адамгершілігі ниетінде. 


Асыңа тойғызбасаң да, 

Ақ ниетіңе тойғыз. 


Кең болсаң, кем болмайсың. 


Жүзігің алтын болғанша, 

Жүзің жарқын болсын. 


«Сіз» деген әдеп, 

«Біз» деген көмек. 


Өзіңді өзің сыйламасаң, ,

Өзгеден сый күтпе. 


Жақсыға қылған жақсылық

Өміріңде тозбайды.

Жаманға қылған жақсылық

Бір күнгідей болмайды.


Кішіпейілділік - кісінің көркі. 

Ақылың болса, арыңды сақта, 



Ар ұят керек әр уақытта. 


Адам болып туған соң,

Адам болып өлу лазым. 


Еңкейгенге еңкей,

Атаңның қара құлы емес.

Шалқайғанға шалқай, 

Пайғамбардың ұлы емес. 


Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, 

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без. 


Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің. 


ІV бөлім.

Көрініс: «Мәңгілік адамгершілік құндылық»


V бөлім.

«Жетім қыздың монологы» орындайтын Есей Алтыншаш.

Балалар үйінің терезесінен үнемі сыртқа қараймын да отырам. Сол сырттан әлдекімді күтем. Әлдекім деген мама, ол сенсің. Білесің бе, мама? Үнемі орындығымды осында әкелемін де сені күтіп отырам. Мам, мен сені сондай қатты сағындым. Ал кейде ...түсімде шашы ұзын әйелдің сұлбасын көрем. Оны өзімнің анам деп, артынан жүре бергенімде, сұлба ғайып болады.  Кейін оның жай ғана түс екенін біліп, жылап та алам. Білесің бе, мама? Еше мені тәрбиеші апай ұрды. Жо жоқ, ештеңе істегенім жоқ. Тек жай ғана дәл осы жерде сені күтіп  отырғам. Кенет сырттан жүзі жылы әйел бейнесін көріп, оны өзімнің анам екен деп, мені алып кетуге келді деп, менің осы жерде отрғанымды қаламадығой деп: -МАМА! МАМА!МАМА! Мен мұндамын, мама!! Деп айғайлай бергенімде терезе алдындағы гүл жерге құлап қалды. Тәрбиеші апай көріп қоймасыншы деп тез тез жинай бастағанымда тәрбиеші апай келіп қалды да ұра жөнелді, мама. -Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым дегеніме қарамастан ұра берді. Мама, білесің бе сол апайдың маған не дегенін?-Әй жетімек, сен әке шешеңе керек болмағанда, маған қайдан ғана керексің? Деді де ұра берді... сол апайдың ұрғаны мына жер, мына жерім...көгеріп ауырып барады, мама....Мама,мені мына жетімдер үйінен қатты қиналып кеттім. Өтінемін! Кел де мені алып кетші, мама! Уәде берем. Бұзық болмаймын, мама!Адам емес, хайуан да өз баласын қорғаштай береді емес пе? Сен хайуан емес, адамсың ғой ,мама! Сен менің анамсың ғой, мама!Тәңірім, кішкентай ғана бала жүрегіммен  жалынып сұраймын! Менің анашыма титтей болса да мейірім шуағын төкші! Сөйтсін де бұл жерден құтқарсыншы.... Осы тірлігімді қабыл алшы, мама....Мама,  мама , мен сені сооондай қатты сағындым, мама.


1 жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты адамгершілік қасиеттерді жоғалтпай, бойымызға тек жақсы қасиеттер жинап, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен ізетті болуға үйрету болатын. Осымен бүгінгі «Мәңгілік адамгершілік құндылық» атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
М??гілік адамгершілік ??ндылы?

Автор: Мунайтбасова Мадина Болатбековна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289071

Похожие файлы

object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Қоршаған орта "Өрт тілсіз жау""
    ["seo_title"] => string(30) "korshagan_orta_ort_tilsiz_zhau"
    ["file_id"] => string(6) "477460"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1536592106"
  }
}
object(ArrayObject)#888 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Адалды?-адамны? ісі""
    ["seo_title"] => string(17) "adaldykadamnynisi"
    ["file_id"] => string(6) "274004"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452323185"
  }
}
object(ArrayObject)#866 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі."
    ["seo_title"] => string(61) "ok_ushynyn_oiy_mien_bielsiendilighin_damytudag_y_oiynnyn_roli"
    ["file_id"] => string(6) "418831"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495822260"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства