kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен өз елімнің патриотымын тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час на тему:"Я патриот своей страны!". Цель воспитательного мероприятия - воспитание чувства партиотизма

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен өз елімнің патриотымын тәрбие сағаты»

М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі


БЕКІТЕМІН” Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Ж.Махмудова







АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ



МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!









Өткізген: 6б сынып жетекшісі

Абдирова Самал Зайнуллақызы












Сайқын ауылы

2016-2017 оқу жылы


Уақыты: 1 қыркүйек 2016жыл

Сыныбы:



МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН!


Тәрбие сағатының мақсаты:


  • оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру;

  • оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;

  • оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;

  • оқушылардың Отанына деген патриоттық сезімі мен мақтанышын ояту;

  • көшбасшылық қасиеттері бар азамат және патриот қалыптастыру.



Тәрбие сағатының көрнекілігі:


  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы;

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі;


Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация




Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біздің Республикамыздың әр мектебінде «Мен өз елімнің патриоты!» атты тәрбие сағаттары өтуде. Сіздер, 6б сыныбының оқушылары, өз еліңіздің жанашыры, патриоты, топ жаратын көшбасшылары болатыныңызға мен толықтай сенемін.


Ал енді оқушылар, барлығымыз бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап «Сәлем, туған Жер, сәлем, Отаным!» деп дауыстайық.

Отан,Отан!!!Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!


  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады? (Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)


демократиялы зайырлы



құқықты көпұлтты



әлеуметті біртұтас



Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан!


  • Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)


Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді. (А.Бөкенов)


1оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.










2-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

3-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

4-оқушы: Шаңырақ – Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр





5-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.


6-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы,елтаңба,әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

7-оқушы:

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.























«Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:

“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

Ермек Өтетілеуұлы.

8-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындарыПрезидент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.


9-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.


Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жанарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән: “Астана – бас қала”


10-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

(Әнұран айтылады)

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)


Біз кімбіз?” ой-толғанысы



Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар оқушылармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз






Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін болашақ

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

балалармыз.


Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.



Жүргізуші: Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі.Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы мемлекет.

Жүргізуші: Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.



«Кім боламын?»

Оқушылар, мен сендерге кішігірім ұшақтар таратамын, ал сендер сол ұшаққа өз арман-тілектеріңізді, қандай мамандық иесі болғыңыз келетін туралы өз ойларыңды жазыңыз. Жыл соңында осы ұшақтарыңыз өздеріңізге қайта ұшып оралады, сол кезде армандарыңыз өзгергенін немесе өзгеріссіз қалғанын салыстырамыз.

Жүргізуші: Елім менің!

Қазақстан – менің туған анамсың,

Өзгеде жоқ, өзімде бар даламсың.

Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,

Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.

Елім менің атыңды атап ер жеттім,

Ақ сүт беріп, әлдиіңмен тербеттің.

Тербеттің де, құдіретті сөз бердің,

Тек өзіңе тең биікпен сөйлетің.

Соның бәрін көрскттірген өзіңсің,

Ғажаптармен жол шектірген өзіңсің.

Қазақстан, менің Қазақстаным!

Сөзімсің де жұртқа қарар көзімсің!

Хор: “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні”

ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов


Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»



Қорытынды:

Міне, балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екен. Ата Заңымызбен де елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады.

Өркениет көшіне бетті бұрдық,

Қазақстан, мәңгілік жансын бағың! – деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Мен өз елімнің патриотымын тәрбие сағаты

Автор: Абдирова Самал Зайнуллаевна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377747

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен Қазақстанның патриотымын тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "mien_k_azak_stannyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "405180"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490895877"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Мен елімні? патриотымын "
    ["seo_title"] => string(25) "mien-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "177292"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424615238"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Мен өз елімнің патриотымын!" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(46) "mien_oz_ielimnin_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty_1"
    ["file_id"] => string(6) "454693"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1517756273"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Мен -?з елімні? патриотымын!" "
    ["seo_title"] => string(28) "mien-oz-ielimnin-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "164008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1422555441"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства