Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тілім –мені? тілім »
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан кәсіптік - педагогикалық колледжі
«Мемлекеттік тілім –менің тілім»
Өткізгендер: Жусупова А.Т.
Капасова М.И.
Балгарина Б.А.
Петропавл қ, 2013
Мемлекеттік тілім –менің тілім
Мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой- өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр- сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Көрнеліктер: слайдтар, тіл туралы заң жазылған буклет, қолөнер көрмесі.
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ.
Н.Ә:Назарбаев.
І. Қ. Р. Гимнін орындауы. (Слайдтар Қазақстан туралы)
Сабақтың барысы:
І Күй Құрманғазы «Әңгіме»
1 Жүргізуші - Мен саған осы тіл не үшін керек? Деген сұрақты қойғым келіп отыр.
2 Жүргізуші - Досым- ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінесу үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл- қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?
1 Жүргізуші -Ал, халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқанадам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!
2 Жүргізуші:- Біздің ана тіліміз - қазақ тілі.Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл ғой.
1 Жүргізуші:- Иә, иә оның рас, 1995 жылы 30 тамызда қабылдаған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал, 1997 жылы 1 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4 –бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылды.
2 Жүргізуші - Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл- көп ұлтты елдің барлық халқын саяси- мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
1 Жүргізуші - Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен- кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Бәрі: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік!
1.Туған тілім. Дихан Әбілев.
1) Туған тілім- бабам тілі- өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілім- анам тілі- өз тілім! Туған тілде әні менен сәнім бар
Туған тілім- далам тілі- өз тілім! Туған тілім тіл болудан қалса егер
Туған тілім- бабам тілі- өз тілім! Журегімнен суырып- ақ алыңдар.
Туған тілім- тірлігімнің айғағы, Тілім менің!
Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Ұлы Абай, Мұқтардай пірім менің,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Тұнығым, рухани жан азығым.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. Ол бүлінсе мен де бүлінгенмін.
2.Дәулет деген- Ұғыңдар!
Кеше болса, бүгін жоқ.
Тілің болса- күнің бар,
Тіл болмаса – түгің жоқ!
Тілім –шипам да, дәрім де,
Мәңгүрт болып күн көрем.
Абыройдың бәрін де
Маған осы тіл берген.
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесі тілімнің
Көтеремін ту қылып.
Ақын көзі жұмылмас,
Жырдың көзі жұмылмай
Елдің туы жығылмас,
Тілдің туы жығылмай.
2 Жүргізуші :
Соңғы жылдары ана тіліміздің мемелекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр.
1 Жүргізуші Ол үшін халқымыздың ата –бабадан келе жатқан асыл мұраларын, тұрмыс- салтын, үлгі –өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда , тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына а дал болайық.
3. Сүйемін туған тілді- анам тілін.
Сүйемін туған тілді- анам тілін. Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Бесікте жатқанымда- ақ берген білім. Дәстүрім бар. Ата жолы салтым бар
Шыр етіп жерге түскен минутымнан Кең даладай жиналмаған жан- жағы
Құлағыма сіңірген таныс үнім Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.
Тілім менің ерлігім де елдігім, Ежелден ұлы еліміз ірі іргелі
Тілім менің- мөлдірлігім, пәктігім, Менің тілім Қаз дауысты Қазбек
Ойлылығым, Тереңдігім, Теңдігім. Әйтеке мен Төле бидің тілдері.
4 Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ең екінші бақытым – тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түнілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген,
Кім мықты десе біреу, -Отан дер ем.
Отын сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен.
2 Жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! ( Ғ.Мүсірепов)
1 Жүргізуші: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген
I жүргізуші:
«Ел бірлігін сақтаған бабаларым»
Слайдтық көрініс.
Сахналық көрініс:
Тәуке хан:
Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпай қалың қалмақ.
Артында – ор, алдында – көр, жан-жағы жау...
Қазақ елімізді қалай сақтаймыз?
Ұлан- байтақ жеріміздіжақтан анталаған жаулардан қалай қорғаймыз?
Қазақ халқының бойында ерлік, елдік, намыс сияқты асыл қасиеттерді өшпей, ұлттың ұлылық сезімін қалай сақтаймыз?
Төле би:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу - қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса, –
Бәрінен де сол жетім.
Қазыбек би:
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын,
Бауырмал болса- інің жақын,
Инабатты болса – келінің жақын.
Сыйлас болса- нағашың жақын.
Туып - өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Әйтеке би:
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып, елге пайдаң тимесе,
Батыр болып, жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін.
Бүркіт бол, заманының түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса,
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қар жарған әділ болса.
«Жеті жарғы»
Тәуке хан: -Көтеріліс жасап бүлік шығарған кісілерге , өлім жазасы бұйырылсын
Төле би:- Түркі халықтарының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
Қазыбек би:-Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйрылсын
Төле би: -Ұрлық, қарақшылық, зорлық - өлім жазасы.
Ұрланған жылқы өзге де құнды мүліктер үшін он есе артық айып төленсін.
Әйтеке би:-Анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесілсін..
Қазыбек би:
Қан араластыру (жеті атаға дейін) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылсын.
Әйтеке би:- Құдайға тіл тигізген адам таспен атып өлтірілсін.
Ата – анасына тіл тигізген (адамды) ұлды қара сиырға мінгізіп, ауылды айнала шапқылатылсын.
Тәуке хан: - Менің бұйрығым.
«Жеті жарғыны» бүкіл қазақ еліне жарияландар!
АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ...
2Жүргізуші:
ТІЛ СЫРЫНА САЯХАТ
Дүние жүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді.
1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда қарағанда 5661 тіл бар екен.
Қазіргі дүниеде 2796 түрлі тіл қондырылған. Қолданылатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл- 13. Егер бұл тілдерді қолданылатын жан санының аз- көптілігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді- ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
1 Жүргізуші:
Полиглоттар тарихынан қызықты деректер
Шығыс ғұламасы Әл- Фараби 70- ке жуық тілді меңгерген.
А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
Ұлы Абай орыс- қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
2 Жүргізуші: Біздің колледждің студенттері көркем сөз шеберлері қалалық сайыстарына қатысып, 1 орындарға ие болып жатыр.
Матвеева Юлия –Абай оқуларында-1 орынға ие болды
Әлікен Дария - Оралхан Бөкейдің атындағы қалалық сайыста - 1орынға ие болды
6. Абай өлеңі - Матвеева Юлия
М.Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» Әлікен Дария
2-жүргізуші 1- жүргізуші
Ана тілін білмеген Ана тілі- үш қуатың
Сарғайтады санасын Ана тілі- кәусар суатың
Ана- тілін білмеген Ана тілі- бағыт бағдарың
Түсірер өз бағасын Ана тілі- арман мұратың
7. Сенің әрбір тынысың күн кешем.
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем,
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім!
8. Ұйықтасам ана тілде күбірледім,
Оянсам,сөйлеп кеттім, кідірмедім.
Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,
Бітпейді менің одан бұрын демім.
Сырласпай адамдармен тұра алмаған,
Бұл тілге- жарық күнге жыр арнағам.
Жоңғармен шайқасқанда осы тілде,
«Ақ жолдап» бабаларым ұрандаған.
2 Жүргізуші:
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге көп көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік тіл мәселесі ұлтжанды адамдарды толғандырады. Көптеген мекемелерде, оқу орындарында, ұйымдарда қазақ тілі оқытылып, тілге ынта қоюшылар көбейіп келеді, сонымен қатар іс- қағаздар, құжаттар мемлекеттік тілде жазылып жүргендігін көруге болады. « Тіл- халық қазынасы. Сөз- сол қазынаның байлығы. Қазына болған соң, оны игілікке жаратпаққа керек»,- дейді ғалым Рабиға Сыздықова. Сондықтан тілімізді, дінімізді, салт- дәстүрімізді ұмытпайық, сақтайық.
1 Жүргізуші:
Тіл туралы көптеген өлеңдер оқыдық, көп рақмет. Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр- сырын танып білу әр азаматтың қолынан келетін дүние.
2 Жүргізуші:
Тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық! Қожаберген жыраудың «Баба тілі» өлеңімен аяқтаймыз.