kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мамандықтың сан қырлары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мамандық таңдауда қателеспеген жөн. Мамандықтың бірнеше түрі бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мамандықтың сан қырлары"»

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:Оқушыларға кәсіптік бағдар бере отырып,болашақ мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру,әр мамандықтың қызығы мен қиындығын жете ұғындыру.Ойлау,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.«Мамандығым-мақтанышым»тренингі

II.Негізгі бөлім

1.Мамандық дегеніміз не?

2.Мамандық түрлері

3.Тапсырма №1

4.Мамандық таңдау факторлары

5.Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

6.Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген.

7. Мамандықтар тізбегі

8.«Әріпті мамандық»- ойыны.

9.Ситуациялық жағдайларды шешу

10.«Менің мамандығым»

11. «Ең жақсы» ойыны.

12. Қорытынды
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен  ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Бәріміз де алдымен мынадай «Мамандығым-мақтанышым» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

-          Бұлар кімдер?

-          Мұғалім

-          Тігінші

-          Аспазшы

-          Заңгерлер

-          Жол сақшысы

-          Өрт сөндіруші

-          Әртістер

-          Суретшілер

-          Дәрігер

-          Құрылысшылар , т.б.

-          Сіздер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?

-          Мамандық

-          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы» Яғни келешектегі мамандықты дұрыс таңдау.

ІІ. Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың қысқаша жауаптарын тыңдау.

1 Мамандық дегеніміз не?

  • Білім алу.

  • Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

  • Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі.

-белгілі бір іскерліктердің болуы

Мамандық дегеніміз -адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.

Мамандық түрлері:Банкир.Ұстаз,Әнші,Биші,Депутат т.б.

Тапсырма 1

Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді,дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр

Тренер...........................................тапқыр

Дәрігер..........................................әділ

Мұғалім........................................өте ақылды

Журналист...................................шыдамдылық

Механизатор..................................өз мамандыығын жетік білу

Құрылысшы.........................ой-өрісі жоғары

Заң қызметкері.....................мейірімді

Өнер иесі.................................мәдениетті



2. Мамандық таңдау факторлары:

1Отбасы

2Мұғалім

3Қабілеті

4Беделі

5Досымен бірге

6Тәжірибенің болуы

7Оқудың жақын орналасуы

3.Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

  • Компьютерді білу

  • Біренеше тілді,ағылшын тілін білу.

  • Адамдармен қарым-қатынас жасай білу.

  • Тез шешім қабылдап,бастамашылық жасау.

  • Үнемі білім алуға,қайта оқуға бейіміділік.

4. Е.А.Климов мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеген.

«Адам-техника»-техникасаласына байланысты мамандықтар

«Адам-адам»-қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар

«Адам-қоршаған орта»-өсімдіктану,жануартану,орман шаруашылығы,айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар.

«Адам-белгілер жүйесі»-есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар

«Адам-көркем образ»- өнер саласындағы мамандықтар.

Тренинг

« Карусель » жаттығуы.

Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.

Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.





5.Мамандықтар тізбегі:

1.Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы қызмет түрлері

Металл құюшы

Мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор

Бульдозерші,грейдерші,краншы

Радиоэлектронды аппаратура мен аспаптарды құрастырушы

Фрезерлік-көшіруші станоктардың станокшысы

Тас қалаушы гранитшы

Паркет төсеуші

Электрмен дәнекерлеуші

Ағаш ұатсасы

Токарь

Слесарь-сантехник

Арматуршы

Тас қалаушы

Газбен дәнекерлеуші

2.Жеңіл өнркәсіп саласындағы қызмет түрлері

Тоқымашы Жіп иіруші,тоқушы

Тігінші-моторшы Аяқ киім тігетін шебер

Шыны балқытушы Көзеші(қыш бұйымдар жасаушы)

3.Білім және Гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлері

Архивші Кітапханашы

Тәрбиеші Тарихшы,археолог

Мұражай жұмысының әдістемешісі

Психолог Әлеуметтанушы

Спорт жаттықтыррушы Мұғалім,оқытушы

4.денсаулық сақтау және медицина саласындағы қызмет түрлері:

Аллерголог-дәрігер(Физиотерапевт –дәрігер)

Анестизиолог-рениматолог-дәрігер (Соттық-медициналық сарапшы дәрігер)

Эпедимолог-дәрігер

Онколог-дәрігер (Терапевт дәрігер)

Травматолог-ортопед-дәрігер ( Педиатр-дәрігер Инфкекциялық дәрігер)

5.Құқық қорғаужәне сот органдары,заңгерлік саласындағы қызмет түрлері:

Адвокат Жауап алушы

Сарапшы-криминалист Жол полициясы инспекторы

Миллиционер Тергеуші

Судья Прокурор

Заңгер

6Өнер саласындағы қызмет түрлері:

Сәулетші Суретші,мүсінші

Дизайнер Дирижер

Актер Қазақтың халық асапатарын жасаушы

Биші Көркем-безендіру жұмыстарын орындаушы

Зергер

7.Сұранысқа ие мамандықтар:

Бренд-менеджер-тауарды сатуды ғана емес,оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман.

Логистик-жүк тасымалын қадағалайтын маман.

Супервайзер-сауда өкілдерінің жұмысын қадағалайтын жаңа бағыттарды айқындайтын маман.

Веб-мастер-сайт жасаумен шұғылданатын маман.

8.Жаңадан пайда болған мамандықтар:

Маркетолог

Менеджмент

Программист

Оператор

Банкир

Брокер

9. «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының   қыр- сырын айту керек. 

     І- топ: «А», ІІ- топ: «Д» III-топ:«Ж»

10.Ситуациялық жағдайларды шешу

1)Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2)Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

3)Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
4)Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
5)Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
6)Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
7)Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
8)Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?

11.«Менің мамандығым» деп аталатын шығармашылық тапсырма: Әр оқушы өзінің болашақта кім болуды армандайтындарын айтсын.
10. «Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист.
Ең жасыл- эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі- клоун, карикатурашы.
Ең жауапты- сот, бухгалтер.
Ең салмақты-мұғалім,заңгер.
Ең қарым-қатынасы күшті-бизнесмен

Қорытынды:Мамандықтың жаманы жоқ әлемде,

Жаман қылған жалқаулар бар әр елде.

Сондықтан да жалқаулықты тастайық,

Игі істермен өмір жолын бастайық!

Оқыған маман – шын маман,

Мамандық алмай қоймайық.

Үйренем десең жалықпа,

Мамандық сырын анықта.

Қолыңнан жұмыс келмесе,

Тие ме пайдаң халыққа?

Еңбектің бәрі- мамандық,

Жер-көктің бәрі- мамандық.

Білуге бәрін талаптан,

Танытып нағыз адамдық.

Психолог:

-Оқушылар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабағымыздың түйіні ретінде,алдарыңыздағы стикерге сабақтан алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып, «тілектер ағашына »ілеміз.

-Сабақ сендерге ұнады ма? 
-Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық? 
- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін не істеуіміз керек? 
(Оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.) 

Қорыта айтқанда, алтыннан да қымбат уақытымызды босқа өткізбейік, болашаққа деген сеніммен өмір сүрейік! Бүгінгі сабағымыз мамандықты дұрыс таңдауға аз да болса дұрыс бағдар берді деген сенімдемін. Жоғары оқу орындарының студенттері атанып, үкілеп үміт артып отырған ұстаздарымыздың, ата-аналарымыздың зор сенімдерін ақтайық!

. Ж. Аймауытов айтқандай

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

Егеменді еліміздің ертеңі – маман  иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Қатынасып отырғандарыңызға рахмет!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Мамандықтың сан қырлары"

Автор: Хамзина Айнагуль Есмагуловна

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Ойлан, тап"
    ["seo_title"] => string(9) "oilantap2"
    ["file_id"] => string(6) "336483"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1467174945"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ізгілік н?рын шаш?андар""
    ["seo_title"] => string(28) "izghilik-nu-ryn-shashk-andar"
    ["file_id"] => string(6) "247424"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446558713"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "«???ы? б?зушылы? ж?не жас?спірім» "
    ["seo_title"] => string(39) "k-u-k-yk-bu-zushylyk-zh-nie-zhasospirim"
    ["file_id"] => string(6) "242869"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445561312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Жа?а мектеп– жа?а м??алім"
    ["seo_title"] => string(32) "zhan-a-miektiep-zhan-a-mu-g-alim"
    ["file_id"] => string(6) "251362"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447236491"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Ж?зі?  жылы,??ша?ы?  ке?  ?стазым!"
    ["seo_title"] => string(30) "zhuzinzhylykushagynkienustazym"
    ["file_id"] => string(6) "294459"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455644314"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства