Сабақтың басы | Сабаққа қатысты терминдер: Бала құқығы деген— балалардың өмір сүруі мен өсуіне жағдай жасау. Құқық-адамдардың тәртібін,қарым-қатынасын реттеп отыратын ережелер жиынтығы. Мемлекет белгілеп қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы Міндет-адамдар бұлжатпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап. | Терминдер мағынасын түсінеді. | Оқушылар сұраққа жауап беруі бойынша мақтау сөздер айтып отырамын | презентация |
Сабақтың ортасы | І. Кіріспе сөз. Оқушылардың назарына келесідей жәйттерді назарға алуды ұсынамын: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстегі 127-бап бойынша бала себепсіз 10 күннен астам мектепке келмесе, алдымен ата-анасымен жұмыс жасалынады. Тағы да қайталанса, мектептің ұсынысымен кәмелетке толмағандар ісіне арналған комиссияда қаралады да, әрі қарай полиция департаментімен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы. 434-бап. Ұсақ бұзақылық 1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылыс жайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 20 қараша – бұл дүниежүзілік балалардың құқығын қорғау күні Бұл күнді « Балалар құқығы» туралы халықаралық Конвенциясы қабылданған. Барлық дүние жүзіндегі балалардың құқықтары арнайы «Балалар құқығы туралы» Конвенцияда жазылған.Бұл құжат 1989 жылы 20-қарашада БҰҰ-да қабылданды.Бұл ұйым екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиды,яғни,олардың өмір сүру құқығын шектеді.Сол себепті осындай соғыстардың болдырмау мақсатында барлық дүниежүзіндегі халықтар БҰҰ-на бірікті. Топтық жұмыс.Бейнесюжет көрсетіледі. | Оқушылар бір біріне сұрақтар қойып пікірлеседі. І топ: Баланың іс әрекетіне баға береді ІІ топ Зияндар заттарға пікір білдіреді ІІІ топ Құқық бұзушылықты анықтайды. ІV топ Кейіпкерлерге мінездеме береді | Оқушылар өз ойларын айтуы бойынша мақтау сөздер айтып отырамын (керемет,өте жақсы) | Интербелсенді тақта/ компьютер |
Сабақтың соңы | Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды.Олай болса, құқықтық мемелекетті нығайту мектеп оқушылары өмірінен басталатынын естен шығармайық. | Оқушылар әділдік пен жауапкершілік туралы қорытындылап айтады | Оқушыларды мақтап, адалдық пен еңбектің өмірдегі рөлін түсінгендерін айтып мақтаймын | презентация |