kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект для класного часа

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Ата –бабаларыны? т?рбиесінде ?лкен жауапкершілікте екенін,т?рбиені? ?са?-т?йегі болмайтынын сезіндіре отырып, о?ушыларды? сана-сезімін, а?ыл, ойын, ір баланы? ?зіндік ерекшеліктерін дамыту, ?мірге к?з?арасын, ?ызы?ушылы?ын, адамгершілік нормаларын ме?геріп, асыл-м?ра?а жататын н?рселерді зерттеу.

К?рнекіліктер: Жайыл?ан дастархан, слайд.

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру

Класс жетекшісі:Балалар,б?гін бізді? ?йымдастырыл?ан саба?ымыз?а ?она?тар келіп отыр.?ане б?ріміз ?она?ымызбен амандасайы?.

Білер ?аза? баласы,с?лем с?зді? анасы.

Алдымыздан кезіккен,к?п танысты к?реміз.

Б?ріне де ізетпен,біздер с?лем береміз!

1-бала:?айырлы к?н,к?ліп шы?ты к?н б?гін!

2-бала:С?леметсіз бе!

3-бала:Есенсіз бе!

4-бала:Амансыз ба!

5-бала:Б?ріміз к?ндей жар?ырайы?!

6-бала:Б?ріміз дос болайы?!

Барлы?ы:   Б?ріміз тату болайы?!

(шашу шашу)                                                                 ІІ. Жа?а саба?ты хабарлау

М??алімні? с?зі:?аза? хал?ыны? ?лтты? м?дени игіліктеріні? ішінде, елді? рухани ?азынасында бата с?здерді? м?н-ма?насы, ?адір-?асиеті айры?ша ба?алы. ?йткені, ?анымыз?а сі?істі, жанымыз?а ж??ымды, ой-санамыз?а н?рлы шуа? сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, мар?айтып ?анаттандыратын осынау а?ыл,на?ыл с?здер-т?рбиені? бастау б?ла?ы. Олай болатын болса ??рметті ?она?тар о?ушылар «Бата ж?не оны? т?рлері» атты класс са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

Исламбек:       ?аза? баталасуды – елдікті?, тектілікті?, азаматты? ?асиетті? белгісі деп таниды. Бата беру – адал ниет, жа?сы тілек білдіруді? ?лтты? д?ст?рі. Данаг?й бабаларымыз: «Жауынменен жер к?герер, батаменен ер к?герер», – деп айтып кеткен ?ой. Халы? а? батадан рухани ?уат алады, ол жа?сылы??а жол ашады деп сенеді. ?аза? хал?ында бата беруді? ?зіндік орны мен жолы, ж?ні бар. Сонды?тан хал?ымыз ежелден-а? ?адірлі ?ариялардан, ата?ты батыр, билерден, шашасына ша? ж??пайтын шешендер мен ар?алы а?ындардан бата алу?а ??штар бол?ан. ?она?тар ішінде ?лкен адам болмаса, к?пті? р??сатымен, жас болса да бас боларлы? жолы, ж?ні бар адам береді. Ерлер отыр?анда ?йел бата бермейді. ?йелдер арасында с?з білетін бір ер бала отырса, ?уелі сол бата беруге тиісті. Бата к?зі тірілерге ?ана емес, аруа?тар?а да жасал?ан. Батаны? ?ыс?асы да, ?зыны да болады. Т?рлері де ?р т?рлі. М?ны? б?рі бата берушіні? шешендігіне, а?ыл-ой, парасатыны? д?режесіне ты?ыз байланысты. Егер де с?здері асыл болса, ол а? ниетпен айтылса, ?ыс?а батаны? да, ?зын батаны? да ?адір-?асиеті, ??діретті к?ші бірдей.

Айгерім: ?аза? д?ст?рінде, бата жасап, бас кескен ?ариялар, алдымен, басты? езіуінен бір кесіп алып ?зі ауыз тиген со?, басты? о? жа? ??ла?ын кесіп алып, ?йдегі жасы е? кіші балаларды? біріне: «м?, балам, ??йма ??ла? бол, с?з ты?да, ?лкендерді? лебізін жерге тастамайтын жа?сы азамат бол!» деп береді. Б?л «??ла? беру» деп аталады. ?арияларды? балалар?а ??ла? кесіп беруіні? ?лкен т?лім-т?рбиелік м?ні бар, я?ни, жасынан ?арияларды? ?олынан ??ла? жеп, ?сиеттерін ты?дап ?скен бала ?лкенді сыйлап, кішіні аяла?ыш, с?з ты?да?ыш, с?з ?адырын т?сінгіш, а?ылды, білімді азамат болып есейеді. ?депті, ибалы болу?а да?дыланады.

М??алім: Батаны? ?андай т?рлері бар?

Айгерім:  1. Негізгі.                 2. Лебізді.

М??алім: Негізгі баталарды? т?рін айта ?ойшы.

Айгерім: А? бата, теріс бата, серттесу батасы, са?ты? бата, батаг?йлік.

М??алім: Олай болса осы баталар?а ма?л?мат беріп жіберейік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект для класного часа »

Сабақтың тақырыбы: Бата және оның түрлері

Сабақтың мақсаты: Ата –бабаларының тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін,тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіре отырып, оқушылардың сана-сезімін, ақыл, ойын, ір баланың өзіндік ерекшеліктерін дамыту, өмірге көзқарасын, қызығушылығын, адамгершілік нормаларын меңгеріп, асыл-мұраға жататын нәрселерді зерттеу.

Өткізетін орны: № 11 кабинет

Көрнекіліктер: Жайылған дастархан, слайд.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Класс жетекшісі:Балалар,бүгін біздің ұйымдастырылған сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қане бәріміз қонағымызбен амандасайық.


Білер қазақ баласы,сәлем сөздің анасы.


Алдымыздан кезіккен,көп танысты көреміз.


Бәріне де ізетпен,біздер сәлем береміз!



1-бала:Қайырлы күн,күліп шықты күн бүгін!


2-бала:Сәлеметсіз бе!


3-бала:Есенсіз бе!


4-бала:Амансыз ба!


5-бала:Бәріміз күндей жарқырайық!


6-бала:Бәріміз дос болайық!


Барлығы: Бәріміз тату болайық!

(шашу шашады)



ІІ. Жаңа сабақты хабарлау

Мұғалімнің сөзі:Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағнасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл,нақыл сөздер-тәрбиенің бастау бұлағы. Олай болатын болса құрметті қонақтар оқушылар «Бата және оның түрлері» атты класс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Исламбек:       Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен ғой. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Сондықтан халқымыз ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Қонақтар ішінде үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әр түрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егер де сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей.

Айгерім: Қазақ дәстүрінде, бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езіуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «мә, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» деп береді. Бұл «Құлақ беру» деп аталады. Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тәлім-тәрбиелік мәні бар, яғни, жасынан қариялардың қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялағыш, сөз тыңдағыш, сөз қадырын түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді. Әдепті, ибалы болуға дағдыланады.

Мұғалім: Батаның қандай түрлері бар?

Айгерім: 1. Негізгі. 2. Лебізді.

Мұғалім: Негізгі баталардың түрін айта қойшы.

Айгерім: Ақ бата, теріс бата, серттесу батасы, сақтық бата, батагөйлік.

Мұғалім: Олай болса осы баталарға мағлұмат беріп жіберейік.

Нұржан: Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиет, қазақтың қасиетті тұмары, , ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Ақ бата көбіне жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сарбаз-сардарларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, Наурызға, жаңа жылға, мүшел жасқа, дастарқанға, Ораза ұстағандарға айтылады.

  Дина:Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, жаратушыдан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», – деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да, теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Сол себепті «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенді ұмытпаған жөн.

Набира: Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең. Этнограф-жазушы С. Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады: «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», – деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ.

Зарина: Батагөйлік дегеніміз ол бата берген адамға рахмет айтылып мал түрінде сыйлық беру.

Мырзабек: Сақтық батасы сыйды алғаннан кейін айтылатын бата.
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Ұрысқақ әйелден сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Мұғалім: Өте жақсы оқушылар. Қазақ халқы қонақшыл дейміз, бұл туралы не айтасыздар?

Гүлфайруз: Қазақ халқының қонақшыл.Қандай қонақ келсе де дастарқан жаю-әрбір қазақтың міндеті.Біздің күнімізге дейін «Дастарқан басындағы дәстүрлер» туралы нақыл сөздер жетті. Ол да асыл-мұра.

(Дастархан басында оқушылар отыр):

Алихан:Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбінесе дастарқан басында отбасы мүшелерінің бас қосуын пайдаланады.

Жеткер: Дастарқан – берекенің белгісі, ризашылық сезімінің ошағы, молшылдық пен отйымшылдық көзі деп қарайды халық.

Думан:Қазақ халқы дастарқанды «Бөлінбеген еншіміз» деп, ортақ ризашылдықтың тағдыр берген несібенің белгісі деп қарайды.

Бауыржан:«Қуыс үйден құры шықпа» деп кез келген адам есік ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю- халықтың қалыптасқан қасиетті дәстүрі. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөліскен.

Нұрмұхан: Өсиет айту, бата беру, мәжіліс құрып, мәмілеге келу, серттесу, достасу, бәрі де дастарқан басында шешіледі.

Мырзатай: Өйткені дастарқан дәмі-киелі, оны татып, татуласқан адам «келісім бұзса, астың киесі оны ұрады» деп,дастарқан иесі оның дастарқан үстіндегі сертіне сеніммен қараған.

Алихан:Дастарқан басындағы сертін бұзғандары халық «ас дәмі ұрсын», «нан ұрсын» деп қарғайды.

Әсемгүл: Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға-жасы үлкенге ұсыну, асты ретімен қойып, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.


Ән: Қазақы дастарханым.

Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған

Татулық белгісі ме

Жағалай малдас құрған?


Ей, менің асқар тауым

Қазақы дастарханым?

Өзінсің бақ-берекем

Ақ қайнар бастауларым


Анаға ақ пейілді

Иілсе, келін балаң

Ықылас ізет еткен

Сыйластық елін табам


Ей, менің асқар тауым

Қазақы дастарханым?

Өзінсің бақ-берекем

Ақ қайнар бастауларым


Дәм татар талай ғасыр

Ұрпақтар абайласын

Кірлетпей таза ұстасын

Халықтың шар айнасын


Ей, менің асқар тауым

Қазақы дастарханым?

Өзінсің бақ-берекем

Ақ қайнар бастауларым



Мұғалім: Ел аман болсын

Жер аман болсын

Осы отырған шаңырақтың есігі мен төрі аман болсын!

(көпшілікке берілген бата)

Жортқанда жолын болсын,

Көкірегіңде сенім болсын.

Жолдасың қызыр болсын,

Соқпағың түзу болсын.

Аман барып, сау қайт! (Жол батасы)


Әсемгүл: Көршінің баласы қалаға оқуға барам деп анасын тыңдамай жатыр екен.Ал анасы болса жібермеймін деп әлек болып жатыр.

Нұржан: Бұл дау осы дастархан басында шешімін тапса қалай болар екен?

Мұғалім: Жарайды олай болса шақыра ғой.

Зарина анасы: Қараңызшы мынаған. Мені тындамайды.Қалаға кетемін деп көнбей жатыр. Не істерімді білмеймін.

Исламбек баласы: Мен өсіп қалдым. Сіздерге болашақта тірек болу үшін маған мамандық алу керек.Елбасының дипломмен ауылға бағдарламасын жүзеге асыруымыз керек емес пе? Егер мен мұғалім болып ауылға оған қалай қарайсыз?

Мырзабек:Сені ешқайда жібергім келмейді, бірақ жолды кесуге болмайды. Жолын болсын деп тілеп бата берейін.

Мырзабек Бата: Жағын түспей жамандық көрме, балам,

Қисық төре кісіге берме, балам.

Екі дүние қызығын бірдей берсін,

Қолынды адалдыққа серме, балам.

Бағын жоғары өрлесін, балам,

Дұшпаның шеніңе келмесін, балам,

Абыройын таймасын, балам,

Басыңа дәулет құс орнасын, балам!

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Көп елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің толса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзіне өзін кәміл бол!

Ән: халық әні Дастархан-ау дастархан

Әні: К.Дуйсекеев

Сөзі: А.Нысаналин

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып, бас тартқан,

Жайылып тұр дастархан.

Қ-сы:

Дастархан-ау, дастархан

Берекелі дастархан,

Мерекелі дастархан-ай.

Жақсы келсе құт болар,

Жаман келсе жұт болар.

Жолаушымыз біз деген,

Асыл мұрат іздеген.

Қ-сы:

Айналайын ағайын,

Үміт отын жағайын.

Уайым-қайғы жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.


Гүлфайруз: Еліміз Тәуелсіз алған 1991 жыл. Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаевқа бата берген қария Шәкір Әбенов 1901 жылы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысы басталған соң өз еркімен соғысқа аттанып, Брянск түбінде жарақат алып, елге оралды.

Қазір Н.Ә.Назарбаевқа бата беру кезіндегі бейнефильмді тамашалайық.

(бейнефильм)

Мұғалім: Елбасы Н.Назарбаевтың батасын алған азамат қаласында тұрады екен. Олай болса тамашалайық.

(бейнефильм)

Мұғалім: Бата арқылы ой-санамызға нұрлы шуақ себілетіндігін ұмытпайық.

Енді дастарқанның батасын берейік оқушылар.

Дана: Халық ас ішіп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсімдері орындалады

Дәуіт Бата (оқушы):Берейін бата асыңа,

Амандық берсін басыңа

Бөденедей жорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма,

Жоқ екем деп жасыма,

Еңбек етсен ерінбей,

Дәулет келер қасыңа.

Көре алмаған дұшпанның

Жуа бітсін жолына.

Бақытың жетсін төтелеп,

Дүние малды жетелеп,

Аузыма түскен батаның

Жатырмын бәрін төпелеп!

Көтердік міне білекті,

Ақтардым түгел тілекті,

Мынау тұрған балаңыз,

Батыр болсын жүректі. Ауминь!


Мұғалім:Қазақтың ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде бата сөздерінің мағынасы, қадыр-қасиеті айрықша. Мақалда қортынды, тұжырымды түйін болады екен. Олай болса "Мақал - сөздің мәйегі" бөліміне берейік.

Азасыз бата — мазасыз.


Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.


Алғыс алған жігіттің

аты бәйгеден келеді.


Алтын алма, алғыс ал:

алтын деген жер сыйы,

алғыс деген ел сыйы.


Бата бұзған барқадыр қалады.


Баталы құл арымас,

Батасыз құл жарымас.


Баталы құлға бақ қонар.


Бедеу мінсең бел аласың,

Алғыс алсаң көп жасайсың.

Бота алғанша — бата ал.


Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.


Жаңбырмен жер көгереді,

Батамен ер көгереді (Қорқыт).


Желінсау қой қосақка кірмейді,

Құр табаққа бата жүрмейді.


Көп дұғасы — көл.


Қағынған қарғыс алар,

Қарасқан алғыс алар.


Қарғыс алған көктемес.


Қарғыстан кісі өлмейді.


Қарғыстың ең ауыры — "Нан ұрсын!"


Қарғыстың ең жаманы:

"Өзің білме, білгеннің тілін алма!"


Құдайдың қарғысына ұшырасаң да,

халықтың қарғысына ұшырама.


Құр алғыс азық болмайды


Рефлексия: Кері байланыс: «Бес бармақ» әдісі

1.Бас бармақ: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

2. Балан үйрек: Не түсіндің?

3. Сұқ саусақ: Кімге көмектестің?

4. Ортан терек: Сабақтан ұнаған сәттері қандай?

5. Кішкентай бөбек: Не ұнамады?

Мұғалім: Бәрімізді марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл,нақыл сөздер оның ішінде бата тәрбиенің бастау бұлағы екенін ұмытпай жүрейік. Олай болса сабақ аяқталды, қонақтарымызға алтын уақыттарын бөліп қатысқандарыңызға көп көп рахмет! Сау болыңыздар.



С О Ң Ы:



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Конспект для класного часа

Автор: Тажбаева Дания Манасовна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176469

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Классный час и презентация для 5 класса по теме " Доброта каждому мила" "
    ["seo_title"] => string(77) "klassnyi-chas-i-priezientatsiia-dlia-5-klassa-po-tiemie-dobrota-kazhdomu-mila"
    ["file_id"] => string(6) "245296"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1446111596"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "1 сентября -классный час (1 класс)"
    ["seo_title"] => string(35) "1-sientiabria-klassnyi-chas-1-klass"
    ["file_id"] => string(6) "308386"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458574020"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Конспект уроку на тему : "Вишивка лічильною гладдю." "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-uroku-na-tiemu-vishivka-lichil-noiu-ghladdiu"
    ["file_id"] => string(6) "224991"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1439315757"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Конспект урока " На пути к добру и свету" "
    ["seo_title"] => string(40) "konspiekt-uroka-na-puti-k-dobru-i-svietu"
    ["file_id"] => string(6) "246544"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446396575"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства