kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қар ханшайымы" жаңа жылдық сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен балалар кіреді.
 

Фанфары

Хоровод №1

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.


2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
 

1 - жүргізуші:

Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.
 

2 - жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
 

1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.
 

Мерекелік тақпақтарға кезек береміз.


1 - бала (Алтынбек)

Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
 

2 - бала  (Сағинұр)

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
 

3 - бала (Бекарыс)

Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
 

4 - бала  (Айдана)

Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қар ханшайымы" жаңа жылдық сценарий»

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға көңілді әуенмен балалар кіреді.

Фанфары


Хоровод №1


1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар.


2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.

1 - жүргізуші:

Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

2 - жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.

Мерекелік тақпақтарға кезек береміз.


1 - бала (Алтынбек)

Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

2 - бала (Сағинұр)

Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.

3 - бала (Бекарыс)

Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!




4 - бала (Айдана)

Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл!


Музыка ойналып залға Фея майшам ұстап кіреді. 


Фея: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті.

Кай: Герда, қарашы біздің раушан гүліміз гүлдепті.
Герда: Иә, Кай, қандай әдемі!
Кай: Герда екеуміздің гүліміз бірге тұрсыншы, екеуіміз сияқты айрылмастай достар болсын.
Герда: Жарайды, Кай


Герда: Әже, қар қандай әдемі! Әже, қар қайдан пайда болады?
Кай: Иә Әже, айтшы
Әжесі: Қыс мезгілі келгенде қарларды бізге сонау алыс - алыс жерде өмір сүретін «Қыс Ханшайымы» жібереді. Сонау патшалықтан боранмен аяз бен үскірік жетеді. Ол мұзды қала, мұз сарай!
Герда: Әже, Қыс Ханшайымы сұлу ма?
Әжесі: Иә Герда, өте сұлу және жалтырап тұрады. Ол өте суық, жылуды жақсы көрмейді.
Герда: Мен қорқамын одан!
Кай: Ал, мен қорықпаймын! Келсін қазір алдыма, оны ұстап алып, ыстық пешке салып жіберемін..ха - ха - ха

Хоровод №2


(Боран үні)

Қыс Ханшайымы: Не дейді мына бала!!! Мені ешкім де жеңе алмаған, жеңе алмайды да! (айнаны шағып жібереді.)

Герда: Әні ол,... дәл өзі, бізге қарап тұр.
Кай: Ай, көзіме бірдеңе кіріп кетті, ай - ай ауырып барады,.... жүрегім!
Герда: Кай не болды саған, әкел қарап жіберейін.
Кай: Жолама маған, болды басылды. Тарт қолыңды!
Герда: Қарашы, Кай гүлдеріміз құлап қалыпты.
Кай: Жаман гүлдер, керек емес! (теуіп жібереді гүлдерді)
Герда жылап қалады
Кай: Мен далаға шығып ойнаймын. (далаға шығып кетеді)
Герданы қармен атады. Герда жылап қалады. Кай қарқылдап күледі.

Қатты боран дауысы.


Қар Ханшайымы: Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)

Артынан Герда жүгіріп:


Герда: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп: 
Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізерлеп отырып жылайды) 

Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді) 

Фея: Шоқ Жұлдыз, қайдасың?! 

Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз? 

Фея: Мына Гердаға жол көрсетіп жібер. (Жұлдызды алып Гердаға береді) 

Герда: Кай, мен сені іздеп табамын!

Хоровод №3


Залға Қар Ханшайымы кіреді. 


Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін. 

1-бала: Сенің даусың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз.

2- бала: Біз сеннен қорықпаймыз. Сенің суығыңнан да қорықпаймыз. Біз көңілдіміз, өйткені қар атысып ойнаймыз. 

Ойын: «Қар жинау»


Жүргізуші: Екі сыныптан бір оқушы, бір ата-анадан ортаға шығыңыздар. Мына қалтаның екі шетінен жібермей ұстап, ішін қарға толтыру керек. Ереже бойынша қалтаның екі шетін жіберуге болмайды.


Жүргізуші: Ойын шартын бұзбаған және барынша көп қар жинаған топ жеңімпаз болып есепетеледі.


Ойынның музыкасы


Жүргізуші: Ой, керемет! Екі топ та жақсы өнер көрсетті. Рақмет сіздерге! (шоколад беру)



Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар. 

Би: «Ұлпа қыздар» (Снежинки)


Би аяқталғанда барлық балалар «қатып» қалады. 


Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер.


Фея: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар.


Аналар балалардың атын атап, тірілтеді. Балалар бастарын көтеріп отырады. 

Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз қазір Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады. 

Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды. 

Фея: Бізді қорқытпа, Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің. 


Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер. (Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады) 

Би: «Сығанша»


Бидің ортасында Рада кіреді, билейді.


Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы, а-а? 

Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер. 

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды. 

Қар Ханшайымы: Сен не кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады) 

Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз Атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді) 

Герда залға кіреді. 


Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (шыршаның астына жатып ұйықтайды). 


Жүргізуші: Герда мына аязда тоңып қалған шығар, Кәне, балалар, бәріміз шыршаны айнала ән шырқайық


Хоровод №4


Айқай, шу, ысқырық. Қарақшылар кіреді.


Би. «Қарақшылар»

Атаман: ( Герданы көріп, тұрғызады) Мынау не қылған қыз? Сен мына орман ішінен кімді іздеп жүрсің? 


Герда: Мен досым Кайды іздеп жүрмін.


Екі қарақшы Герданың екі жағынан ұстап алады да, үстіндегі киімдерін шешіп алады.


Атаман: Сенің кімді іздеп жүргеніңде шаруамыз жоқ. Сен енді біздің тұтқынымыз боласың, ешқайда сені жібермейміз.


Қарақшының баласы: (Аида) Тоқта, бұл менің ойыншығым, тимеңдер!!


Атаманша: Жақсы, тиме!!...... Менің тәрбием, Ол нағыз қарақшы болып шығады.


Герда: Мен сенің ойыншығың бола алмаймын. Жіберші мені!!


Қарақшының баласы: Сөйлеме, ешқайда да қаша алмайсың.


Герда: Жо - о - оқ. Мен енді жан дегенде жалғыз досым Кайды қалай іздеп табамын. Ол суыққа тоңып, бір жерде қасқырға жем болса мен өзімді кешірмеймін. Менде өмір сүргім келмейді онда...(жылайды)

Қарақшының баласы: (жаны ашып кетеді) Жыламашы болды, ол өлмейді. Мен сені босатамын.


Герда: рахмет саған! (Құшақтайды) 


Қарақшының баласы: Жарайды! Қойшы, Герда, мен ондайды жек көремін. Мен сені әлемдегі ең жүйрік, ең төзімді бұғыға мінгізіп жіберемін. Мә, киімдеріңді киіп ал, бірақ мынаны өзіме алып қаламын. (қолына киетінін)


Фон

 
Герда: Мен әлі Кайды іздеп жүрмін. 


Жүргізуші: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық! 


Балалар: Ақшақар, Ақшақар! 


Ақшақар: Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың? 


Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші. 


Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. 
Кәне тығылайық


Шыршаның артына тығылады


Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.


Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады) 


Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой. 


Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой! 


Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.

 
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын. 


Қар Ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы! 


Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады


Герда: Кай! Сен мені таныдың ба? 


Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмышы. 


Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?! 


Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды. 


Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай! 


Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады) 


Фея: (шыршаның артынан Шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік. 


Қар Ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха! 


Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық. 


Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата! 


Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын! 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! 
- Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой? 


Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны пешке ерітіп жіберші. 


Аяз Ата:

Бір, екі, үш, 
Бері кел пеш! 
Бір, екі, үш, 
Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, ҚХ айналып, айналып, пешке барып құлайды.) 

Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын! (Аяз Ата пешті итеріп, шығарып жібереді) 

Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық! 

Барлығы: Қуант, бізді таңырқат, 
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу) 

Хоровод №5


Ойын: «Әліппе» Ойын ережесін Ақшақар түсіндіреді.


Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік. 


Монтаж


Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым. Мен де сендерге өзіммен бірге кішкентай Аяз Аталар мен Аққалаларды ала келдім. Кәне, менің достарым. Шығыңдар, билеріңді көрсетіңдер! 

Жүргізуші: 6 «в» сынып ата-аналарының орындауында «Санта Клаус биі

Фея: Аяз ата, сізге арнаған әніміз ба, соны тамашалайық, 

Жүргізуші: 6 «г» сынып оқушысы Нұрадин Аяулымның орындауындағы тамаша әнді қарсы алыңыздар



Ән біткенде Аяз Ата шеңбер ішінде қалады


Жүргізуші:

Қалып қойдың шеңберде, 
Жібермейміз ешқайда. 
Шығармаймыз біз сізді, 
Ойнағымыз келеді. 

Аяз Ата: Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын. 

Жүргізуші: Балалардың билегісі келеді.


Аяз Ата: Ал ендеше билейік! 


Аяз ата мен Ақшақар сайысы 

Аяз - ата: Жарайсыңдар! Өнерлі балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Аяз - ата біздің әлі де өнеріміз бар. 6 «г» сынып ата-аналары мен оқушыларының дайындаған биін бірге тамашаласақ.

Би: «Тока Лока»


Жүргізуші: Аяз - ата демалып отырып, Бердімұратова Наргиздің әнін тамашалаңыз.

Ән: «Синий иней»


Аяз - ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.

Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?

Балалар: Ит жылы.

Жүргізуші: Келе жатқан жыл қалай аталады?

Балалар: Доңыз жылы.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше біз өткен жылмен, келер жылды ортаға шақырайық.

Музыка әуенімен ит мен доңыз залға билеп кіреді.


Ит: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің киімдерің қандай әдемі. Ой, неткен әсем шырша? Мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі. Енді біз сізбен қоштасамыз, доңыз жылын қарсы аламыз. Бірақ, сіз біздің мерекеміздің қонағысыз.

Доңыз: Мен Жаңа жылмын ғой! Сендердің мерекелеріңе қатты асығып келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Жүргізуші: Төрлетіңіздер. Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.


Ойын «Жаңа жылдық ән)

Жүргізуші: Балалар енді біз ит жылымен қоштасып, доңыз жылын қарсы алайық.

Доңыз:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,
Жаңа жылдарың құтты болсын, ағайын.

Аяз - ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де, өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.


Ақшақар: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Балалар, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(Қолдарын бұлғап шығып кетеді)


Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! 2019-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!!


Флешмоб «Санта Клаус»


Сынып жетекшліер сөзі. Демеушілік жасаған ата-аналарды марапаттау


































.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Қар ханшайымы" жаңа жылдық сценарий

Автор: Жұмағұлова Ж.М. Жанелова А.Е.

Дата: 03.01.2019

Номер свидетельства: 493678

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) ""Алтын куз,жайдарлы жаркын куз" мерекелік ертеңгіліктің сценарийі."
    ["seo_title"] => string(74) "altyn_kuz_zhaidarly_zharkyn_kuz_mieriekielik_iertien_ghiliktin_stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "435489"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509374577"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "«К?з мерекем, к?з берекем» атты к?згі бал кешіні? ж?ргізілу сценарийі "
    ["seo_title"] => string(79) "kuz-mieriekiem-kuz-bieriekiem-atty-kuzghi-bal-kieshinin-zhurghizilu-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "131459"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416154854"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) ""Біз не үйрендік?" Кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті"
    ["seo_title"] => string(74) "biz_nie_uiriendik_kiriktirilghien_ashyk_u_iymdastyrylg_an_ok_u_is_riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "376720"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483941349"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства