Просмотр содержимого документа
«"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік"»
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Көрініс "Тәуелсіздік таңы"
Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар ! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек - жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігі құтты болсын!
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!
Қ.Р Гимні орындалады
Бүгінгі күн ерекше күн себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі,кемел келешектің кілтін үстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күн. Тәуелсіздік мерекесіне орай Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің озат және екпінді оқушылары Республикалық "Жас Ұлан", "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау мәртебесіне ие болғалы отыр.
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Қойайдаров Нүркен Ыдырысұлына беріледі.
Бақытым - Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Ән: Қазақстан
2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Өлең-жолдары 3 "Ә" сынып оқушысы Кәдірбай Сая Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді.
Ризамын деп, осындай жастық шаққа,
Не жетер "Жас Ұлан" деген лайық атқа
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Жас Қыран жігерлі де жайдарлы ұйым.
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым,
Жаңғырып, жанданатып жылдан-жылға
Жас Қыран жалынды ұйым айбарлы ұйым дей келе құрметті жиынға қатысушылар! Ендігі кезек Республикалық "Жас Ұлан" "Жас Қыран" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтуге тілек білдіруші ұландар мен қырандарға галстук пен төсбелгі тағу құрметіне беріледі.
"Жас Ұлан" "Жас Қыран" ұйымының әрбір мүшесі:Қоғамдық өмірде,тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу ол Сіздер үшін теңдесі жок мәртебе.
"Жас Ұлан" ұйымының мүшесі -Отанына адал
"Жас Қыран" ұйымының мүшесі - Отанын шексіз сүйеді
2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Қазақстаным» 2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймын.
ГИМН Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.