kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Егемендік ел-бақыты"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағатының жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Егемендік ел-бақыты"»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Егемендік - ел бақыты»
Мақсаты:
Өткен ғасырларда болып өткен тарихи оқиғаларды жүйелеу, Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 

Көрнекілік: Презентация «Қазақстан – кеше, бүгін, ертең!»

Мұғалімнің сөзі:

- Қазақ елі тәуелсіздігіне -25 жыл. Қазақстан қандай оқиғаларды басынан өткерді? 
Тәуелсіздік, бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Алайда кең - байтақ жерінде мамыражай тіршілік кешкен бейбіт елге көз алартушылар көп болды. 
Өткен жылдар өткен жоқ, санада тұр, 
Талай сауыт тоздырды дала батыр, - деп ақын Мұқағали жырлағандай, солардың бәріне халқымыз қарсы тұрып, тосқауыл бола білді. 
Қазақ халқының басынан кешіргені орасан зор. Бүгін біз тәрбие сағатымызда халқымыздың басынан кешкен ірі оқиғаларына тоқталмақпыз.

І - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар !

Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Егемендік - ел бақыты» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1991 жыл 16 желтоқсан –тарихтағы Ұлы күн. Ол- Тәуелсіздік күні.


IІ жүргізуші:

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Ән: «Тәуелсіздік туы биік самғасын»

«Өткен шақпен» байланыс. 

Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.


/ Оқушылар халқымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларын слайд арқылы жеке таныстырып шығады/.

 

1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесінде халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтары жадымызда жаңғырады. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 


2. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты.




3. 1836-47 жылдарда болған Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс,

    Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

  1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.


4. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық кезеңі. Елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 

5. 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

Асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады.


Өлең: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»

І жүргізуші.

Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, жекешелендіру.


ІІ жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс, 
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

  Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта

оқиғалар болды, сол  жетістіктерді атап өтейік.



  1. 1991 жылы 16-желтоқсан – ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Тәуелсіздік жарияланған күн.


  1. 1991 жылы 1- желтоқсанда еліміздің  түңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.


  1. 1991 жылы 29- тамызда  Семей полигоны  жабылды.


  1. 1992 жылы 2- наурызда  ҚР дүниежүзіндегі ең ықпалды және беделді Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.


  5.1992 жылы 8- мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.


6.1992 жылы  4- маусымда ҚР-ң  Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.


7.1993 жылы 15- қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы  теңге айналымға енді.

 8.  Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап, 1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады


9.1997 жылы 17 шілдеде Қазақстанда «Тіл туралы» заң қабылданды. Мемлекеттік тіл –қазақ тілі.

10. Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. 


11. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді.

12. Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 

13. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылды.

14. Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қызу дйындық жүргізілуде.

Флешмоб /Оқушылар тобы/

І жүргізуші.

«Болашақпен» байланыс. 

Үлгі бізге аталардың ерлігі ,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі. 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.


Біз болашақта Қазақстанды қалай елестетеміз?

  Көрермендермен сұхбат

  1. Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді.

Жастар бірнеше тілді меңгерген, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 

2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады.


3. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады.



І жүргізуші.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

ІІ жүргізуші.
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,

25 жасың құтты болсын нұр елім.

25 жылда шықтың талай белеске,

Қазақстан жасай берші гүл елім!


Құрметті ұстаздар, оқушылар !

Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Егемендік - ел бақыты» атты тәрбие сағатымызда бірге болғандарыңызға алғысымызды білдіреміз!

Т – білдіреді теңдікті,

Ә — әдептілік, әлдікті.

У – уайымсыз уақытты,

Е – егемендік, елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік секілді ең,

І – ілтипат пен ізет қой,

З – зиялылық тілек қой.

Д – шақырады достыққа,

К – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.


Қорытынды:

Мұғалім сөзі:

Оқушылар өздерің білетіндей Тәуеліздік бізге оңай келген жоқ. Ол бізге ата-бабаларымыздың аманаты. Білімді, тәртіпті де тәрбиелі оқушы болып Егеменді еліміздің Рәміздерін құрметтейтін, Ата заңымызда белгіленген міндеттерімізді орындап және құқықтарымызды пайдалатын Отанымыздың патриотты ұл-қыздары болыңыздар.

Қазақстанның болашағы –сіздерсіздер!


Рефлексия:

Ашық тәрбие сағатына мектебіміздің тәрбие ісі меңгегерушісі, ұстаздар мен оқушылар қатысты .Сынып оқушылары еліміздің басынан өткен тарихи оқиғалар туралы айтып , патриоттық әндер, өлеңдер оқып, би биледі. « Көрермендермен сұхбат» бөлімінде қатысушы оқушылар белсене араласып, «Болашақ Қазақстанды» қалай елестетіндері жөнінде ерекше пікірлер айтты.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Егемендік ел-бақыты"

Автор: Мусабаева М.Б.

Дата: 03.01.2017

Номер свидетельства: 375056

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?аза?станны? т?уелсіздігі "
    ["seo_title"] => string(29) "k-azak-stannyn-t-uielsizdighi"
    ["file_id"] => string(6) "244354"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1445927635"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы"
    ["seo_title"] => string(51) "laula_laula_zhieltok_sannyn_mu_zg_a_zhak_k_an_alauy"
    ["file_id"] => string(6) "438985"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510753845"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Елімні? еркіндігі - Т?уелсіздік" т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(49) "ielimnin-ierkindighi-t-uielsizdik-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420704936"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""урок на тему Махамбет "?ыз?ыш ??с" "
    ["seo_title"] => string(40) "urok-na-tiemu-makhambiet-k-yzg-ysh-k-u-s"
    ["file_id"] => string(6) "186122"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426275274"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства