kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата Заңым аялайды елімді (тәрбие сағаты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан  Республикасының   Президенті   Нұрсұлтан  Назарбаев: «Бірде- бір

                  мемлекет  Ата   Заңсыз  өмір  сүре  де,  дами  да  алмайды.  Осы  жылдары   барлық 

                  жетістіктерге   біз   мемлекетіміздің  Ата   Заңының   арқасында     қол   жеткіздік.  

                  Конституциясыз   даму,   конституциясыз   демкратияны   құру   мумкін   емес. Ата   Заң – 

                  біздің  азаматтарымыздың   құқығы  мен    бостандығының  кепілі.  Барлығымыз  Ата  Заң 

                  бойынша    өмір  сүрудеміз.  Барлық  мәселер  әр  азаматтың  Ата  Заңды   реттеп,  өз  

                  құқықтарын   біліп,  сол   заңдарды ұстануы  керек  дегенге  саяды.  Барлық   дамыған 

                  өркениеттер,  бүкіл  батыс   әлемі   заңды  қатаң   ұстанғандықтан  дамуда.  Ата  Заң 

                  биліктің  тұрақтылығын   қамтамасыз   етті.  Ата   Заң   Үкіметтің,  Парламенттің,  Сот

                  органдарының   келісімді   жұмысын  қамтамасыз  етті.  Біздің   көп  ұлтты халқымыздың  

                  тыныштықта,  бейбітшілікте  және   келісімде   өмір  сүруі-біздің   Ата   Заңымыздың  

                  арқасында».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата Заңым аялайды елімді (тәрбие сағаты)»

Тақырыбы: Ата Заңым аялайды елімді (тәрбие сағаты)


Мақсаты: Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық

сауаттылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: нақыл сөздер, Конституция баптары


БАРЫСЫ:


Жүргізуші: Конституция – елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы секілді қастерлі ұғымдарды

қағаз жүзінде емес іс жүзінде көрсете алатын жәдігер. Конституция – кемелдік

көк жиегін кеңітетін құжат. Халқымыз онымен өзінің тағдырын, болашақ асуларын

байланыстырады. Ол бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде де күш –

қарымы мол, жұртшылықты жаңару мен дамуға бастайтын жігерлендіруші ту ретінде

желбіреуде.


1-оқушы: «Конституция» термині латын тілінен алынған, «constitution» ұйым, құрылым

деген мағынаны білдіреді.Бұл біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда, ежелгі Рим

императорларының заң актілерінің атауында қолданылған. Олардың түсінігінше

Конституция – жеке тұлғаға қатысты саяси-философиялық және экономикалық

мұқтаждығын толық реттейтін, қоғамда мойындалған саяси- құқықтық құжат болып

табылады. Ал енді бүгінгі таңдағы адамзат баласының конституция туралы түсінігі

бұдан алыстап кете қоймаған. Бүгінгі түсінік бойынша Конституция – халықтың жалпы

еркіндігін білдіретін, ең жоғары заңдық күші бар және әлеуметтік- экоомикалық, қоғам

-дық- саяси және рухани – адамгершіліктің маңызды ұстанымдары бекіген қоғам мен

мемлекеттің негізгі заңы. Қарапайым тілмен айтқанда Конституция-қоғамдық –

экономикалық, мемлекеттік құрылымының, сайлау жүйесінің, мемлекеттік

органдардың қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары және оның азаматтарының

құқықтық ережелерін анықтап бекітетін мемлекеттің негізгі заңы.


2- оқушы: Жалпы мемлекеттердің қалыптасу тарихында Конституцияның әр қилы түрлері

болған, оның бірі – халықтың атынан жарияланбаған, яғни халыққа монархтар

сыйлаған Конституция. Сондай – ақ қатаң және жұмсақ жазылған, сонымен қатар

жазылмаған конституция түрі болған. Әлемдегі мемлекеттер ішінен ең алғаш рет

жазылған Конституцияны 1787 жылы Америка Құрама Штаттары қабылдады. Ол

бүгінгі күнге дейін қолданыста. Ал Еуропада жазылған конституцияны алғаш рет 1791

жылы Франция мен Польша мемлекеттері қолданысқа енгізген еді. Осы жазылған

конституция барлық заңдардың мызғымас негізгі және қоғамдық қатынастарда

тұрақтылықтың кепілі ретінде толық мойындалып, саясат және заң ғылымының

іргелі бір бөліміне айналды. Ғалымдар конституцияны өздерінің ғылыми трактатта-

рында, шығармаларында құқықтық құжаттың ерекше түрі деп қарады.

Конституцияның маңызы жөнінде Германияның мемлекеттанушы ғалымы былай

дейді: «Конституция – мемлекеттік органдардың бірлігін олардың құзырын, сондай-

ақ мемлекеттік билікке деген жеке тұлғаның ұстанымдық жағдайын белгілеп

отыратын заң актісі».


3- оқушы: Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның аумағында үш рет Конституция болатын.

Ең алғашқысы – 1926 жылы наурыздағы Жалпы қазақстандық кеңестің Х съезінде

бекітілген ҚазҚСР Констициясы, екіншісі 1936 жылы 5 - желтоқсанда өмірге

келді, үшіншісі – 1977 жылы 7 - қазанда Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс жетінші

сессиясында қабылданған Конституция.


4- оқушы: 1993 жылғы 28 – қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі

еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және жаңа мемлекеттік органдарды құруда үлкен

маңызға ие болған тәуелсіз еліміздің тәуелсіз Конституциясын қабылдады. Бірақ бұл

Конституция қазақ мемлекетін өркениетке жету жолында бір сатыға көтергенімен

мемлекеттің экономикалық тұрғыдан қарқынмен дамуы бұл Конституцияның мүмкін-

діктерін шектеді. Мәселен, онда мемлекеттің басқару жүйесі жан - жақты толық

реттелмеген болатын.


5- оқушы: Жоғарғы Кеңес ескі өкіметтен келе жатқан шектеусіз құзіретін пайдаланып

Президент пен үкіметтің саяси - экономикалық реформалар жасау жұмысына

көптеген кедергілер келтіреді. Сондықтан да қоғамның өзі Конституцияны қайта

қарау туралы мәселені қойды. Сөйтіп, 1995 жылғы 30 – тамызда жалпы халықтық

дауыс беруімен экономикалық дамудың жаңа қазақстандық моделін дүниеге әкелген

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституция

халық мүддесіне арналған.


6- оқушы: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірде- бір

мемлекет Ата Заңсыз өмір сүре де, дами да алмайды. Осы жылдары барлық

жетістіктерге біз мемлекетіміздің Ата Заңының арқасында қол жеткіздік.

Конституциясыз даму, конституциясыз демкратияны құру мумкін емес. Ата Заң –

біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Барлығымыз Ата Заң

бойынша өмір сүрудеміз. Барлық мәселер әр азаматтың Ата Заңды реттеп, өз

құқықтарын біліп, сол заңдарды ұстануы керек дегенге саяды. Барлық дамыған

өркениеттер, бүкіл батыс әлемі заңды қатаң ұстанғандықтан дамуда. Ата Заң

биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Ата Заң Үкіметтің, Парламенттің, Сот

органдарының келісімді жұмысын қамтамасыз етті. Біздің көп ұлтты халқымыздың

тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі-біздің Ата Заңымыздың

арқасында».


7- оқушы: Конституция – ерікті елдің құқы,

Адам құқы алдымен ердің құқы.

Мемлекетім жан – жақты дәйектелген

Конституция – алтын заң, елдің құты.

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды мұны бар достар бүгін.


8- оқушы: Ол бойынша сайлаймын, сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бір ордада,

Тең құқылы барлығы айналамда.

Қалауымша оқимын, білім алам,

Еңбек етем, қартайсам тыным алам.

Емделемін ауырсам заңды түрде,

Конституциям бекіткен мұны маған.


9- оқушы: Елге арналатын тілге шын,

Ей ұлым, Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Ешкім де мін таға алмас елдігіме,

Дауласып жармаспайды белдігіме.

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кендігі де, теңдігі де.


10- оқушы: Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға

Елбасы қолын қойып ант берді.

Болғанмен бұл өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі?!

Елінің дамуы мен дағдарысы

Ол дағы Ата Заңға байланысты.


11- оқушы: Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей әсер еткен ғұмырына.

Айналды Ата Заңым мызғымайтын

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,

Шектеуде және тегін қойылмайды!

Келісімшарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!


12- оқушы: Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп,

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын.

Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға құсы!

Халық болып қадір тұтып қастерлеген

Ата Заң – Азат елдің ар – намысы.


13- оқушы: Бостандық деп атар әр күн, таңымыз,

Ар – намыстан тасынады қанымыз.

Ғасырларды ертегімен жалғаған,

Елдік негіз құрған Ата Заң.

«Қасым ханның қасқа жолы» кешегі,

«Есім ханның ескі жорлы» көшелі.

Әз Тәукеден қалған «Жеті Жарғысы»

Қалай ғана санамыздан өшеді.


14- оқушы: Отан – Ана ірге тасын салып біз,

Арманы бір тағдыр қосқан халықпыз.

Қазақстан көп ұлтымның тұрағы,

Татулығы жарасқанда алыппыз.

Қасиетті қазақ жері байырғы,

Әлеуметтік, құқықтық ел зайырлы.

Конституция алтын арқау қоғамға,

Бола берсін баршамызға қайырлы.

Бейбіткерлік бастамасын жамылып,

Бар әлемге қалдық қазір танылып.

Адам қымбат, халық – билік бастауы,

Көрген емес бағытынан жаңылып.


Жүргізуші: Ата Заң – ол біздің өміріміз.


15- оқушы: Мемлекеттік билік қазақ халқының мүддесі негізінде жүзеге асуы қажет.

«Қазақстанның әрбір азаматы ұлтына, шыққан нәсіліне, айналысатын ісіне, тұрғы-

лықты жеріне қарамай, тең құқық пен бостадыққа ие» деген нағыз демократия-

тандыққа ие» деген нағыз демократиялық ұстанымдарға негізделген ұғымдар

енгізілді.


16- оқушы: Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен

бостандықтарын бекітті. Сонымен бірге бір партиялық саяси басқару мен экономи-

кадағы монополиялық жүйеден бас тарта отырып, құқықтық мемлекет құруға негіз

болды. Сол арқылы егемен елдің серпінді дамуына мол мүмкіндіктер туды.

17- оқушы: Конституция қазақстандық патриотизмді ұстанымдарының бірі ретінде есептейді.

Патриотизм – Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен беріл

-гендігін, оның қуатының, қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада бе-

делінің нығаюына ықпал ететін идеясы, сезімі мен әрекеті. Қазақстан Республикасын

қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы.


18- оқушы: Біз Конституциямыздың заңдылық шеңберінде еліміздің саяси жағынан демократия

-лануының, әлеуметтік –экономикалық қуатын арттырудағы табыс көздерінің молаю

ының нәтижесінде мемлекетіміздің дүниежүзілік аренаға шығып үлкен беделге

ие болғандығын мақтаныш тұтамыз. Осы жылдары еліміз әлем қауымдастығына

танылыта үлгерді.


Жүргізуші: Ендігі кезекте Конституцияның баптарына тоқталып өтелік.


7 – бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.


17 – бап. Адамның қадір – қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық- зом

былық жасауға, қатыгездік немесе адамдық қадір – қасиетін қорлайтындай жәбір

көрсетуге, яки жазалауға болмайды.


19 – бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу

және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

29 –бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30 – бап. Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу

міндетті.


Жүргізуші: Заң жөнінде ұлылардан қалған сөздерге назар салайық.


19- оқушы: Г.Фуллер: «Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады».


20- оқушы: Сенека: «Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ»


21- оқушы: Дж.Гарфиллд: «Көндіре алатын күші болмаса заң заң болудан қалады».


22- оқушы: Мұхаммед Пайғамбар хадисінен: «Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса ол

күйрейді. Тәртіпке шақыру - әділет жолымен мемлекеттік құрылысты сақтаудың

бірден – бір жолы».


23- оқушы: С .Зиманов: «Қазақ құқығы – қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің

мәдени байлығы».


24- оқушы: Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».


25- оқушы: Менандр: «Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды»


26- оқушы: Гераклит:«Халық заңды өзінің тірегі, өзі күзететін қабырға- дуал ретінде қорғауға тиіс»


27- оқушы: С.Джонсон: «Заң адамдардың тәжірибесін қоғам игілігіне пайдаланатын адамзат

даналығының ең жоғарғы көрінісі болып табылады».


Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конституциясы бүгінгі Егемен Қазақ елінің Негізгі

Ата Заңы болып табылады. Болашақта Қазақ елі әлемдік өркениет төріне

көтерілетініне анық сенімдеміз. Лайым, баршамыз сол қуанышты сәттің куәгері

болайық!























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ата Заңым аялайды елімді (тәрбие сағаты)

Автор: Тулегенова Гульшара Калмаганбетовна

Дата: 09.11.2016

Номер свидетельства: 356996

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашы? т?рбие са?ат. Ата за?ым аялайды елімді… "
    ["seo_title"] => string(48) "ashyk-t-rbiie-sag-at-ata-zan-ym-aialaidy-ielimdi"
    ["file_id"] => string(6) "201623"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429095314"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Т?рбие жоспары"
    ["seo_title"] => string(16) "t-rbiie-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "258691"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1448551465"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Тәрбие сағаты "Қызыл,сары, жасыл шам, көшеде тұр бағдаршам!""
    ["seo_title"] => string(59) "t_rbie_sagaty_kyzyl_sary_zhasyl_sham_koshede_tur_bagdarsham"
    ["file_id"] => string(6) "639204"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1698864229"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Т?рбие са?аты: «?желер сыны» "
    ["seo_title"] => string(29) "t-rbiie-sag-aty-zhielier-syny"
    ["file_id"] => string(6) "141293"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418095797"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Жолда жүру ережесін сақтайық!"
    ["seo_title"] => string(35) "zholda_zhuru_ieriezhiesin_sak_taiyk"
    ["file_id"] => string(6) "348195"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476161098"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства