Просмотр содержимого документа
«Ардақты есім - Ана»
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов
атындағы Шымкент республикалық
«Жас ұлан мектебі»
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Ұландарға 8-наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы анна мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын нығайту.
- Ұландарды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой-өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Ұландарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.
10 «Д» сынып ұландары: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сіздерге, зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілей отырып 8-наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! (Ұландар ай іспеттес тұрып ата-аналар мен ұстаздарды құттықтайды.)
Мұғалім:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Қайырлы күн асыл аналар, құрметті ұстаздар мен ұландар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Сіздер - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналар сіздерге арналады.
Ана Сен бақыттысың, Жыламағың! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсінкесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді!!! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді… (М. Мақатаев)
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұлағатты ұстаздары! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларыңызға амандық тилейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда аман-сау жүре беріңіздер.
Ал құрметті ұстаздар және ата-аналар мерекелік ашық сабағымызды бастамас бұрын назарларыңызға «АНА ҚАДІРІ» атты видеоролигімізді ұсынамыз!
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұландарымыз өздеріңізге арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
Тұрсынғали Бекзат
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Қабылов Бекзат
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
Мырзахмет Нұрбол
Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
Скандар Әділет
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Жұмабай Дулат
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Имаржан Айбек
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті ұлдарыңыздың орындауындағы хорға береміз.
7-оқушы:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім Жанымды жадыратып күлдіретін Сендегі маған деген махаббатты Нұр толы қос жанарың білдіретін Бар ана туған елдің гүлі дер ем Анажан қайғың болса күңіренем Таусылмас тау суындай ақылың бар Сен барда менің әр бір күнім өлең
8-оқушы:
Ана деген – бастауы ұлылықтың Ана деген - рәмізі сұлулықтың Ана деген - бір жыр бар шырқалатын Асқақтатар биікке ұрпақ атын Олай болса Ақылтайды қарсы алайық Дауысына сүйсініп тамсанайық Ерке ұлдың талантына тәнті болып, Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
9-оқушы:
Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
10-оқушы:
Ана десем – шешек атып жанары Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана деген тіршілікте пана боп Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі де өзі Ана деп бас иеді күллі халық.
1-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған. – дей келе назарларыңызға «Ана қадірі» атты көрінісімізді ұсынамыз!
2-жүргізуші:
Біз мұғалімдерге арнап көңілді ойын ұйымдастырған едік. Ол үшін бізге сіздердің көмектеріңіз керек. Мына плакаттан кез келген шарды таңдап, жарып сізге берілген тапсырмалар мен сұрақтарды орындаңыз.
2-жүргізуші:
Асыл анам,есіл анам
Елжіреп есіркеймін,есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам,боп жүрмін несіне адам. – дей отырыпкезекті Абубакиров Бақдаулет, Скандар Әділет, Құрманбек Рахат ұлдарыңыздың орындауындағы «Анашым» әніне береміз, қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі - адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын. Өмірге дананы да, ақынды да, ер жүректі батырды да әкелетін ол - ана. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында БАСИЕМІЗ!
Құрметті қонақтар мерекелік кешімізді қорытындылау мақсатында сөзді оқу бөлімі бастығы Оспанов Сейтжан ағайымыз бен тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы Умарбеков Сәкен Қолдасбекұлына береміз.
1 жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз, Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз. Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым, Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
2 жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, Барымен шат-шадыман болыңыздар. Қоштасайық, келесі кездескенше, Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар және ата-аналар, алтын уақыттарынызды қиып келгендеріңізге рахмет! Осымен біздің ұландарымыздың өздеріңізге арнаған мерекелік ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау саламатта болыңыздар!