kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана тілін сұйемін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эта разработка в помощь классному руководителю

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана тілін сұйемін»

І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия








Ашық тәрбие сағаты


Ана тілді сүйемін


3 сынып










Мұғалім: Құрманғалиева З.Қ.














Алматы 2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: Ана тілді сүйемін


Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,

басқа тілдерді де үйренуге, оларды мемлекеттік тіл- қазақ тілін құрметтеуге, оны өз тіліндей меңгеруге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: 1. Н.Ә. Назарбаевтың суреті .

2. Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы айтқан нақыл сөзі:

«Тілден артық қазына жоқ,

Тілден артық қасиет жоқ.»

3. Буклет «Қазақстан Республикасының рәміздері»

4.Ұлы адамдардың тіл туралы айтқан нақыл сөздері.

5.Тіл туралы мақал-мәтелдер



1-бастаушы:

Сәлеметсіздер ме құрметті мұғалімдер, оқушылар!

«Ана тілді сүйемін!» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мақсатымыз: Туған жерімізді. Отанымызды сүюге, Мемлекеттік тілімізді құрметтеп, қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрену.

Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
Оқушы: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Мұғалім: Қазақстанның қандай рәміздері бар?

Оқушы: Елтаңба,Ту, Гимн.

Мұғалім: Ендеше, тәрбие сағатымызды Гимнмен бастайық!

Бастаушы: Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен қалыптасады. Біз көп ұлтты мемлекетпіз. Онда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Сол ұлттардың басын біріктіріп, оларды бір-бірімен достастыратын құрал – қазақ тілі.

Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір Қазақстандықтың азаматтық және адамгершілік борышы. Сондықтан төл тілімізді қалай меңгергенімізді сіздерге көрсеткіміз келеді.

Құтты болсын бәріңе,

Тілдер күні мереке

Қазақстан жерінде

Болсын, бірлік береке!


Тәуелсіздік мәніміз,

Достық біздің сәніміз

Мемлекеттік тіл болған

Қазақ тілі әніміз.


1989 жылы – қазақ тілі Қазақстанда

Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.

Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін

Қазақша кітап оқып, өлең жаттаймын.


Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

С.Торайғыров


Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің теңдігің

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.


Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.


Ана тілім азамат қып баптайды.

Ана тілім елдігімді сақтайды.

Ана тілін қастерлесек, сыйласақ

Ұрпақтарды келешекке бастайды.


Тілің бағың бастағы,

Тиістісің білуге

Тарихың да тастағы,

Ата-бабаң тілінде.


Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.


Ән: Анамның тілі – аяулы үні.


Ана тілім балбұлақ,

Сусындаймын,қанамын.

Сүйенішім, тірегім,

Ана тілді сүйемін.



Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Ана тілім бар білімнің қайнары,

Аталардың өсиеті пайдалы

Алақаны мейірімді анамның

Ұстазымның жарқын жүзі жайдары.


Ана тілім тастамайтын әліппем,

Болғаным жоқ әріптерін танып мен

Өз тілімді жақсы көру арқылы

Достасамын басқа барлық халықпен.


Ана тілің – ертегің,

Ана тілің - өркенің

Ана тілің – ертеңің,

Қадірле ана тіліңді

Жүрегіңнің бөлшегін.


Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгің келсе, алдымен оның тілін үйрен.


Аша білсе сырын кім,

Кітап көзі білімнің.

Жанашыры, жаршысы

Туған ана тілімнің.


Қазақ тілі

Ол менің – ана тілім.

Қазақ тілі

Байсалды баба тілім


Қаның, жаның – тіліңде,

Арың,нәрің – тіліңде.

Ұмтыл оны білуге

Тілден алып ғибрат

Құлшынасың білімге.


Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте. Қадыр-Мырза Әли


Ана тілім аққудың қос қанаты,

Бабамнан қазақ деген қалған аты.

Ежелден тіккен халық ақ қанат үй,

Ішінде шауып жүрген қолқанаты.


Ән: «Балдырғандар жыры»

Жарқыраған ақ алмас тілім менің,

Тілім барда жарамас сүрінгенім.

Биіктерге самғаймын тәрізді ағам,

Озат оқу әрдайым парыз маған.


Ана тілі – ақылшым,

Асыратын қиядан

Сарқылмайтын асылым,

Баулитұғын ұядан.


Ұғып, тыңдап қаламын,

Бақыт тілін, бал тілін

Ана тілі - өлеңім,

Тербетеді бөбегін.


Анық маған

Сөнбестен жанатының

Болашақ замандарға

Бөгелмей баратының


Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі

Ана тілім сақтаған.


Туған тілім – бабам тілі өз тілім!

Туған тілім – анам тілі өз тілім!

Туған тілім – далам тілі өз тілім!

Туған тілім – ана тілі өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Бастаушы: Біз тіл туралы Ұлы адамдардың нақыл сөздерін, мақалдар да білеміз.


1.Өнер алды – қызыл тіл.


2.Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.


3.Жеті жұрттың тілін біл

Жеті түрлі білім біл.


4.Тілден асқан байлық жоқ


5.Ана тілін шекараны қорғағандай қорғау керек.


6.Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі – ой өсіреді.


7.Тіл балдай тәтті,тастай қатты


8.Тілді білу – халықты, тарихты сыйлау.


9.Тіл қаруы сөз, сөз қаруы – ой


10.Ана тілін білмеген адам мәдениетті адам қатарына қосылмайды.

М.Әуезов.

11.Әдептің басы – тіл


12.Қазақтың тілі – сұлу, қонымды да, толымды тіл. Радлов.


13.Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.


Бастаушы:


Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып.

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда

Қазақ тілін жасау керек мәңгілік!


Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсеңде бұл, дұрысы

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.


Бастаушы: Осымен «Ана тілін сүйемін » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет !

I.Жансүгіров атындағы № 130 гимназия КММ








Ашық сабақ


Қыс айлары

3 сынып

















Мұғалім: Құрманғалиева З.Қ.











Алматы 2014-2015оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Қыс айлары.


Сабақтың мақсаты:


Б. Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету. Д. Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Т. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейте отырып, табиғатты сүюге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, слайдтар,қыс көрінісін бейнелей- тін сурет,тірек сызбалар,қыс туралы мақалдар, тест сұрақтары.


Сабақтың әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу

2.Әнұран

3.Түгендеу

4.Кезекшімен сөйлесу а) Қазір қандай жыл мезгілі?

ә)Қыста не жауады?

б)Қазір қай ай? Бүгін нешесі?

в)Ауа райы қандай?


II.Фонеикалық жаттығу. Қыста қызық табамызт,

Аяққа шаңғы тағамыз.

Қуанып, күлім қағамыз,

Сынаптай сырғып ағамыз,

Көк мұзға өрнек саламыз.


-Балалар, бұл өлең қандай жыл мезгілі туралы?

-Қыс.

-Қандай ерекше дыбыстар кездеседі?

-Қ,ң,ғ,ү,ұ,і,ө дыбыстары.

-Дұрыс. Енді үйге берілген тапсырманы тексерейік.

(Оқушылар қыс туралы салған суреттерін көрсетіп,әңгімелейді).

-Суретте қандай жыл мезгілі ?

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Не жауды?

-Дала қандай?

-Балалар не істейді?

-Дұрыс. Жауаптарың тамаша! Біз сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

III.Сөзжұмбақ шешу. Сабағымыздың тақырыбы: Қыс айлары.

1.Енді жаңа сөздермен танысып, аударамыз, хормен,жеке оқимыз.

Қыс айлары- зимние месяцы

Алғашқы – первый

Соғады – дует

Соңғы – последний

Суық – холодный

Аяз – мороз

Жел – ветер

Жаңа жыл – новый год

Аққала – снеговик


2.Сөздермен сөз тіркестерін құра.

Қыс – қыс айлары

Қыс айлары – қыс айлары : желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Қыс – суық қыс

Алғашқы – алғашқы ай

Соңғы – соңғы ай


3. Мына тірек сызба арқылы әңгіме құрастырайық.

айлары алғашқы айы соғады



Жаңа жыл Қыс

аяз


соңғы айы екінші айы



1.Қыс айлары қандай?

2.Қыста не болады?

3.Қыстың алғашқы айы қандай?

4.Қыстың екінші айы қандай?

5.Қыстың соңғы айы қандай?

6.Қыста қандай жел соғады?

7.Қыста не келеді?





Енді құрастырған әңгімемізді оқиық. (хормен, жеке)


Қыс айлары - желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсан – қыстың алғаш қы айы. Суық жел соғады. Қаңтар – қыстың екінші айы. Жаңа жыл келеді. Ақпан – қыстың соңғы айы. Қатты аяз болады.


4.Қыс, қыс айлары туралы қандай өлең, тақпақ, мақал, жұмбақтар білесіңдер?


Балалар- ау, балалар!

Жауды міне, ақша қар.

Аппақ сонау дала да,

Аппақ сонау бақшалар.


Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.


Мінекей, қар жауды,

Ақ мақта ауланы.

Бөледі сәніне,

Жауып тұр әлі де.


Жауды міне, қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды,

Тегістепті орларды.


Қыста мәз боп қаламыз,

Сырғанауға барамыз.

Шытырлаған аязда

Зымырайды шанамыз.


Білесіңдер хоккейді,

Оны қысқы доп дейді.

Қызықтығы соншалық,

Ойнайсың сен жан салып.


-Өте тамаша! Енді кім мақал мен жұмбақ біледі?


Жазда жоқ, қыста бар.

Ол не зат, Ол ма .......(қар)



Бағынбайды ешкімге,

Мұз сауыты үстінде.

Қас- қабағы ақ қырау,

Кім болды бұл батыр-ау? (қыс)


Аязда құрып өрмегін,

Салады небір өрнегін. (қырау)


Суға батпайды,

Отқа жанбайды.(мұз)


Қыста үйге кірмейді,

Көктем шықса жүрмейді. (шана)


Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(шаңғы)



Енді мақал айтайық.


1.Қыстың көзі – қырау.

2.Қыстың қамын – жаз ойла.

3.Қыста - қысыласың,

Жазда – жазыласың.

4.Қыс –арбаңды,

Жаз – шанаңды сайла.

5.Қар – қара жердің көрпесі.


Өте жақсы. Қыс туралы көп өлең, тақпақ, мақал біледі екенсіңдер.

Енді суретпен жұмыс істейік. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1.Қандай жыл мезгілі?

2.Қыста күн қандай болады?

3.Қар қандай?

4.Балалар қалай киінген?

5.Олар не істеп жүр?

6.Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?


Сергіту сәті. «Аязды қыс» әнін орындау.


V. Тапсырмалар орындау. Топтық жұмыс . 1. «Иә», «Жоқ» деп жауап беру керек.


1.Қыста ауа райы жылы бола ма?

2.Қыста қар жауа ма?

3.Қыста құстар ұшып келе ме?

4. Қардың түсі сары ма?

5.Қыста аяз бола ма?

6.Бүгін қар жауып тұр ма?



2.Оқушыларға жеке тапсырмалар беру.


1.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз.

Қазір..... . Қыс айлары - ... , ... , ... . Күн ... .


2.Сөздермен дұрыс сөйлем құра.

Суық, қыста, күн. Тептік, біз, сырғанақ. Болады, Жаңа жыл, қыста.


3.Сөздерді сәйкестендір.


А

Ә


1.Қыста

жаңбыр жауады


2.Жазда

аяз болады


3.Көктемде

салқын болады


4.Күзде

жылы болады



3.Тақтамен жұмыс.

Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.


1.Келді ,суық ,қыс.

2.Жауды, қар, алғашқы.

3.Коньки, тепті, балалар.

4.Жылы , киінеді, адамдар.

5.Соңғы, айы, ақпан, қыстың.


VI.Тест сұрағына жауап беріңдер.


1.Қыста не көп болады?

а)су

ә)жаңбыр

б)қар

2.Қыста күн қандай болады?

а) ыстық

ә)суық

б)жылы

3.Қыстың алғашқы айы

а)қаңтар

ә)желтоқсан

б)наурыз

4.Қыста балалар не жасайды?

а)аққала

ә)ою

б)гүл

5.Қыста қандай мереке болады?

а)Жеңіс күні

б)Наурыз

в)Жаңа жыл


VII. Сабақты қорытындылау.


Үйге тапсырма: Қыс айлары. Мазмұндау, сөздерді жаттау.

Бағалау.




















IV.Суретпен жұмыс.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ана тілін сұйемін

Автор: Курмангалиева Зауреш Канафияновна

Дата: 25.03.2019

Номер свидетельства: 504634

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Сайыс. Тақырыбы: "Ана тілін сүйеміз!""
    ["seo_title"] => string(34) "saiys_tak_yryby_ana_tilin_suiiemiz"
    ["file_id"] => string(6) "379730"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484503151"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Т?рбие са?аты «Ана тілімді с?йемін» 2011-2012ж "
    ["seo_title"] => string(48) "t-rbiie-sag-aty-ana-tilimdi-suiiemin-2011-2012zh"
    ["file_id"] => string(6) "202195"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429194955"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ана к?нні? шуа?ы "
    ["seo_title"] => string(20) "ana-kunnin-shuag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "208039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430731365"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Бастауышым-бастамам,     Білім  жолын  баста?ан. "
    ["seo_title"] => string(43) "bastauyshym-bastamam-bilim-zholyn-bastag-an"
    ["file_id"] => string(6) "214078"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432208870"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ана тілі? - ары? б?л "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-tilin-aryn-bu-l-2"
    ["file_id"] => string(6) "229655"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441817944"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства