kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты «Ана тілімді с?йемін» 2011-2012ж

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Ана тілімді с?йемін»

Ма?саты: Балаларды ?зіні? ана тілін білуге,с?здік ?орын дамыту.С?ра?тар?а д?рыс тияна?ты жауап беруге т?рбиелеу.

Ж?ргізуші: -?айырлы к?н, ??рметті Ана тілімізді? меркесіне жинал?ан ?ауым. Тіл мерекесіне орай ?ткізгелі отыр?ан «мектепалды даярлы?» тобыны? мерекелік ерте?гілігін бастау?а р??сат еті?іздер. Б?л мерекеміз елбасымыз «Н.?.Назарбаевты? 22 ?ырк?йек Тіл мерекесі к?ні болып атап ?тілсін деген бастауын ?олдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Я?ни 1997жылы 22 ?ырк?йек к?ні ?абылдан?ан ?аза?станны? тіл туралы За?ында Республика халы?тарыны? тілдерін ?олдау мен дамыту ???ы?ыны? негізі бекітілген.

1-ж?ргізуші: Балалар ??тты болсын тілі? б?гін

Ашатын жан сарайын білімдеріні?
Кешегі ана? айт?ан, баба? айт?ан
Тілі?е зер салы?дар б?рын?ыны?.

2-ж?ргізуші: ?рбір тілде с?йле ?лемді та? ?ылып,

Ана тілін білмеу ?андай за?дылы?.
?сер бала?, байта? дала? т?р?анда.
?аза? тілі жасау керек м??гілік.

1-бала ?аза? тілім ?з тілім, ана тілім

Абай, М?хтар с?йлеген дана тілім.
?астерлейді ?л-?ызы? м??гі сені
Болаша?ым, ба?ытым дара тілім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты «Ана тілімді с?йемін» 2011-2012ж »

Тақырыбы: «Ана тілімді сүйемін»

Мақсаты: Балаларды өзінің ана тілін білуге,сөздік қорын дамыту.Сұрақтарға дұрыс тиянақты жауап беруге тәрбиелеу.

Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «мектепалды даярлық» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.

1-жүргізуші: Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.

2-жүргізуші: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

1-бала Қазақ тілім өз тілім, ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

2-бала Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.

3-бала Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

4-бала Бұл гүлденіп жайнаған

Гүлстандар Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты
Халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын
Алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін-
Отанымның ұлымын!

Тілім, дінім, самғаған, шарықтасын
Самғаудан еш уақыт жалықпасын
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік

Ән топ: Ана-тілін сүйеміз

Жүргізуші: Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.

Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті!

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.


Жүргізуші: Қазір қазақтың ұлттық биін тамашалайық!

Би: «Қазақ биі» Айгерім Ж, Диана, Таминаш, Мақсат, Абай, Абылай

1-бала
Сүйесің өз тіліңді]
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді

2-бала
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.

Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

3-бала Узнай родной язык

В нем сила и свобода
Узнай родной язык
В нем государства гордость
Родной язык в нем честь
И совесть человека
Учи чужую речь
Свою цени навеки.

4-бала. Там где сладко пахнет смородиной

Там где дом и родная земля.
Это все называется Родина
Дорогая, родная Земля!

5-бала. Какое веселое доброе слово

И солнышка светит так сладко
Мы скажем все вместе
Пусть слышит по всюду

Хормен: Да здравствует дружба Казахстанских ребят

Би: «Орыс биі»
Диас
Шыңғыс
Әділет
Ажар
Амина
Малика

Ару Ана: Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

1-бала Сөз асылы – мақал.
2-бала. Өнер алды қызыл тіл.
3-бала. Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық.

4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.
5-бала. Тіл тас жарады.-

Тас жармаса бас жарады.

Жүргізуші:
Ана тілім- өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңдесемде жарасар,
Ана тілім –баға жетпес өнерсің.


Ән: «Ананың тілі»

Аяулым Н, Жансая А, Меруерт М

Ару Ана:- Талаптарыңа нұр жаусын!

-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: Арқан тарту.

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/

Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам.

2-бала.
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

3-бала.
Ана тілім –елдігім
Ана тілім-ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

4-бала.
Ана тілім-тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

Жүргізуші: Бізге өзбек халқының ұлт өкілдері өз өнерлерін алып келіпті. Қошеметпен ортаға шақырайык!

Би: «Өзбек биі»

Лунара, Данеля

Ару Ана: Балалар әрдайым осындай тату дос болып, өз тілдеріңді құрметтеңдер. Осындай өнерлеріңе тамсанып қуанып кетіп барамын. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Ән хор: -Балабақша туралы

1-жүргізуші:
Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.

2-жүргізуші:
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады-ау
Туған тілді қорғап бақшы қазақ-ау
Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.
Туған тілдің қасиеті ғажап-ау!

Осымен құрметті қонақтар, балалар бүгінгі тіл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!












«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ

Мектепалды даярлық тобы








Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Сүйемін ана тілімді»












Тәрбиеші: Ибраева А.М.








2011 – 2012ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты «Ана тілімді с?йемін» 2011-2012ж

Автор: Ибраева Алия Муталип?ызы

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202195


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства