kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана-өмірдің шуағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар мерекесіне арналған сыныптан тыс іс-шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана-өмірдің шуағы»

Тәрбие сабағының тақырыбы: «Ана өмірдің-шуағы»


Мақсаты: Оқушы бойына әлемдегі асыл жан ананы сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сүюге баулу.


1-жүр. Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танып анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым ата-заңым қабылданып!


2- жүр. Армысыздар асқар таудай әкелер,

Армысыздар аяулы жан аналар,

Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.

1-жүргізуші

Армысыздар білім берген ұстаздар,

Бармысыздар қадірменді қонақтар.

Ақылдылар, ардақтылар, даналар!


2-жүргізуші

Бүгінгі 6 «а» сыныбының 8-наурыз аналар мерекесіне арналған

«Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік концертіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДІР.


Мұғалім сөзі:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8-Наурыз аналар күні келіп қалды. Осынау көркем мерекенің қай кезде болмасын орны бөлек. Олай дейтініміз,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.

Құрметті аналар сіздерді алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын,балаларыңыздың өздеріңізге деген ыстық махаббатын тілеймін.

Өз балаларыңыздың сіздерге шын жүректен арнаған өлең-жырларын қабыл алыңызыдар.





1-жүргізуші

Ақ жаулықты аналар,Мейірімі мол,білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы –аяулы ұстаз апайлар


2-жүргізуші

және қыр гүліндей құлпырған ару қыздар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.


1-жүргізуші

Аяулы Ана!

Күнім де Ана,ай да Ана!

Жетеді саған қай дана?!

Асылым өзің,

Ғашығым өзің,

Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.


2-жүргізуші

Армысың ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән-мен күй,өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

Ән: «Асыл ана»

Орындайтын:Жұмаділ Темірлан


1-жүргізуші

Тағдырына талайдың алаңдайсың

Сәуле болып әлемге таралғайсың

Білім нәрін аямаған асыл ұстаз

Сен менің ең аяулы анамдайсың


2-жүргізуші

«Ұстазға мың тағзым» әні

Орындайтын:Байдыханова Наргиза

Жумат Жанерке,Жадыра Асема


1-жүргізуші. Майысып буындары мың бұралған,

Шашпауы бұрымында сыңғырлаған.

Ортаға бишілерді шақырамыз,

Тамсанган билеріне иен далам.

«Лезгинка»





2-жүргізуші

Ана деген үш әріптен құралған,

Үш әріпің қандай сенің бұралған

Әке деген біз шығатын асқар тау

Қос шынарым аман болсын әрқашан!

Ән:« Анашым- Әкешім»

Орындайтын:Жумат Жанерке, Жадыра Асема, Джулмагамбетова Айгерим


1-жүргізуші

Ана-бала үшін өмірдегі ең қымбат жан. Қандай ана болмасын, балаға деген мейірімін, махаббатын, түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін беріп асырайды.Әр ана баласын дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді.

Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.


2-жүргізуші

Ән : «Анашым»

Орындайтын:Даулетова Айгерім


1 –жүргізуші

«Кукарелла» биімен оқушыларды қарсы алыңыздар


1-жүргізуші

Ана!Ана!Ана! Не деген мейірімді,не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп –тамырында қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.


2-жүргізуші

Ия,Жанерке рас айтасың ананың балаға деген мейірімі мен махаббаты шексіз гой....

Олай болса ендігі кезекті әнге берсек қайтеді?


Ән: «Аяулы ана»

Орындайтын: Алмат Жансая



1-жүргізуші

Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.



Ән:Анажаным

Орындайтын:Байдыханова Наргиза


1-жүргізуші

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында-деп кезекті бишілерге береміз.


«Украина» биімен 5 «а» сынып оқушылары.


1-жүргізуші

Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.



2-жүргізуші

Ана- үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отағасының тәңірісі, шаруаның несібесі.

Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуақ төгеді . Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біздер- ананы мәңгі қастерлеп, бағалап өтейікші!

Десек те уақытпен жарыспайды

Қиялға қиялменен қарыштайды

Балалар шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды-деп

кезекті оқушылардың аналарына арнаған өлең-жырларына береміз.


Жумали Темірлан:

1.Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қақтың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.


Темірбаев Мирас:

2.Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар!




Темірбаев Диас

3.Ана керек! О, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар- аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.


Мақсат

4.Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған

Тілей тұғын сырттай жүріп бақ саған,

Тіршіліктің тынысы мен ажары

Ана деген-теңдесі жоқ жақсы адам


Ельмирхан

5.Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.


Бекжан

6.Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.


Наурызбай

7. Ер жеткізіп, елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


Олжас

8.Өзіңсің сүйікті ана құдіретім,

Жанымда жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.




С.Мирас

9.Асыл ана, ару қыздар - өздерің,

Бізге шабыт, күш береді сөздерің.

Бұл өмірден шын көңілден тілейміз-

Көп болса екен қуанышты кездерің.


Т.Дамир

10.Асыл ана, ару қыздар – баршаңыз,

Қандай ғажап алау болып жансаңыз.

Өмірдегі орындарың бөлек қой,

Құдіретті болсақтағы қанша біз.


11.Аяулым

Ұстаз –Ана! Өмірің шын гүлденсін

Қыраттағы қызыл гүлдей түрге енсін

Бақ пен баян,абырой мен қуаныш

Алдарыңа жүз оралып,мың келсін

Орындалсын арман-тілек ойдағы

Тағат төзім таусылмасын бойдағы

Шағаладай шәкірт үшін «шарқ» ұрып

Аман болған күндеріңнің той бәрі.



12.Диана

Болмасыншы көңілде мұң-наздарың

Тек шатыққа бөленсін қыс-жаздарың

Мереке құтты болсын бәріңізге,

Ең аяулы,асылым,ұстаздарым


13.Асема

Ақ тілеген жат-жақын жуығына

Өмірдің көніп ыстық-суығына

Алпыс қанат орда бұл елімнің

Шаңырағы сендерсің,уығы да

Ақ жүректі аналар берекеміз

Құтты болсын көктемгі мерекеңіз.


1-жүргізуші рахмет оқушылар.

Әсем би әрбір елдің рәсімі екен

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Жаңа биді сіздерге шашу етем-деп кезекті биші қыздарға береміз.

Би «Сарыжайлау»

2-жүргізуші

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып аялайды бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп аналарымызбен бір ойын ойнасақ.

Ойын «Сән салоны» деп аталады.

Шарты: 5 қыздың анасы шығып қыздардың шашын қос өрім етіп өреді.

Келесі ойынымыз «Біз бақытты шаңырақпыз!» деп аталады

Шарты: әрбір ата-ана өз баласының салған суретін табу керек.

1.Отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2.Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?


Ең бірінші бақытым-халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса мен бармын,қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің-деп М.Мақатаев атамыз жырлаған еді.


Қазір тамашалайтындарыңыз теартлық көрініс

М.Мақатаев поэмасы «Аққулар ұйықтағанда»


1-жүргізуші

Анашым менің,саялы қамқор шынарым

Баулуға мені сан азап көріп шыдадың

Тілерің болса алдағы жерде анашым,

Үмітіңді ақтап,арналсын саған жыр-әнім!


Ән: Сенің анаң алтын-менің анам алтын

Орындайтын:Молдабаев Диас,Байдыханова Наргиза

Вальс сынып оқушылары


Қорытындылау

1-жүргізуші

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сіздерден жақын адам бар ма,аналар?!


2-жүргізуші

Асыл ана, ару қыздар –сендерсің,

Өздеріңе қандай нәрсе тең келсін.

Әрқашанда сау-саламат болыңдар,

Барлығыңа алла жар боп дем берсін!-деп бүгінгі аналарымыздың құрметіне арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.


Ән:» «Көңілді күн» Орындайтын:Ануарбек Дильназ және биші қыздар

Хормен аяқтайды:

Арналды гой өнеріміз сіздерге

Жетіңіздер тек бақытты күндерге!


Сіздерге арналды бүгінгі біздің кешіміз

Ардақтайтын,мақтанатын кезіміз

Тәрбиелі ұл-қыздарды өсірген

Ұлы ұстаздар,ата-аналар мына отырған өздеріңіз-деп сөз кезегін мектеп директоры Айза Алпамысқызына,ұлағатты ұстаздарға және ата-аналарға береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ана-өмірдің шуағы

Автор: Алимбетова Айжан Жаркынбековна

Дата: 02.05.2017

Номер свидетельства: 412669

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ана - өмірдің шуағы""
    ["seo_title"] => string(21) "ana_omirdin_shuag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "403012"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490367280"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ана - ?мірді? шуа?ы " "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-5"
    ["file_id"] => string(6) "195227"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427885414"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ана – ?мірді? шуа?ы."
    ["seo_title"] => string(17) "anaomirdinshuagy1"
    ["file_id"] => string(6) "320806"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461149890"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства