Просмотр содержимого документа
«Ана- өмірдің шуағы»
Тәрбие сабағының тақырыбы: «Ана өмірдің-шуағы»
Мақсаты: Оқушы бойына әлемдегі асыл жан ананы сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сүюге баулу.
1-жүр. Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танып анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым ата-заңым қабылданып!
2- жүр. Армысыздар асқар таудай әкелер,
Армысыздар аяулы жан аналар,
Жүздерінен мейіріммен нұр тамар.
1-жүргізуші
Армысыздар білім берген ұстаздар,
Бармысыздар қадірменді қонақтар.
Ақылдылар, ардақтылар, даналар!
2-жүргізуші
Бүгінгі 6 «а» сыныбының 8-наурыз аналар мерекесіне арналған
«Ана-өмірдің шуағы» атты мерекелік концертіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДІР.
Мұғалім сөзі:
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып тағы да 8-Наурыз аналар күні келіп қалды. Осынау көркем мерекенің қай кезде болмасын орны бөлек. Олай дейтініміз,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Құрметті аналар сіздерді алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын,балаларыңыздың өздеріңізге деген ыстық махаббатын тілеймін.
Өз балаларыңыздың сіздерге шын жүректен арнаған өлең-жырларын қабыл алыңызыдар.
1-жүргізуші
Ақ жаулықты аналар,Мейірімі мол,білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы –аяулы ұстаз апайлар
2-жүргізуші
және қыр гүліндей құлпырған ару қыздар сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз.
Ана-бала үшін өмірдегі ең қымбат жан. Қандай ана болмасын, балаға деген мейірімін, махаббатын, түн ұйқысын төрт бөліп,ақ сүтін беріп асырайды.Әр ана баласын дені сау, жақсы азамат болса екен деп арман етеді.
Ана мен бала арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.
2-жүргізуші
Ән : «Анашым»
Орындайтын:Даулетова Айгерім
1 –жүргізуші
«Кукарелла» биімен оқушыларды қарсы алыңыздар
1-жүргізуші
Ана!Ана!Ана! Не деген мейірімді,не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп –тамырында қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.
2-жүргізуші
Ия,Жанерке рас айтасың ананың балаға деген мейірімі мен махаббаты шексіз гой....
Ана- үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отағасының тәңірісі, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуақ төгеді . Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біздер- ананы мәңгі қастерлеп, бағалап өтейікші!