Просмотр содержимого документа
«Ана бақыт, ана жыр.»
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ана - бақыт, ана - жыр, ана - өмір, ана – гүл».
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Нұртілеу.Құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бір - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Мектебіміздің аяулы ұстаздары, сұлу да сымбатты қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер
Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
Ал, балалар сіздер осы мерекенің түп негізін , шығу тарихын білесің бе?
Димаш. 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
Нұртілеу. Өте дұрыс, сенің сөздеріңмен толықтай келісемін.Олай болса, мереке құрметіне арнайы ұйымдастырылып отырған мерекелік кешімізді әрі қарай жалғастырайық.
Шалқып, тасып әніміз Жадырасын жанымыз, Қыздар сендерді құттықтап, Әндетеміз бәріміз.-дей келе ұлдар тобының орындауында ән тыңдаңыздар!
«Менің анам алтын» орындайтын Ізтілеу Димаш
Хормен: Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық. Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне би. Нұртілеу: Ортада Омар Қаракатты «Қазақ биімен» қарсы алыңыздар!
Енді алдарыңызда балаларыңыздың өнерлерін қабыл алыңыздар.
Нұралы Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір - бірден Аналарға сыйлаймыз. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен Құрметті біздің аналар. Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де. Жандияр. Көктемде тіршілік атауы ұйқысынан оянады, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын - шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т. б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым. Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, Жылытар жүрегіңді көз көп дейін Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге Ал енді балаларымыздың дайындаған қысқаша бейне таспаларын қабыл алыңыздар.( «Анаға» видео).
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
ХОР. «Балауса» оқушылар тобы «Анаға сәлем».
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Оқушылар өздері жасаған қолөнерін анасына сыйлайды.
Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды.