Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: | Интерактивті тақта, плакаттар, оқулықтар, акварельдер, палитра,кисточка , гуашь т.б |
ІІІ. Жаңа материалды қабылдау | Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қал-ған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластырған -да қоңырқай сары түс шығады. Көк пен қызыл түстер араласқанда күлгін түс пайда болады.Ал сары және көк түстерді араластыру арқылы жасыл түс алынады. Осы қоспа түстерден пайда болған түстерді жылы түстер,суық түстер деп бөлеміз. Жылы түстерге: қызыл, сары, сарғыш жатады. Суық түстерге: көк, көгілдір, күлгін жатады. Ал символ дегеніміз- бұл кез-келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі.Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады.Бейнелеу өнерінде де, өмірде де түстер символ ретінде жиі қолданылады. Қазақстанның ресми символы-елтаңба. Түрлі елдердің мәдениетін тереңірек зерттей түссе, кез-келген символдың түпкі тамыр Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі. Қызыл түс-махаббат-тың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі.Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі. Қызыл түс-махаббат-тың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі.Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған. Ежелгі құдайлардың үстемдігін, табиғаттан тыс ерекшеліктерін көрсету үшін қызыл киімде бейнелейтін болған. Көптеген халықтарда ақ түс жарықты, өмірді, тазалықты, бейбітші-лікті білдіреді. Ежелгі римде ақбоз аттар , ал Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде ақ пілдер қасиетті саналған. Ақ көгершін- бейбітші-ліктің белгісі. Ал қара түс зұлымдықты, түнді білдіреді. Көп елдерде ол қайғы қасіреттің түсі. Қазақтың декоративтік шығармашылығында көгілдір түс-аспанның символы, жасыл түс-өсімдіктердің, өмірдің белгісі, ақ түс-тазалықтың, құдыретті аспан күштерінің символы, ал сары кең даланы, даналықты білдіреді. |
ІV. Жаңа материалды түсіндіру | А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс | Оқушылар форматтарыңа плакатқа салынған пейзажды бейнелейді . Пейзаж дегеніміз-табиғат көрінісі. Пейзаждың салыну кезеңдерін айтып , тақтаға салып көрсетіледі. Оқушылар форматтарына пейзажды әр кезеңдерімен, рамка сыза отырып акварельмен бейнелейді . |