Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Үш сиқырлы бояу.»
Тақырыбы: Үш сиқырлы бояу.
Жұмыс түрі: Тематикалық сурет салу.
Мақсаттары :
Психоэмоционалдық әрекет арқылы балалардың шығармашылық ой- өрісін дамыту.
Әдемілікті сезім арқылы қабылдауды дамыту;
Түрлі түстер арқылы балалардың эмоцияларын қалыптастыру;
Бояуларды араластырып, басқа түстерді шығаруды үйрету;
Балалардың шығармашылық фантазиясын дамыту.
Көрнекіліктер: проектор, ноутбук, ертегі кейіпкерлерінің суреттері (Қызыл бояу, Көк бояу, Сары бояу, Қара бояу, Қарындаш)
Палитра, су бояулар, гуашь, қылқаламтақырыпқа байланысты құралдар.
Сабақтың құрылым кезеңдері
Кезеңдердің уақыты
Сабақтың методикалық ерекшеліктері, нұсқаулар
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1 мин.
Сәлемдесу, балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Балалардың назарын сабаққа аудару мақсатындағы іс- әрекет
2 мин.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту; музыка арқылы балаларға жағымды мотивация жіберу.
3. Жаңа тақырып
7 мин.
Жаңа тақырып үш сиқырлы бояулар туралы ертегісі арқылы түсіндіріледі.
4.Саусақ гимнастикасы
2 мин.
Бұл гимнастика сурет салу жұмысының алдында балалардың саусақтарының икемділігін жақсарту мақсатында жасалады.
5.Жаңа тақырыпты бекіту
6мин.
Жаңа тақырыпты бекіту тәсілдері:
1.бояулармен тәжірибе жасау; 2.тематикалық сурет салу:
3.Рaint программасымен сурет салу.
6. Сабақты қорытындылау.
5 мин.
Белсенді балаларды белгілеу, мадақтау;
Балалардың жұмыстарын көрсету,
талдау жасау, талқылау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Балалардың назарын сабаққа аудару мақсатындағы іс - әрекет.
3.Жаңа тақырып: «Үш сиқырлы бояу»
Мұғалім: Балалар, бүгін сабағымыздың тақырыбы: «Үш сиқырлы бояу». Біз бұл сабақты ерекше түрде өтетінін айтқым келеді, себебі бүгін біз бір қызық ертегісіне саяхат жасаймыз, бояулар туралы көп қызық нәрсе білетін боламыз. Сонымен, ертегі тыңдауға дайынбыз ба?
Балалар: Иә!
Мұғалім: Бір әдемі түрлі - түсті орманда үш сиқырлы бояу өмір сүріпті. Оларды неге сиқырлы деп айтқанымды, сендер сосын түсінесіңдер.
Танысып қойыңдар, балалар, – бұл Қызыл бояу, мынау Көк бояу, ал мынау тұрған Сары бояу . Олардың бір досы болыпты – Қарындаш. Достар көңілді және бақыттыөмір сүріпті. Әрдайым бояулар орманға шығады екен. Қарындаш көбелектердің, гүлдердің, кемпірқосақтың суретін салады, ал ағайынды - бояулар сол суреттерді бояйды екен. Бояулар жүрген жерде ылғи сыңғырлаған күлкі естілетін болған. Қызыл бояу гүлдерді бояса, ал Көк бояу аспанды, бұлттарды бояйды, Сары бояу болса, ол күн мен балапандарды бояғанды жақсы көреді екен.
Бәрі де жақсы болатын еді, бірақ оларда тағы бір ағалары болыпты - Қара бояу. Қара бояу өзінің ағаларының көңілді болып жүргендерін көре алмайды екен, ол гүлдер мен көбелектерді ұнатпайды , барлық жер қап- қара және тып- тыныш болса дейді. Ол барынша зиянын келтіре берді: бірсе әдемі суретті бүлдіреді, бірсе біреуді итеріп кетеді.
Бір күні Қара бояу осы әдемі жерді алып қойып, өзінің сүйікті қара түсіне бояйтын болды. Әдемі гүлдердің суретін салмасын деп, ол Қарындашты бір қараңғы жерге қамап қойды, қараңғы түнде өзінің қара достарымен ормандағы барлық әдемі суреттерді қара түске бояп тастады. Азанда ағайынды - бояулар ұйқыдан тұрса, өздері де, барлық жер де қара түсті болып қалғанын көріп, қайғыға батады. Тіпті жыласа да, көз жастары қара болады. Ағайындылар жылап отыр, не істерін білмейді. (тақтаға қара көз жастың суреттері ілінеді). Қара бояудың қуанышында шек болмады. Орманда көптен күткен тыныштық орнады. Құстар ән айтпайды, көбелектер ұшпайды. «Енді Қарындашты жіберсем де болады,- дейді,- ол еш нәрсені өзгерте алмайды,» - деді. Қарындаш жылап отырған достарын көреді, оларға көмектескісі келіп, әдемі гүлдің суретін салайын десе, бәрі қара болып шығады. Қарындаш өз достарын құтқарамын деп шешті. Ол үлкен қара бұлттың суретін салды да жаңбыр жауғызды. Жаңбырдың арқасында ағайынды бояулар қара түстен құтылып,бұрынғы қалпына келеді. Гүлдер де, көбелектер де - бәрі де қайтадан түрлі түсті әдемі болып кетті. Ағайынды бояулар қуанып, бұрынғыдан да қатты күліп, ойнауға кірісті.
Осы кезде Сары бояу мен Көк бояу бірге қол ұстасып айналып жүргенде, олардың бояулары қосылып, жан жаққа шашырап, басқа түс пайда болды.
Қандай түс шыққанын, біз саусақ гимнастикасын жасап болғасын көреміз.
4.Саусақ гимнастикасы.
5.Жаңа тақырыпты бекіту.
Мұғалім: Ал, енді балалар, қолымызға бояу алып, жаңа қандай түс пайда болғанын өзіміз көрейік. Бірінші сары бояуды аламыз. Енді оған көк бояуды араластырайық. Қандай түс шықты?
Балалар: Жасыл!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Енді сары бояу мен қызыл бояуды қосып көрейік. Қандай түс шығардық?
Балалар: Қызғылт сары!
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, бәрін дұрыс айтып жатырсыңдар. Енді қызыл бояу мен көк бояуды араластырайық. Не шықты?
Балалар: Күлгін көк түс!
Мұғалім: Балалар, сендер дұрыс жауап берген сайын, бояулар көңілденгені сонша, енді үш түс қосылып кетті: қызыл, сары, көк. Кәнеки, бояуларды араластырайық. Қандай түс шықты?
Балалар: Қоңыр!
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Бәрің жақсы жауап бердіңдер. Ал, енді кім айтады: қызыл, сары, көк бояуларды мен бүгін неге сиқырлы деп айттым?
Балалар: Өйткені, олардан басқа түстерді, басқа бояуларды шығаруға болады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бояуларды дұрыс араластырса, олардан басқа да көп түстерді шығаруға болады екен.
Ал енді, балалар, осы бояуларды пайдаланып, сендер өздерің бір әдемі сурет салыңдар. Мен музыка қосып қоямын, сендер жұмыстарыңды бастай беріңдер (емдік әуен ойнатылады).
5.Сабақты қорытындылау.
Балалардың салған суреттерін тексеру, бағалау, мадақтау.
Белсенді балаларды белгілеу, мадақтау.
Мұғалім: Балалар, барлық суреттер ерекше әдемі болып шығыпты. Себебі, сендер сиқырлы бояуларды пайдаландыңдар. Осы суреттерден тіпті көрме ұйымдастыруға болады деп ойлаймын. Бұл суреттер көңіл күйімізді көтеріп, бізге жақсы әсер қалдырды.
2.Рaint программасымен сурет салу.
Мұғалім:Құрметті қонақтар, бүгін балалардың су бояу және гуашьпен қалай сурет салғанын көрдіңіздер.Ал біздің балалар компьютер арқылы да сурет сала алады. Кәзір Гүлмира сабақтарымызда өзінің үйренгенін көрсеткісі келеді.
(Гүлмираның суретін талдау)
Рахмет сендерге, балалар. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, келесі сабақта біз осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, басқа сурет салуды үйренеміз. Сабағымызға келген қонақтарымызға да рахмет айтып, сау болыңыздар дейміз.