kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Табиғат аясында бір тұлғалы композиция»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Берілген сабақ өңдемесі Кескіндеме сабағында түстермен жұмыс жүргізу барысында (бағдарлама бойынша) салқын және жылы түстерге жаттығу жасауға карастырылған."Табиғат аясындағы бір тұлғалы композиция" тақырыбындағы сабақтың жоспары 11-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Табиғат аясында бір тұлғалы композиция»»


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ақтөбе қаласының білім беру бөлімі

Қалалық көркемсурет лицейі














Кескіндеме сабағында 1 класқа арналған

«Табиғат аясында бір тұлғалы композиция»

тақырыбында ашық сабақ жоспары









Өңдеген: қосымша білім беру педагогі

Көпжасаров Б. Р.








Ақтөбе қаласы

2012 жыл.



Сабақтың тақырыбы: Табиғатта бір тұлғамен композиция

«Салқын және жылы түстер»


Сабақтың тәсілі: оқушылармен жалпылама және жеке жұмыс.


Сабақтың мақсаты: - жылы және салқын түстер реңіне жаттығулар,

түстер жайында білімдерін бекіту

- бояу түстері жайлы таным түсінігін кеңейту,

бояумен жұмыс істеу әдіс тәсілдерін дамыту,

шығармашылық жұмыс жасауға баулу.

  • түстердің бір бірімен үйлесімділігін табуға,

бейнелеудің қыр-сырын білуге эстетикалық

тәрбиелеу.



Талаптары: 1. Бейнені құрудағы композициялық негізгі үйлестіру.

2. Жұмыс жасауда көркем талғамға тәрбиелеу.

3. Көлем, түс, бейнені құруда шығармашылық ізденіс.


Сабақтың көрнекілігі:


Оқытушыға : Көшірмелер, ҚКЛ оқушыларының үздік жұмыстары,

спектр шеңбері, хроматикалық-ахроматикалық түстер тобы бар

кесте, слайд көрсетілімі.

Сабақ құрал жабдығы:

Оқушыға: А-3 көлемді қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы,

қылқаламдар(тиін, пони), түстапқыш, суқұйғыш ыдыс,

қолсүрткіш (салфетка).


Сабақтың жоспары:


1.Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)

2.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту,

оқушылардың білімдерін бекіту ( 4 мин)

3. Жаңа сабақты түсіндіру (10 мин)

5. Тәжірибелік жұмыс (20 мин)

6. Сабақтың қорытындысы, бағалау (4 мин)









Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, оқушыларды бүгінгі сабақ

барысына дайындау, кабинет құрал-жабдығы дайындығы.


II. Кіріспе: Оқушылар бүгінгі кескіндеме сабағымызда жалғастыра, жаңа

ерекше жұмыс -табиғат аясында бір тұлғалы композицияны орындаймыз.

Сонымен бірге жылы және салқын түстермен жұмыс жасап, оның бір

бірімен үйлесімділігін табуды ұғынамыз. Бүгін негізгі үйлестіру

жұмыстарын жүргіземіз.


Өткен сабақтан бекіту сұрақ Ұяшықтар ойыны:

1. Оқушылар, табиғаттағы жалпы түстерді неше топқа бөлеміз?

( хроматикалық, ахроматикалық)

2. Басты түстер тобына қандай түстер жатады?

(қызыл, сары, аспан көк)

3. Ахроматикалық түстер тобы дегеніміз не?

(ақтан қараға дейінгі немесе қарадан аққа дейінгі түстер тобы)

4. Хроматикалық түстерге қандай түстер жатады?

(қызылдан күлгінге дейінгі кемпірқосақ түстері)

5. Хроматикалық түстер қасиетін атаңдар?

(қанықтылық, ашықтылық, түстік өң)

6. Хроматикалық түстерді неше жікке бөлеміз?

(екі: жылы және салқын)


1

Е

2

Р

3

Т

4

Е

5

Г

6

І


Мұғалім: енді, оқушылыр, осы ұяшықтардан шыққан әріптерді оқысақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады (оқушылар жауабында: ертегі). Яғни, бүгінгі кескіндеме сабағымыз ертегі әлемімен байланысты болмақ.


III. Түсіндірме: Оқушылар, біздер кескіндеме сабағында түстер жайында мәліметтерді біле келе, табиғатта қандай түстер тобы бар екенін және олардың қасиеттерімен танысып, басты түсті біліп, одан қосымша түсті алуды игердік.

Түстермен жұмыс жасауда одан әрі жетік білуіміз үшін бүгінгі жаңа тақырып « Табиғат аясындағы бір тұлғалы композиция». Бейненің табиғат аясындағы көңіл -күйін композициялаймыз. Мұғалім: балалар, композиция сөзі нені білдіреді?

(оқушылыр жауабында: композиция латынның қазақша баламасы ойлап табу құрастыру деген мағына). Мұғалім: дұрыс, композиция жалпыға ортақ құрастыру, не ойлап табу деген мағына. Олай болса, бүгінгі сабақ мазмұны табиғат аясындағы бір пішіннің көрінісі болып табылады. Яғни, біздер жылы және салқын түстер тобы арқылы бейненің көңіл күйін көрсете шығармашылық жұмыс орындаймыз. Көңіл-күй түріне келсек, олар әр-түрлі екенін білеміз солай ғой. Осыны міне біздің оқушылардың үздік жұмыстарында да көреміз. (мұғалім көрнекілікпен жұмыстар көрсетеді )

Мұғалім: мұңды және қуанышты көңіл-күйге қандай түстер тобы келеді деп ойлайсыңдар? Қуанышты көңіл-күйге жылы түс, ал мұңды көңіл-күйге салқын түстер келеді десек қателесеміз бе? Сендер өз шығармаларыңды, қиял ертегі бейнелеріңді көңіл-күйге байланысты қуанышты және мұңлы бейне ретінде қандайда бір тұлға арқылы композициялайсыңдар. Дәлірек айтсақ, ойдан қиял арқылы шығарма туғызасыңдар. Бейнені табиғатпен, көңіл-күйімен, түстердің белгілі топтарымен жұмыс жасаймыз. Жұмысымызды ертегі әлеміне саяхаттап, сол ертегі әлемінің белгілі кейіпкерлерінен бейне құрамыз.

Мұғалім: оқушылар, қандай ертегі білеміз? (оқушылыр жауабында: “Ер төстік”, ”Бауырсақ” ертегісі, “Қаңбақ шал”және т.б). Ертегілерді негізінен неше жікке бөледі? Халық ауыз ертегілерін негізгі үш жікке бөледі екен, олар:

а) қиял-ғажайып ертегілері,

ә) хайуанаттар жайлы,

б) тұрмыс-салт ертегілері.

Солардың ішінде ең көне түрі ­­ қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімі табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі «жанды», «киелі» деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой мен тілегінің түйінінен шыққан. Оқушылар, қандай ертегілерді білеміз, атайық? “Алдар көсе”, “Ер Tөстік”, “Нан батыр”, “Күнекей қыз”, “Алтын сақа”, “Үш өнерпаз” т.б. Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар? (оқушылыр жауабында: “Мыстан Кемпір”, “Дәу”, “Саққұлақ”, сөйлейтін есек т.б). Мұғалім: ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Кейіпкерлер қандай мінезді? Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...

Оқушылар, қазіргі таңда қазақ ертегілеріне сурет салып жүрген суретші ағамыз қазақтың ұлттық нақыштағы бейнесін көрсетіп жүрген Ағымсалы Дүзелханов. Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы Қызылорда облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, сосын В. И Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік институтын бітірген. Өзінің шығармашылық қызметінде қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында, станокты графика және тарихи суреттер саласында жемісті еңбектер атқарған. Тарихи тақырыпта 300 ден астам кітап және 50 плакат жасаған. Ол жаңа кездегі мектеп оқулықтарының көпшілігін безендірді. Айталық “Әліппе”, “Бейнелеу өнері” , “Музыка” , “Көне Қазақстан тарихы” , “Қазақ тілі” т.б кітаптарды безендірді. Суретші Қазақстан Республикасының валютасы - теңгенің дизайнын жасауға қатысты. Дүзелханов қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелеріне образдар жасап суреттер салды: “Айман Шолпан”, “Қыз Жібек” , “Томирис”, “Алтын Сақа” eртегісі “Түлкінің қулығы” т.б. жұмыстарынан көре аламыз. (мұғалім көрнекілікпен жұмыстар көрсетеді)

Ойымызды жүйткіп болсақ, енді бүгінгі сабақ тақырыбына сай жұмыстарды жүргіземіз. Оқушылыр, түстік шеңберге назар салайық. Хроматикалық түстер тобының жылы және салқын реңіне қандай түстер өңі кіреді? ( жылы түстерге қызыл, сарғыш сары және оның қоспалары жатса, салқын түске көк, күлгін түстердің қоспаларын жатқызамыз). Осы хроматикалық түстер бөлігіне табиғатта қандай құбылыстар мен заттарды теңеуге болады? Мысалға, қызыл түс ол оттың түсі, сары түс ол күннің, алтынның, дәннің түсі, көк ол аспан немесе мұздың, судың, жасыл жапырақтың, жазғы жер бетінің түсі десек, күлгін ол жауынды аспанның деп атауға болады. Солай болса, әрбір түсті жоғарыда айтылған ертегі кейіпкерлерімен байланыстыра, жылы және салқын түстерге көңі-күй келтіруге болады. Міне, бүгінгі сабағымыздың негізгі мазмұны да осы. Түстерді араластырып қағаз бетінде көңіл-күй көрсетеміз. Мысалға, қатыгез кейіпкерді түстердің салқын қоңыр түрімен берсек, жақсы кейіпкер арқылы түстердің жылы түрін көрсетуге болады. Міне, хроматикалық түстердің жылы және салқын реңінен араластыра қағаз бетінде табиғат аясымен қандайда бір бейнелік кейіпкерді көрсетеміз.


IV. Тәжірибелік жұмыс:

Тапсырма: Оқушылыр, жоғарыда айтылған түсіндірмеге сәйкес жұмысымызды бастайық. Біздер бүгінгі үш сабақта негізгі үйлестіру жұмыстарын жүргіземіз. Жылы және салқын түстерге жаттығулар орындаймыз. Қағаз көлемінің пішінін алдымен болашақ бейненің композициялық құрылымына сәйкес орналастырамыз, тік не көлденең етіп. Сондай-ақ, жұмыстың әр түрлі-көңіл күйін көрсетуде мұңлы, қуаныш, нәзіктік, айырмасыз шексіздік, қатігездік, сараңдық, тағы басқа көңілдерді көрсетуді шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асырамыз. Осындай көңіл-күйлерді түстердің түрлі өңінен береміз, әрине, хроматикалық жылы және салқын түстерді қоса. Сурет саларда қағаз бетін жеңіл сызықтармен негізгі бейнеден бастаймыз. Қарындаштың қаттылығы жоғары түрін Т 2 , Т 3 қолданған жөн.

Жұмыс неден басталады:

  1. Бірінші ойлау.

  2. Композиция.

  3. Үйлестіру.

  4. Түсте жұмыс жасау.

  5. Өз-өзіне баға беру, жұмысқа баға беру.

Енді жұмысқа кірісе беруге болады. Бүгін біздер қандай мақсатта жұмыс жасайтынымызды біле отырып, бейне жасауды өзіміз шешеміз. Ең басты талап – композицияны жүйелі құру, жұмыстың бірлігін бұзбау, сонымен бірге бейне сызықтары мен түсті беруде ережені бұзбай талаптарға сай болуы қажет.


V. Cабақтың қорытындысы, бағалау:

Сұрақ: - Оқушылыр, жылы және салқын түстерге қандай түстер тобын жатқызамыз?

- Ертегілер неше жікке бөлінеді екен?

- Қазақ ертегілеріне сурет салған суретші кім болды?

Оқушылардың сұрақ-жауаптарына қарай, бүгінгі жасалған жұмыстарына қарай бағаланады. Көрме және жұмыстардың қорытындысы жасалып, аяқталған жұмыстар тақтаға ілінеді. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған теориялық білімдері қорытындыланады.




Көрнекіліктер




Түстік шеңбер Салқын және жылы түс шеңбері








Хроматикалық түстер


Жылы түстер Салқын түстер





Көңіл-күй түрлеріне байланысты кейіпкерлеріміз:

Ақшақар бейнесі Мыстан кемпір бейнесі

Аяз ата бейнесі Сиқырлы бақа



Көлтауысар бейнесі Мақта қыз бейнесі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Табиғат аясында бір тұлғалы композиция»

Автор: Копжасаров Бакыт Уристемович

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 412009

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Кіріктірілген ойын-сауы?:«Таби?ат аясында?ы саяхат» "
    ["seo_title"] => string(56) "kiriktirilghien-oiyn-sauyk-tabig-at-aiasyndag-y-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "129101"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415635584"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(77) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті:"Таби?ат-Ана" "
    ["seo_title"] => string(47) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-tabig-at-ana"
    ["file_id"] => string(6) "129163"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415642039"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Алатау аясында "
    ["seo_title"] => string(15) "alatau-aiasynda"
    ["file_id"] => string(6) "177545"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424680977"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Конспект занятия "
    ["seo_title"] => string(19) "konspiekt-zaniatiia"
    ["file_id"] => string(6) "129091"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415634774"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Аналар асыл жандар!"
    ["seo_title"] => string(21) "analar-asyl-zhandar-1"
    ["file_id"] => string(6) "313555"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459504548"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства