kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саулет өнері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін айту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саулет өнері»

Сынып: 5-6

Күні: 5.05

Сабақтың тақырыбы:Саулет өнері 5 сынып

Саулет- ғасырлық шежіресі 6 сынып

Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін айту

Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері, тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру

Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. жаңа терминдерді ұғындыру.

Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың типі: сайыс сабақ

Сабақтың түpi: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: жарыс, топқа бөліп оқыту

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер , бояулар.

Сабақтың құрылысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-амандасу, оқушыларды түгендеу.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

2. психологиялық дайындық :Құрал-жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.(6 сынып тапсырмасы)

- Әбілхан Қастеев қандай суретші?

- Ол суретке қай кезеңнен бастап бейім болған?

- «Қарындастың портреті» және «Автопартрет» атты туындыны қай жылы жарыққа шығарды?

-Әбілхан Қастеевтің қандай туындыларын білесіңдер?

Үй тапсырмасы 5 сынып тапсырмасы. Біз өткен сабақта Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары тақырыбын қамтыдық ендеше бейнелеу түрлері нешеге бөлінеді екенін кім атады: Атап айтқанда графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.

Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.

Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)

Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Жақсы ендеше жаңа сабағымызды бастамас бұрын сіздерге:

Ендеше балалар біздің бүгінгі тақырыбымыз саулет өнері. тақырыпты түсіндірмес бұрын сендерге қосымша сұрақтар қоямын:

Оқушыларды ІІ топқа бөлініп отырайық

1 топ - көк түс бөлса

2 топ - қызыл түс болсын

Қазір топ жетекшісін тағайындайық.

Карточкалар таратамын, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipгe дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. (бағалау қағазын жасау)

Әр топта 5 сұрақтан алады сұраққа дайындолсақ қол көтеріп жауап береміз

1. Пейзаж өнері деген не? - табиғат көрінісін бейнелеу

2. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта

3. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін

4. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын

5. Жылы түстерді ата. сары, жасыл, қызыл

2 - топқа 5 сұрақтан қойылады.

1. Адам өмірінде баспана қандай рөл атқарады?

2. Баспана қандай қасиеттерге ие болу керек?

3. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа

4. Сен қандай сәулет ескерткішін білесің?

5. Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр.

Жақсы балалар ендеше жаңа сабағымызға көшейік

Жоспар:

1. Сәулет өнері тарихы.

2. Сәулет стильдері.

4. Роман стилі

5. Готика стилі

6. Орта Азия мен Шығыс сәулеті

7. Қазіргі заман сәулет өнері. (слайд) астана т.б. көрсету


Сәулет өнері тарихы.

Слайд ғимараттарды көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру.

3. Жаңа сабақ: Бүгінгі салынып жатқан ғимараттар ерте кезеңдегі ғимараттарға мүлде ұқсамайды.

1. Сәулет өнері адамдардың өмірімен мен қызыметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрлыстар, сондай - ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қай елге, қалаға барсақ та, біз ғажайып әдемі сұлулығымен көз тартатын ғимараттар, сарайлар, мешіттер, тұрғын үйлер, өнеркәсіптік кешендер көріп жүрміз. Бірақ осы өнер түрі қалай аталатынын біле бермейміз. Бұндай сұлулық сырын бойына сіңірген өнер туындысын -«сәулет өнері» немесе «архитектура» дейді, грек тілінен аударғанда «аға құрлысшы» деген мағына береді. Архитектура деген тек ғимараттар мен құрылыс салу емес, сонымен бірге адам баласының өмір сүру тіршілігіне қажет кеңістік пен ортаны тиімді, пайдалы етіп ұйымдастыру. Сәулет өнері асқан шеберлікті қажет етеді. «Сәулетті шығармаларда бұлжытпай орындалатын 3 қасиет болуы керек» деген.

Олар:

а) беріктік - инженерлік есеп;

ә) қолайлылық - тұрмыс жағын білуге байланысты;

б) әдемілік - талант - талғамға байланысты.

Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысты. Қазіргі заманда адамдар сәулетті де салтанатты өмір сүргілері келеді. Сондықтан сәулет өнері де адамдардың талғамына қарай дамып отырады. Сіздер білесіздер, бүгінгі күні сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Әдемілік шарттарын ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек. Адам баласы көне заманнан бастап құрлыспен айналысқан. Олар үйді қамыстан, балшықтан, ағаштан, тал шыбықтардан салған. Тіпті су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Ғасырдан - ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары архитектуралық ескерткіштер қатарына жатады.

2. Енді ежелден түркі халықтарына тән болып келген сәулеттік құрлыстарға байланысты бірнеше атауларға тоқталып өтейік.

Мавзолей - монументтік бейіттердің аты.

Медресе - мұсылмандардың ең жоғары рухани мектебі.

Мешіт - мұсылмандардың діни ғимараты

Мозайка - түрлі түсті тастардан, боялған әйнектен сыртқы қабырғаға салынған сурет

Күмбез - өзінің сипаты жағынан әр түрге бөлінеді. Олар шеңберлік күмбез, сына бейнелі күмбез, баспалдақты күмбез, жұлдызды күмбез және т. б.

Сәулет өнері ежелден келе жатқан бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады.


Роман стилі

Европалықтарда менің үйім - менің қамалым - деген мәтел бар. бұл мәтелді айтқан кезде әрбір адамды, өмірдің қиыншылығынан қорғап, оларды жеңуге көмектесуін меңзейтін болар.

Готика стилі

12 ғ роман стилі ақырындап готика стиліне ауысты. ауыр да ұсқынсыз ғимараттардың орнына аспанмен таласқан биік ғимараттар бой көтерді. христиан дінінің бекуіне байланысты готика стилінде діни қызмет пен рәсімдер өткізілетін соборлар болды. Терезелері сәнді витраждармен жасалған. Гүлөрнек – негізгі элементі болып табылды. Қоңырау – ажырамас бөлігі болды. 15 тонна салмағы, салтанатты кездерде ғана соғылатын.

Собор мен оның салыну тарихына байланысты оның көптеген аңыздары бар. соның бірі қақпасын жасаған ұста туралы, денсаулығынан айрылған. ал құлыптардың құпияс әлі күнге дейін ашылмаған.

Орта Азия мен Шығыс сәулеті

Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері негізінен арабтар енгізген ислам дінінің ықпалымен дамыды. мұсылмандарға адам мен жануарларды бейнелеуге тиым салынған. Сондықтан суретшілер өрнектер мен оюлар арқылы көрсеткен, мозайкалармен, геометриялық өрнектермен безендірілген

Жиі болған шапқыншылық пен табиғат апаттарына байланысты Орта Азиядағы ескерткіштерінің көбісі қирап жойылып кеткен.

Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - қазақ халқының мақтанышы. Ұлы ойшыл және ақын Қожа Ахмет Йассауи құрметіне тұрғызылған кесене. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша салынған.

Кесене ішінде үлкен тайқазан, жеті металл қосындысынан құйылған.салмағы - 2 тонна, диаметрі 2 метр.

Ал қазіргі заман сәулет өнеріне келсек. олар - Көп қабатты үйлер, театр үйлері, қонақ үйлер, бәйтерек, Ақ Орда, Нұрмешіті т. Б.

Қазіргі кездің сәулет өнері

Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда. Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын. Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.

- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?

- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу

Ү. Сабақты пысықтау.(тапсырма бер екі топқа)

Оқушыларға тапсырма беріледі әрекі топ өзінің плакатына, топтасып сурет салады. Балалар, сендерге «Астана» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Сызықтық және ауа перспективасын есіңе түсір. жұмысты акварель, гуашь, фломастер немесе аппликация түрінде орындауға болады. (жұмыс аяқтау)


Топқа бөле отырып, «ойлан тап» ойынын ойнап, тақырып бойынша тапсырма беру. қай топ бірінші қол көтерсе сол топ жауап береді.

Ә) Сөйлемді аяқта треннингісі:

1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі...... әмірі бойынша тұрғызылған (Әмір Темір)

2. Орта ғасырдағы сәулет өнерінің жауһары -..... (Регистан)

3. Регистан сәулет кешені.... тұрады. (Самарқан қаласы)

5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі....... орналасқан. (Түркістан)

6. Кесененің ішінде үлкен..... бар (қазан) жақсы.

Ендеше балалар қазір тақтаға сөз жазылады.. Сонан соң екі - үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды.. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, онда ұпай жинайды.

Стиль, , роман,Түркістан , сәулет.

ҮІ. Қорытындылау.

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту сұрақтарын қоямын.

1.Сәулет өнері деген не? (құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет дейді)

2.Стиль деген не? ( Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды стиль деп аталады)

3.Қазіргі заман сәулет өнері мен өткен ғасырлардағы сәулет өнері айырмашылығы неде?

4.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада салынған?(Түркістан)

Сонымен біз балалар сәулет өнеріне саяхаттап өттік, сендерге ұнады ма осы саяхат, несімен ұнады қандай қызық деректер білдіңдер?

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Сонымен балаларды топпен бағалау

1 топ - көк түс

2 топ - қызыл түс

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: медресесінің суретін сурет дәптерге салып келу.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Саулет өнері

Автор: Сайран Анаргуль

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 381915

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Архитектура ж?не ?нер""
    ["seo_title"] => string(28) "arkhitiektura-zh-nie-onier-2"
    ["file_id"] => string(6) "252425"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447387445"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(13) "Дизайн "
    ["seo_title"] => string(6) "dizain"
    ["file_id"] => string(6) "193279"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427620315"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства