Разроботка открытого урока."Ба?ыт ??сы" проводяшийся в четвертых классах. урок с раздела живопись, на уроке учащиеся используют акварельные краски и гуашь, также знакомятся с методом рисования"трафаретирования" смешивая цвета они закрашивают лист используя трафарет и у них получаются отличные рисунки.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«разработка открытого урока "Ба?ыт ??сы" »
Бейнелеу өнері 4 «А» сынып
Күні: 23.04.
Сабақ № 33
Сабақтың тақырыбы: «Бақыт құсы» (гуашь). Табиғи формалардың сәндікке алмасуы.
Оқу-тәрбиелік мақсаты мен міндеттері:
білімділік: Дәстүрлі емес сурет салу әдісі арқылы «Бақыт құсы» суретінің салу жолын түсіндіру,
дамытушылық: оқушылардың байқампаздығын және сурет салу қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат сұлулығына деген сүйіспеншіліктерін арттыру
және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Сабақ түрі: ашық сабақ.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:
Мұғалім үшін: Сабақ көрнекілігі: слайд презентация, құс мүсіні, құс суреті.
Оқушылар үшін: сурет дәптер парағы, гуашь, құс суреті қиылған трафарет, қылқалам,су құйылған құты, паралон, рамка-қағаз, жіп оралған ағаш тілік, жай қарандаш, өшіргіш, газет, желім, майонез қақпағы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі -5
Үй жұмысын тексеру -7
Жаңа сабақты түсіндіру -10
IV. Оқушылардың өзіндік жұмыстары -15
V. Сабақ қорытыңдысы -4
VI. Үй тапсырмасы -2
VII. Бағалау -2
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме!
- Отырындар !
- Сыныпта кім жоқ? (Сыныпта жоқ оқушыларды белгілейміз.)
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереміз!
Сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын айтамыз.
II.Үй жұмысын тексеру:
Өткен сабақта біз-сіздермен «Батыр», «Жас ару» портреті (коллаж) тақырыбын өткен болатынбыз.
Өткен сабақты қайталау ретінде оқушыларға сөзжұмбақ шешуді ұсынамыз.
Адам бейнесін салумен айналысатынды кім дейміз? (портретші)
Алғашқы нобай сурет?(долбар)
Қарандаш, бояу ұстаған адам?(суретші)
Қара бояу.(тушь)
Портрет, пейзаж, натюрморт – бір сөзбен айтқанда... .(жанр)
Суда еритін мөлдір бояу.(акварель)
Бояу ұнтағы мен жұмыртқаның сары уызынан жасалатын берік бояу.(темпера)
Үй жұмысын тексеру.
III. Сабақ тақырыбы: «Бақыт құсы» (гуашь). Табиғи формалардың сәндікке алмасуы.
-«Бақыт құсы» қазақ халқының ертегісі. Ал осы ертегіні қабыл алыңыздар:
-Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, бір кедей бала қой бағып жүріп, жерде жатқан қанаты сынған балапанды көреді. Оны сол бойда алақанына салып, үйіне алып келеді. Әке-шешесіне, інісіне көрсетіп, шағын ұя жасап, бағады. Әкесінің көмегімен қанатын емдеп, жазады. Балапанға өздері сауып отырған жалғыз сиырының сүтін беріп асырайды.
Бала қой бағуға кеткенде тентек інісі балапанды қызық көріп, ұядан шығарып алып, ұрып-соғып, қинайды екен. Соған шыдамаған балапан өскеннен кейін ренжіп, бір жаққа ұшып кетеді. Бала жылап, оны қанша іздесе де, еш жерден таба алмайды. Сол құс ұшып кеткелі інісі қатты ауырып,
малдар өліп, үй іші көп қиындық көреді.
Бір күні бала осы қиындыққа шыдай алмай, далада жылап отырса, қасына бір құс келіп, қоныпты. Ол баланы жұбатқандай болып, айналшықтап, шықылықтай береді. Анықтап қараса, баяғы өзінің балапаны сияқты, тек аздап өсіп кеткен. Бала қатты қуанып: - Енді сені ешкімге жәбірлетпеймін, - деп, үйіне алып келеді. Содан бері бұл үйге үлкен қуаныш келіп, інісі ауруынан жазылып, малдары көбейіп, бақытты өмір сүріпті. Бұл – бақыт құсы еді...
Ал осы ертегіде басты кейіпкері кім?
Әрине, ол - бақыт құсы.
Бақыт құсы көбінесе «таус» құсына теңеледі екен.
Осы сабақта біз-сіздермен бақыт құсының суретін саламыз. «Бақыт құсы» қазақ халқының ертегісі болғандықтан, оған қазақ халқының ою-өрнектерін қосып салсақ артық болмас.
Бақыт құсының суретін салған кезде, дәстүрлі емес сурет салу әдісін қолданамыз.
Дәстүрлі емес сурет салу әдісі дегеніміз не?
Осы сабақта біз сіздермен трафареттеу және дақтау әдісін қолданамыз.
Оқушыларға сурет салу кезеңдерін түсіндіреміз:
1-ші кезең: трафаретті қағаз бетіне орналастыру
2-ші кезең: пайда болған суретті паралонға жағылған бояумен бастыру
3-ші кезең: суретті рамкалау; ол үшін біз сурет пішініне қарап қағазды қиямыз
4-ші кезең: пайда болған рамканы жіп оралған ағаш тілікке бояу жағып бастырамыз
5-ші кезең: сурет пен рамканы бір-біріне жабыстырамыз.
Сурет дайын!
IV. Оқушылардың өзіндік жұмыстары: Оқушылар өзіндік жұмысқа көшеді, мұғалім оқушылардың жұмыс барысын мұқият бақылайды.
V. Сабақ қорытыңдысы: сабақты қорытындылай келе, сыныпта шағын көрме ұйымдастырамыз, оқушылар өз жұмыстарын тамашалап, сыныптастардың жұмыстарына баға беруге мүмкіндік жасаймыз.
VI. Үй тапсырмасы: «Бақыт құсы» ертегі желісі бойынша иллюстрация жасау.
VII.Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын композициялық, графикалық, кескіндемелік көрсеткіштеріне қарай бағалаймыз.