Сыныбы: 5
Күні:
Мұғалімі: Жораев Е.
Пәні: бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы:
Астана- менің іңкәрім
Сабақтың мақсаты:
Астана қаласы жайлы мәліметтер беру. Астана қаласының сәулетті ғимараттары жайы оқушылардың білімдерін анықтау, оқушыларды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Отан туралы білімдерін толықтыру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Күтілетін нәтиже:
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, дұрыс сызуға, ойындағы бейнені жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, топтық, жеке жұмысқа дағдыланады
Әдіс-тәсілдер
Тәсілі: жеке, топпен
әдіс: іздену, сұрақ-жауап, тұжырым
Негізгі дерекөздер
Слайд, плакат, АКТ, қарындаш, қылқалам, түрлі-түсті бояу
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1 мин
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Кезекші бүгінгі сабақта кім келмегенін айтады
1 мин
Түрлі-түсті қағаздар таратылып топқа бөлінеді, топ ережесін сақтауын қадағалайды
Оқушылар ұқсас түстермен бірігіп 3 топ құрайды: топ ережесін сақтауға ұмтылады
Қызыл түс «Сәулетшілер»
Жасыл түс «Мүсіншілер»
Сары түс «Сәнгерлер»
Қызығушылықты ояту
8 мин
Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету
Осыған байланысты оқушылар өз плакаттарына Астана қаласы туралы ойларын бейне арқылы, не өлең шумақтары арқылы қорғайды
Сергіту сәті:
«Кел билейік»
2 мин
Оқушылар бейнероликте көрсетіліп жатқан іс-қимылдарды қайталау арқылы билейді
Мағынаны ажырату:
Жаңа тақырып
5 мин
Жаңа тақырыпты топқа бөлінгендей, жаңа сабақты өз түстеріне сәйкес келетін тақырыпшаларды анықтап, оқып шығу тапсырылады
Оқушылар «Бәйтерек», «Президент Ақордасы», «Бейбітшілік пен келісім» сарайы, «Қазақ елі» монументі, "Думан" ойын-сауық орталығы, «Нұр Астана» мешіті жайлы ақпараттарды оқып, өз түсінгендерін қысқаша мазмұндап береді
«Жылдам жауап» әдісі
2 мин
Жаңа сабаққа байланысты оқушыларға сұрақтар қойылады
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
Биыл Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толуда?
Қай жылы Астана қаласының ресми тұсаукесері өтті?
2017 жылы Астана қаласында қандай оқиға болмақ?
Оқушылар жауабы: 1991 жылы, 25 жыл, 1998 жылы 10 маусымда, 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесінің біздің елімізде өткізіледі
“Дыбыстар сөйлейді ” стратегиясы
1 мин
Интербелсенді тақтада әріптер беріледі
«А», «С», «Т», «А», «Н», «А»
Берілген әріптерге сәйкес Астана жайлы мәліметтер береді.
«А» Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні.
«С» Символы – Бәйтерек
«Т» Тамаша, сәулетті ғимараттары бар.
«А» Астанада Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
«Н» “Нұр – Астана” зәулім күмбезді мешіті Астананың дәл кіре берісіне тұрғызылған.
«А» Астана Боливияда өткен “Әлемдік қалалар” халықаралық конкурсында “Бейбітшілік қаласы аталды”
Сарамандық жұмыс
19 мин
Бүгінгі сабақта Астана қаласында орналасқан сәулетті ғимараттардың бейнесін салады
Оқушылар Астананың бейнесін альбом бетіне түсіреді.
Сабақты қорытындылау
1 мин
Ойтолғаныс. Сұрақтарға жауап алу
Бүгінгі сабақтан не біліп,не үйрендіңіздер?
Астана қаласының бас сәулетшісі болсаңдар, тағы қандай ғимараттар салар едіңдер?
Оқушылардың пікірлерін тыңдау
Бағалау
5 мин
Әр топтан бір оқушы өз тобындағы оқушының сабақ барысындағы қатысуына, суретінің көркемдігіне қарай баға береді
Үйге тапсырма
1 мин
Оқушылар жаңа ғимараттың бейнесінің суретін салып келеді