Ұйымдастыруың қызығушылығын Ояту кезеңі | Балалар жылулық шеңберін орындайық. Жылулық шеңбері: Күннің көзі ашылып Көкке шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал қәнекей бәріміз Сәлемдесейік үлкенге Сәламатсыздар ма! Здравствуйте ! Good morning! | Балалар қимыл қозғалыспен жылулық шеңбер айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Сұрақтар: -Балалар қазір қандай жылдың мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Қандай айлар? -Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары , қызыл болса алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқыра бастайды, жауын шашын көбейеді. Күзде жеміс жидектер , көкөністер , егістіктегі астық піседі, Сондықтан адамдар күзді «Алтын» деп атайды. Таңғажайып сәт! ( құстың шиқылдаған дыбысы естіледі.) Торғай құсы ұшып келеді. Тұмсығында хаты бар екен. Тәрбиеші : Балалар мен хатты ашын. Бұл хатты бізге – күз ханшайымы жіберіпті . Сонау күз патшалығы елінен келді. Хатта не жазған екенін мен сендерге оқып беремін: «Сендердің «Күзгі сыйы» туралы білетіндеріңді естідім..Мен сендерге бірнеше тапсырмалар дайындадым. Осыны орындап берсеңдер, мен сендерге күзгі сыйынан тамаша бір сый тартамын.» тапсырма диаграмасы арқылы тақпақтар айтып беру керек. | Берілген сұрақтарға жауап береді. -Жылдың күз мезгілі -Күз мезгілінде 3 ай бар -Қыркүйек, қазан, қараша Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады. Балалар отырып тәрбиешінің айтқанын тыңдайды. Балалар құсты көріп қуанады, салемдеседі. Асылзат: Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен кеуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Адиль, Саян |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Жарайсыңдар балалар 1 тапсырманыда орындап бердіңіздер. Тыныс алу жаттығу «Жаңбыр мен жел» Сендер шаршаған шығарсыңдар кішкене сергіп алайық. Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Жапырақтай жайқалып, Табиғатты сүйеміз Шетімізден шеберміз. Денемізді тік ұстап. Билеп билеп өсеміз. 2-тапсырма Күзгі орманның макетін жасап беріндерші. Алдарыңызда картон тұр. Карандашпен ағаштың бейнесінің пішіні салынған, оны қайшымен қиып алу керек. Түрлі түсті қағаздардан жапырақтарды жасау үшін ұсақ бөлшектерге жырту қажет. Осы бөлшектерді желіммен қиып алған ағаштар жапсырамыз. Енді біздің жасаған заттарымызды біріктіріп, орман жасайық. Саусақ жаттығулары Бүгін бестік алайық, Тағы да жұмыс жасайық . Шаршап қалған саусақты, Сілкіп сілкіп алайық . | Жамбыр тамшыларына үрлейді Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды. Саусақ жаттығуын тәрбиешімен бірге айтып, саусақ қимылын қайталайды. |
| 3-тапсырма Дидактикалық ойын: «Күз сыйларын жинайық» Мақсаты: Заттарды бір-бірінен ажыратуға үйрету. Түймеге қадау арқылы ұсақ моторикасын дамыту. Ойын шарты: Ортаға 4 бала шығады . Әр қайсысы алма, алмұрт,жапырақ,саңырауқұлақтарды жинайды. Кірпілердің үстіндегі түйелерге иледі. Жарайсыңдар. Балалар сендер тапсырманы жақсы етіп орындапсыңдар. Күз ханшайымы сендерге рахметін айтып күзгі ғажайып жапырақтарын тартып отыр. | Ойын шартын мұқият тыңдайды. Өз тапсырмаларын орындайды. |
| Сұрақтар: -Балалар бүгін біздер не туралы әңгімелестік? - Не бізге конаққа келді? - Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетте не істегендерің ұнады? Мен сендерге көңілді және көңілсіз смайликтерді таратып беремін.Әр қайсысың, өз көңіл күйлерінді осы белгілер арқылы жоғары көтеріп көрсетіңдер. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Өздері алған әсерлерін біздермен бөліседі. |