В данной разработке урока по теме " Портрет жанры" содержатся материалы по методическому руководству предназначенных для учителей изобразительного исскусства. Также в данной работе приведены способы применения инновационных методик, в ходе ознакомления с данными материалами, учетеля могут в дальнейшем применять в своих уроках и добавить в свой педагогический инструментарии.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, бейнелеу, сурет салу.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру.
Өткен сабақты қайталау.
Жаңа сабақты түсіндіру .
Практикалық бөлім. Портрет салу.
Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеп, олардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты қайталау, үй тапсырмасын тексеру, бағалау
- Қане балалар өткен материалдарды қайталау барысында мына сұрақтарға жауап берейк:
Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар?
Қандай жанрларды білесіңдер?
Портрет жанрында жазылған шығармаларды атаңдар?
Перспектива ұғымын қалай түсінесіңдер?
Жаңа сабақ.
Портрет адам жанының айнасы . Портрет адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын, қоршаған ортаны, табиғатты, адам бейнесін салуға қызығушылығын танытқан. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел. Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген. Ежелгі Мысыр жеріндегі суреттер, мүсіндер осы күнге дейін көпшілікті таңғалдыруда. Біздің қазақ халқының дарынды суретшілеріде өз шығармаларында ұлы тұлғаларды, қарапайым еңбек адамдарын үлкен шеберлікпен бейнелеген. Халық суретшісі Ә. Қастеев бастап, танымал суретшілер А. Ғалымбаева, Г. Исмаилова, С. Рамазанов, А. Нақысбеков, Е. Төлепбаев өзіміздің ауылдан шыққан Қазақстан суретшілер одағының мүщелері Жеңіс Кәкенұлы және Ақтоты Смагулова сияқты талант иелері портрет жанрында өз қолтаңбаларын қалдырды.
Адам өміріне үңілейік тақырыбымен портрет жанрының сан қырлы құпиялары сабақ сайын, жыл сайын ашыла түсіп, қайталанып бірін-бірі толықтыра түседі. Адамдарды бейнелеу арқылы, біз өмірімізді тереңірек түсіне бастаймыз. Адамдарды зерттеп, зердемізден өткізу арқылы өз уақытымызды, қоршаған ортамызды түсінеміз. Өткен ғасырлардан бізге мұра болып қалған адамдардың потреттері сол заманның, сол ортаның бейнесі. Ал біздерге қалың көпшілікке сол мұраны игеру, түсіну еншемізге тиіп отыр.
Портрет жанры туралы презентация.
Практикалық бөлім. Портрет салу.
Бейнелеу өнерінің графика немесе кескіндеме тәсілімен портрет саламыз.
Жұмыстың орындалу кезеңдерін тақтаға көрсетемін. Форматты таңтау, ораналастыру, композициялық құрылым туралы ескерту.
Тақырыптар:
Барлық халық ананы құрметтейді
Барлық халық қарттарды құрметтейді
Барлық халық адамдар сұлулығын жырлайды
Барлық халық батырларын, ақындарын, ұлы тұлғаларын құрметтейді
Қорытындылау. Бағалау. Қорғау. Үйге тапсырма.
Портрет жанрынан адамның өмірі мен іс-әрекеті, келбеті корініс тауып келеді. Образдың жасалуы және оның қабылдануы жеке адамныңң ішкі мүмкіндіктерімен, дарындылық деңгейімен байланысты. Сондықтан біздер үшін өз талғамымызды, білімді жетілдіріп отыру заман талабы.