kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екі, үш заттан құралған натюрморт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заттардың өзіне қарап бейнелеу арқылы оқушыларды

сауатты сурет салуға үйрету. Натюрморт заттары арқылы

жарық пен көлеңкемен формасын беруге және

бейнелеу өнерінің заңдылықтарын меңгерту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екі, үш заттан құралған натюрморт»

Пәні: Кескіндеме

Сағат саны: 9
Сабақтың тақырыбы: 
Екі, үш заттан құралған натюрморт

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Заттардың өзіне қарап бейнелеу арқылы оқушыларды

сауатты сурет салуға үйрету. Натюрморт заттары арқылы

жарық пен көлеңкемен формасын беруге және

бейнелеу өнерінің заңдылықтарын меңгерту.

Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа

тәрбиелеу. Натюрморт жанрында сурет салған Қазақстан

суретшілерінің шығармаларымен таныстыру, ұлттық

өнерімізді бағалауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру,

гуащьпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету

Түрі: Затқа қарап сурет салу

Әдісі: Түсіндіру, үйрету, көрсету, тәжірибелік жұмыстар салу.

Пән аралық байланыс: Өнер тарихы, сызу, геометрия.

Көрнекілігі: Құмыра, алма мен алмұрт т.б. қойылымдық заттар, суретшілер шығармаларының иллюстрациясы, өнер жайлы сөзжұмбақ,

Құрал-жабдықтар: қарындаш, гуашь, сурет дәптерғ палитра, қылқалам т.б. бейнелеу құрал-жабдықтары.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Өткенді қайталау

ІІ.Жаңа сабақ бойынша мәлімдеме жасау

  • Натюрморт жанрының тарихы

  • Натюрморт жанры бойынша сурет салған суретшілер шығармаларын талдау.

  • Натюрмортты салуда қолданылатын материалдар

  • Натюрмортты салу жолдары

III Жаңа сабақ бойынша практикалық жұмыстар жүргізу

  • Жаңа сабақты пысықтау

  • Үйге тапсырма

Жұмыс орнын тазалау

Сабақ барысы:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал-жабдықтарын түгелдеу, назарын сабаққа аудару.

Өткенді қайталау «Миға шабуыл» әдісі

  • Кескіндеме өнерінің басты құралы не?

  • Табиғат әлемінде кездесетін түстер екі топқа бөлінеді,ол қандай?

  • Хроматикалық түстерді атаңдар

  • Ахроматикалық түстерді білесің ба?

  • Локальдік түс дегеніміз не?

  • Акварель бояуы қандай болады?

Жаңа сабақ

Ал, енді, мына алдыларыңдағы заттар жиынтығы бейнелеу өнерінің қай жанрына жатады? (натюрморт жанрына жатады)

Бейнелеу өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт, тарихи және тұрмыстық жанрлары бар. Бүгін біз натюрморт жанрына тоқталамыз.

Натюрморт - өнердiң дербес жанры ретiнде XVII ғасырда Голландияда және көршi Фландрияда (қазiр бұл Бельгияның бiр бөлiгi) туып, кеңiнен дамыды. Натюрморт бiзге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмiрiнде, суретшiнiң оларға деген көзқарасын ашып бередi.

Майлы бояулармен тығыз, қою салынған голланд натюрморттарында көбiне сан түрлi тағамдар: нан, жемiстер, әдемi кесiлген майлы ет, жабайы аң-құстар, хрусталь бокалдардағы немесе күңгiрт сәуле шашатын күмiс кубоктардағы шарап бейнеленедi. Мұндай картиналарды салған адам, рухани нәзiк талап талғам деңгейiнiң иiсiн де бiлмейтiн саудагер немесе қала шонжары суреттегi дәмдi, мол тағамға ғана қызығатын, өйткенi оның өмiрiнiң басты қызығы да тамақ құлқы болатын.

Натюрморт тұрмыстық жанрмен қатар кескiндеменiң бiраз уақыт кескiндеменiң қосалқы түрi деп есептелiнiп келдi.

Атақты өнер шеберлерi өздерi салған бұйымдары арқылы ол бұйым егесiнiң қоғамдағы жағдайын, өмiр көрiнiсiн көрсете бiлдi. Натюрморттың түрлi формасы мен түрi қайта өрлеу дәуiрiнде пайда болды. Ертедегi авторлар натюрморттың ең бiрiншi шеберi деп грек кескiндемешiсi Периакосты атайды. Оның жұмыстары Помпей фрескаларын-да үлгi ретiнде қолданылған. Бұлар, өте әдемi, әсем гүлдер, жемiстер, ритуалды ыдыстар, жазу құралдары, тиындар.

Натюрморттың ең бiр көп тараған түрi ол үй – тұрмысында қолданылатын заттарды бейнелеу. Натюрморттың бұл түрi тұрмыстық жанрдың, интерьердiң, пейзаждың дамуымен тығыз байланыста болып, XVII ғасырда батыс Европа өнерiнде өте жақсы дамыды.

Натюрморт өз алдына жанр болып XVI- XVII ғасырда Фландрияда және Голландияда қалыптасты.

А.Бейерленнiң, П.Класстың, В.К.Хедыдың «Таңғы ас» деп аталатын натюрморттарында суретшiлер қоршаған ортаға эстетикалық тұрғыдан ғана қарап қоймай, сол кездегi билеушi таптың өмiр кейпiн, үстемдiгiн көрсетiп бейнеледi. Фламан суретшiсi Ф.Снейдерс барокко стилiмен үйлестiре отырып, үлкен көлемдi натюрморттар жазды, ол жұмыстар үлкен салтанатты сарайларға арналып, лайықталып салынды.

Натюрморт жанрымен қазақ суретшiлерi де көптеп айналысты, атап айтсақ: А.Ғалымбаева, Г.Исмаилова, Т.Тоғыс-баев, Т.Ордабековтердi айтуға болады. А.Ғалымбаеваның «Дәмдi шай». Шайға жайған дастархан басында терең ойға шомған қарт әже «Дастархан» (1959), «Ақ құмыра» (1968), «Қаракөз» (1974) натюрморттарында заттардың материалдық ерекшелiктерi баса көрсетiлген. Күнделiктi қарапайым заттар натюрморттарда маңызды сипатқа ие. Айша Ғалымбаева заттардың «Жанын» сұлулығын түсiнетiн дарынды суретшi.

Живописьтiк шеберлiкпен салыған натюрморттардан бiз айшықты формада берiлген қарапайым, әсерлi сезiм саздарын аңғарамыз. Алма, анар, жүзiм салынған «Қызыл апорт» (1966), «Айва» (1966) т.б. натюрморттардан да сурет-шiнiң өмiрге, табиғат пен адам еңбегiнiң жемiстерiне деген махаббаты сезiледi. «Көктем және күз» (1969) натюморт-тарында ерекше қызық. Терезеден көктем құлпырған өмiр көрiнедi. Кенептi түгелдей гүл ашқан алма ағашы алып жатыр. Көктемгi көгiлдiр ауа күн шуағына малынып тұр.

А.Ғалымбаева өз шығармашылығында тұрмыс заттарын, ыдыс – аяқ, гүлдердi бейнелеуге селқос қарамайды. Сурет-шiнiң өзiн қоршаған ортаға деген сүйiспеншiлiгi әдемi де сұлу натюрморттарынан көрiнедi.

Көктемгi табиғат образы тек натюрморттарда ғана емес, өзге де бояу реңi құлпырған жанрлы картиналарда (көктем 1967, «Бақ iшiнде» 1970), «Гүлдер көрмесiнде» 1975) көрiнiс тауып отырады. А.Ғалымбаеваның натюрморттары шын мәнiнде декоративтi, әдемi айшықты дүниелер. Оларда зат-тардың таңдап алуы мен суретшiнiң оларға деген көзқарасының өзiндiк ерекшелiгi бар.

Көне керамикада бояуға бай, келiстi натюрморт. Қызыл – қоңыр түстi оюлы текемет пен көгiлдiр сәндi матаның фонында шығыс үлгiсiнде жасалған бiрнеше қыш ыдыс тұр.

Олардың түрi, түсi, ою - өрнектерi ерекше мұқият салынған… бұл жерде суретшiнiң қолтаңбасы тым нәзiк, бояу түстерiнiң үйлесiмi күмiстей сыңғырлайды. Ал оған жақын қойылған шар кесенiң iшiндегi қып – қызыл анарлар көзге шоқтай басылады.

Жерлесiмiз Т.Тоғысбаевтың да натюрморт жанрына жазылған жұмыстары да бiрқатар олар «Көктемгi гүдер», «Жайлылық», «Қарбызды натюрморт», Дала интерьерiндегi натюрморт» Т.Тоғысбаевтың жазған барлық натюрморт-тарында стол үстiнде вазада гүл қойылған, ол гүл натюрмортқа өзiнше бiр сұлулық берiп толықтырып тұрған-дай, оның натюрмортынан қазақы тұрмыстың, өмiрдiң иiсi аңқып тұрғандай сезiнесiң.

Өзiнiң досы Тимур Ордабековтың портретiнде, өз досын қолына бiр тал гүл ұстатып бейнелеген, портрет түстерге бай, бояулары үйлесiмдi, өте жақсы жазылған.

Енді натюрмортты бейнелейтін гуашь техникасына тоқталайық:


Натюрмортты салу жолдары

1-кезең. Ең алдымен бейнелейтін денелердің жалпы нұсқасын тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару. Сонан кейін әрбір денелердің биіктігі мен енін шама жағынан салыстыра отырып бейнелеу. Үлкен қатынастардан бастай отырып, бояу түрлерін дене түстеріне барынша жақын алу, жуық келу арқылы түгел қағаз бетіне жазып шығу. (Бұны орыс тілінде подмолевка деп атайды)

2кезең. Суреті салынатын денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Бейнелейтін заттардың өлшем бірліктері қатынасының дұрыс болуына айрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра карау үшін көмекші жіңішке сызықтар пайдаланған жөн. Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жарық пен
көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек Негізгі түстері табылған денелерге көлем (форма), көлеңке беру кезеңі. Бұл кезеңде жарық сәулесінің дене бетіндегі өзгерістері анықталады.


3-кезең. Заттардың жарық көлеңкесін бояу арқылы олар-
дың пішінін, көлемін шығарамыз. Заттың өңі жарық пен көлеңке
арқылы айқындалады. Әрбір заттың өңінің көмескі не қараңғы
болуы жасанды және табиғи жарықтың түсуіне байланысты.
Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты бояуды меншікті көлеңкеден бастаған жөн.

Мешиікті көлеңке дегеніміз — заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. 

Жылт дегеніміз — жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады.

Түспе көлеңке дегеніміз — нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке.

Жартылай көлеңке дегеніміз — меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке.

Рефлекс дегеніміз — заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Сонымен затты бояу арқылы өңін, пішінін, көлемін анықтауда жоғарыда аталған сурет салу заңдылықтарына сүйену керек.

4кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Мұнда сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Біртұтас реңдік қатынасқа бағындырамыз. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.Жалпылама натюрмортқа түгелдей қарап, бояу түріне жазықтықтағы дене бояу түрлерін жұптау (обобщение).Бұл кезеңде кейбір артық кеткен бояу түстерін әлсірету, жұқалау, ал жетіспей жатқан бояу тондарын толықтыру, денелердің материалдық қасиетін көрсету т.б мәселелер шешіледі.

IV.Сергіту сәті

(тапсырма)

V.Қорытындылау

Бүгінгі өткен сабағымызды қорыта келіп тақтада ілулі тұрған сөздерге жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан нені ұқтық, нені үйрендік соны білеміз.

«Кім жылдам» Рефлексия.

Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.

  • 1. Бүгін мен білдім……….

  • 2. Маған қызықты болды……….

  • 3. Қиын болды……….

  • 4. Мен түсіндім……….

  • 5. Енді менің қолымнан келеді……….

  • 6. Мен сезіндім……….

  • 7. Мен үйрендім……….

  • 8. Мені таң қалдырды……….

  • 9. Мен жасап көремін……….

  • 10. Сабақ маған……….


VI.Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жақсы шыққан жұмысты мадақтап көрсету. Сабаққа қатысына қарай оқушыларды бағалау.


VII. Үйге тапсырма:

Екі-үш заттан кұралған натюрморт салу











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ИЗО

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Екі, үш заттан құралған натюрморт

Автор: Бейсембаева Арайлым Бахытжанқызы

Дата: 24.11.2020

Номер свидетельства: 564313

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Үш заттан құралған натюрморт»"
    ["seo_title"] => string(33) "ush_zattan_k_u_ralg_an_natiurmort"
    ["file_id"] => string(6) "471944"
    ["category_seo"] => string(9) "iskusstvo"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1527920725"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?ш заттан ??рал?ан натюрморт  "
    ["seo_title"] => string(27) "ushzattankuralgannatiurmort"
    ["file_id"] => string(6) "325438"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1462960651"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "конспект урока по изобразительному искусству "Натюрморт" "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-uroka-po-izobrazitiel-nomu-iskusstvu-natiurmort"
    ["file_id"] => string(6) "138894"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417620171"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Бейтарап бос  фонда?ы геометриялы? денелерді? суреттемелері (цилиндр). "
    ["seo_title"] => string(80) "bieitarap-bos-fondag-y-ghieomietriialyk-dienielierdin-suriettiemielieri-tsilindr"
    ["file_id"] => string(6) "172956"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423906098"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Сурет. Геометриялық фигуралар"
    ["seo_title"] => string(33) "suriet_gieomietriialyk_fighuralar"
    ["file_id"] => string(6) "447790"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515048884"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства