Просмотр содержимого документа
«Презентация по черчению на тему "тілік" (9 класс)»
ТІЛІКҚарапайым тіліктер
ПӘН: СЫЗУ
СЫНЫБЫ: 9 СЫНЫП
ОРЫНДАҒАН: Акпаева А.С.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Тілік туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сызу шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тиянақтылыққа, ынталылыққа, ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Нәрсенің ішкі құрылысын үзік сызықпен көрсетуге болады, бірақ мұндай сызбаны оқу қиын :
- Көрінбейтін сызықтар көрінетін сызықтармен қабаттасып қалады;- Ішкі құрылысы күрделі нәрсе туралы толық мағлұмат беру мүмкін емес;- Көрінбейтін сызықтарға өлшемдер мен шартты белгілерді қолдануға кемейді.
Тілік– ішкі құрылысы күрделі нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған шартты кескіні.
Тілік орындау реті:
Тілік ордалатын нәрсе
Нәрсені ойша қиюшы α - жазықтықпен қию
Тілік көрінісі
Тілік орындаудағы шарттылықтар:
- Қиюшы жазықтықтың орны қимадағыдай жуан үзік сызықпен көрсетіледі;
- Қима сызығының шетінен 2-3мм қашықтықта нұсқамалар орналасып, сырт жақтарына орыс алфавитінің бас әріптерімен қима белгісі қойылады, бұл әріптер тіліктің үстіне сызықша арқылы қайталанып жазылады;
- Нәрсе қиюшы жазықтығына қатысты симметриялы болса тілік сәйкес көріністің орнына салынып, тілік белгіленбейді.
Қима мен тіліктің ерекшеліктері:
тілік
қима
Екеуі де нәрсенің ішкі құрылысын түсіну үшін қиюшы жазықтықпен ойша қиюдан алынатын шартты кескіндер
Қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы көріністер қоса көрсетіледі
Қиюшы жазықтық та жатқан орын ғана көрсетіледі
Тіліктер
күрделі
жергілікті
қарапайым
вертикаль
сатылы
сынық
көлбеу
горизонталь
фронталь
профиль
Қарапайым тіліктек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілік.
Қарапайым тіліктер:Вертикаль тілік– нәрсені қиюшы жазықтықпен фронталь немесе профиль қию арқылы орындалады;Горизонталь тілік– нәрсені қиюшы жазықтықпен горизонталь қию арқылы орындалады;Көлбеу тілік– нәрсені горизонталь жазықтыққа қатысты тік бұрыш жасамай орналасатын қиюшы жазықтықпен қию арқылы орындалады.