Пән: Қазақстан тарихы.
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХVІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік, экономикалық күш-қуаты жағынан әлем таныған, іргелі мемлекет дәрежесіне жету себептерін түсіндіру, Қасым хан билік құрған кезеңдегі Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайларымен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығын нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген Қасым ханның қоғамдық қызметіне баға беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, Жәнібек - Қасым саясатындағы тәуелсіздік идеяларын айқындау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (пікірсайыс).
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының ХVІғ. қазақ хандығының карталары, Қасым ханның портреті, Түркістан қаласының, Ахмет Йассауи кесенесінің суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын таныстыру.
2. Сыныпты үшке бөліп, «Жәнібек хан», «Қасым хан», «Тарих» командалары деп атау.
ІІ. Үй тапсырмасы:
«Тест» ойыны.