kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтаралы? міндет 1979-1989 жылдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

?атысатын сыныптар: 9-10-11. Саба?ты? ?дісі: ??гімелесу, с?ра?-жауап, слайд, диалог т?рінде. Саба? к?рнекілігі: Суреттер,слайд, кітаптар к?рмесі. Ма?саты: О?ушыларды 1979-1989 ж. Ау?ан со?ысыны? о?и?алармен таныстыру; Міндеттері: Ау?анстанда?ы ке?естік ?скерлерді? р?лін к?рсету, Ау?ан со?ысыны? ардагерлерін ??рметтеу, жас ?рпа??а патриоты? сезімдерін оятып, Отан ?шін от?а т?сіп ?ыршынан ?иыл?ан, жат жерде к?з ж?м?ан ?андас, ?арулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлерді? ?ыс?а ??мырынан ?лгі-?неге, тарихи та?ылым беру; патриоттты? ж?не интернационализм сезімін т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтаралы? міндет 1979-1989 жылдар »

Ұлтаралық міндет 1979-1989 жылдар

Қарағанды облысы,

Абай ауданы

Карабас кенті №15 ЖББОМ

тарих пәні мұғалімі А.Саней

Қатысатын сыныптар: 9-10-11 . Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, слайд, диалог түрінде. Сабақ көрнекілігі: Суреттер,слайд, кітаптар көрмесі. Мақсаты: Оқушыларды 1979-1989 ж. Ауған соғысының оқиғалармен таныстыру;

Міндеттері: Ауғанстандағы кеңестік әскерлердің рөлін көрсету, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпаққа патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру; патриотттық және интернационализм сезімін тәрбиелеу.

Кіріспе: Екінші жаһан соғысына пара-пар зардабы мен залалын шашқан ауған соғысының тарих қоржынының бір басында жатқанына да жиырма екі жылдың жүзі болды.Жарасы жазылған жоқ.Ардағы да кетпек емес. Бірақ, арыла сөйлеп, ақиқатын айтатын бір мәселе деп, кім-кіммен не үшін соғысты деген сұраққа өзімізше жауап іздеп көрелік.

Жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін монархиялық биліктің шеңгелінде келген Ауғанстанда 1973 жылы әскери төңкеріс болып,республика жарияланды.1977 жылы Ауғанстанның экономикасы 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орыннан көрінген еді.Қысқасы,тамырына тұз құйылып,сары суы бетіне шыққан Ауған қоғамында төңкеріс басталды.Бұл 1978 жылдың 27-ші сәуірі болатын.Жаппай атқа қонған офицерлер мен сарбаздар 24 сағат ішінде генерал Мұхаммед Дәуіттің деспоттық жүйесін жойып,елде ұлттық демократиялық қоғамның негізін қалайды.Ауған жеріне Кеңес әскерлерін кіргізу мәселесін КСРО жетекшілері әу бастан қабыл көрмеген еді.Алайда,алғашқы өтініштен кейін –ақ Орта Азиялық республикалардың түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды.1979 жылғы желтоқсанда –Ауғанстан жеріне кеңес әскерлері енгізілді.Бұл Л.И.Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді. Бұл апатты желөкпелікке қарсы батыл үн көтергендердің бірі академик А.Д.Сахаров еді.Ол

  • КСРО Жоғарғы Кеңесіне Л.И.Брежневке Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізудің қателігі туралы хат жолдады.

  • Ауған проблемасын БҰҰ-да шешу мәселесін көтерді.

  • Кеңес әскерлерін Ауғанстан территориясынан алып кетуді талап етті.

  • Кеңес басшылығына әскери және ядролық тұжырымдарды қайта қарауды тапсырды.

  • Брежнев бастаған басшылық А.Д.Сахаровты Мәскеуден Горький (Төменгі Новгород) қаласына жер аударды.

Ауғанстан мәселесі бойынша жүргізілген Женева келіссөздерінің нәтижесінде кеңес әскерлерінің белгілі бір бөлігі ол елден қайтарылды,сөйтіп аса қауіпті қантөгіс тоқтатылды.Кеңес әскери бөлімдері Ауғанстанға осы ел үкіметінің бірнеше рет жасаған өтініштеріне сәйкес енгізілгеніне қарамастан,кеңес адамдары оның дұрыстығына күмән келтірумен болды.

Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті- бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие- Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай.

Ауғанстан соғысының зардаптары:

  • 21979 қазақстандық қатысты.

  • 14453мыңдай адам қаза тапты.

  • 780 қазақстандық қаза тапты.

  • 35478 адам жарақаттанды.

  • 393 адам мүгедек болды.

  • 311 адам хабарсыз жоғалып кетті.

  • 22 қазақстандық хабарсыз кеткен.

Соғыс салдары: КСРО-ның халықаралық беделіне нұқсан келді. Соғыстың нәтижесі:

  • 1988 жыл кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

  • Сонымен әуелгі арнамызды қайта тапсақ, үш мың екі жүз сексен бес күнге 110 айға созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылғы 15- ақпаны болатын.Дәл сол күні Халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды.

Кеңес әскерлерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд сом шығын әкелді.Алайда Ауғанстан жағының шығыны онан да асып түсті.Кеңес әскерлерінің күшпен басып кіруі салдарынан,сонымен бірге Ауғанстандағы текетіресуші күштердің тұтануынан пайда болған,он жылға созылған азамат соғысының барысында , Ауғанстанда 1 миллионға жуық адам қаза тапты. Жалпы, Ауған соғысының Қазақ КСР-іне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама!

Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын жара, тарихта ерекше орын алатын беттер ...

Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау керек екенін ешқашан ұмытпайық! Отан тапсырмасымен Ауған соғысының бел ортасында болып,өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікпен қаза тапқан ағаларымызды минут еске алайық.

Ауған соғысына қатысқан ағаларымызды еске ала отырып келесі кезекті патриоттық рухта тәрбиеленіп жатқан оқушыларымызға берейік.

Тақпақ «Тағдырын білем Ауған даласының» оқитын Кәрім Жансая

Тақпақ «Бейбітшілік таңы» оқитын Өмірзақ Элмира -СЛАЙДПЕН ЖҰМЫС

Ауған соғысына қатысушы батальон басшысы, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы,генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа «Халық Қаһарманы » белгісін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз қолымен Кеңес Одағы кезінде ұсыныла тұрып, ала алмаған атақты өзіңнің туған Отаның саған құрметпен ұсынады деп өз қолымен тапсырды.

-ОҚУШЫЛАРМЕН СҰРАҚ-ЖАУАП

1. Ауған соғысы туралы қандай пікірлерің бар?

-Шешімін таппаған көкейтесті мәселелер көп. Соның бірі «Ардагерлер туралы» заң қабылдау. Бұл дегеніміз,ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне көмек көрсету, олардың мүддесін қорғау және тағы басқа көптеген мәселерді қамтыр еді.

2. Ауған соғысына қатысқан ағаларымыз өз мәртебелеріне сай бағаларын ала –алдыма?

-Ауған соғысына қатысқан ағаларымызға Ұлы Отан соғысына қатысқандар секілді мәртебе беру кезек күттірмейтін мәселе. Төбеңізден бір оқ зу ете қалса да жүйкеңіз жұқарып қалады. Ал,ағаларымыз белшеден қан кешіп,оқ пен оттың арасында, ажалмен арпалысып жүрді. Ол жерге ерігіп немесе пайда табу үшін барған жоқ. Отан бұйрығын орындап,өзінің абыройлы міндетін атқаруға барды. Сол себепті оларға лайықты дәрежеде құрмет көмек көрсету керек деп ойлаймын.

3. Бұл соғыс туралы нені білдіңдер?

ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ, бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатта осы тәрбие сабағын өткізіп отырғанымызды білулерің керек.













Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өмірде болған»

Қарағанды облысы

Абай ауданы Қарабас кенті №15 ЖББОМ

Пән мұғалімі –тарих және география пәні мұғалімі Саней Алмагуль


Тәрбие сағатының мақсаты: Семей полигонының жабылуының 25-жылдығы, «Неведа -Семей» қозғалысына 27 жыл толуына байланысты Семей тағдыры, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып пікір алмасып ойларын ортаға салу.

Өткізілетін сыныптар: 9-10-11сыныптар.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Презентация слайд, ұлағатты сөздер, суреттер.

Тәрбие сағатының түрі: Конференция сабақ

Тәрбие сағатының жоспары:

а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

ә) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі

б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

в) Суарылған ядролық темірмен

г) « Невада Семей » қозғалысы

д) Қорытынды бөлім

Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе сөз мұғалім: Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толады. Бұл полигонның жабылуына ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған “Невада- Семей” қозғалысы үлес қосқаны мәлім.Баршамызға белгілі ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы күннен –күнге нашарлап барады. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 500 шаршы шақырым жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Олай болса келесі кезекті экрандағы слайдқа назар аударайық.

Сөз «Табиғат жанашырларына » беріледі.

1-оқушы:Ей адамдар,

Күн мен гүлден жаралған

Тіршілік иесі-

Жер анаға қараңдар!

Зор қайғыдан күрсінгенде

«Аһ» ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?

2-оқушы:Уланса ауа

Уланамыз бәріміз.

Уланса су

Уланатын тағы біз.

Уланса жер

Уланады өсімдік.

Уланса мал

У тарайды бізге де.

Улы затпен күреспейміз біз неге?

3-оқушы:Аз ба мынау жер бетінің

жарасы,

Семей менен Сарыөзекке қарашы.

Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,

Ыңырсиды қазағымның даласы.


4-оқушы:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол анаң ғой,ал сен кенже ұлысың!

а) Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Невада – Семей полигонының инфрақұрылымы ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы – 18 500 шаршы шақырым, периметр - 600 км - ге жуық. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО - да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық - шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми - зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды.

ә) Семей ядролық полигонының алғашқы жүргізілуі.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.

б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Көптеген адамдар қатты қиналып ,белгісіз аурулардан көз жұмды.Отбасыларында құбыжық сәбилер пайда болды.

Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

в) Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршілес аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.

г) « Невада Семей » қозғалысы

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан болғандығы ма?

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Бұл еріктілік негізінде құрылған ұйым.Қозғалыстың негізгі мақсаты-ядролық құралды және соғысты адамзат өркениетінен аластау,ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау,табиғатты,адамзатты,мәдениетті қайта туындату.Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық. Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын!» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында,телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады.Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 29 тамызы.

Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Олай болса қорыта келе қандай ой түйдіңдер?

Табиғаттың панасымыз-

Түйіп айтар сөзіміз.

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз.

-Табиғатты қорғауға, өсімдікті жұлмауға, Ант етеміз!

-Құстарды атпауға, балапанын сатпауға, Ант етеміз!

-Білім ордасын аялап,мектеп мүлкін қорғауға,тазалықты сүюге,санамызға түюге, Ант етеміз!

-Жер біздің алтын бесігіміз,асыраушы анамыз.Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да,тұрған ортамызды да солай аялай, сүйе білейік.Бір ағаш сынса,он ағаш отырғызайық.

-Табиғаттың тағдыры өз қолымызда.Табиғатты аялайық,жас достар!

Қорытынды мұғалім сөзі: Бүгінгі шағын болғанымен, құнды мәліметтерге толы конференциямыздан біраз мағлұматтар алды деген ойдамыз: Қазақ ежелден бәріне үлкен жүрегін айқара ашып, ауырды арқалап, қиыншылықпен күресе білген, өз бетіне малын бағып, тіршілігін көріп, бейбіт ғұмыр кешкен қонақжай халық.Ақ білектің күшімен, найзаның ұшымен, қан мен терді бұл дарқан сары далаға төгіп, жерді аман – есен сақтап қалу үшін ата бабаларымыз өз жандарын пида еткен. Қазақстан жерінің әр топырағы қасиетті. Ал жерде жатқан қайсар батырларымыздың асыл сүйектерінің үстінен 40 жыл бойы сынақ жүргізу ол өте үлкен күнә болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев « дамыған, қуатты, 50 алпауыт елдің қатарына кіреміз » - деген жоспарын іске қалай асырамыз, егер артымызды түгендеп, жамай алмай жатсақ. Бұл тек біздің мәселе емес, бұл жаһандық мәселе болып отыр.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтаралы? міндет 1979-1989 жылдар

Автор: САНЕЙ АЛМАГ?Л

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179197

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "К?П?ЛТТЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ?ОСТІЛДІЛІКТІ? К?РІНІСІ"
    ["seo_title"] => string(46) "kopulttymiemliekiettiegikostildiliktinkorinisi"
    ["file_id"] => string(6) "278737"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453128401"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Тіл ?старту саба?ы"
    ["seo_title"] => string(16) "tilustartusabagy"
    ["file_id"] => string(6) "276091"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452679083"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Тәрбие сағатының тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстанға – 25 жылІ"."
    ["seo_title"] => string(62) "t_rbiie_sag_atynyn_tak_yryby_t_uielsiz_k_azak_stang_a_25_zhyli"
    ["file_id"] => string(6) "366818"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1481100223"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ұзақ мерзімді жоспарлар. 8-11 сыныптар"
    ["seo_title"] => string(40) "u_zak_mierzimdi_zhosparlar_8_11_synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "366821"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481100958"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "урок на тему "?аза?стан Ассамблеясына 20 жыл" "
    ["seo_title"] => string(49) "urok-na-tiemu-k-azak-stan-assamblieiasyna-20-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "205843"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430042012"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства