Күні: 20.04.2018ж
 Сынып: 8 «г»
 Пәні: Туған өлке тарихы. 
 Мұғалім: Какенова Н.М.
 Сабақтың тақырыбы: "Менің мектебімнің тарихы".
 Сабақтың мақсаты:
 Білімділігі: Өз мектебінің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынысезіндіру; 
 Дамытушылық: Мектептің тарихын айту арқылы білімге деген құштарлықтарын арттыру, ойлауға, оқуға және оқушылардың топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
 Тәрбиелілігі:. «Мектеп», «ұстаз», «оқушы» арасындағы сыйластықты дамыта отырып, бірлікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу:
 Сабақтың түрі: аралас
 Көрнекілігі: көне заттар мен кесенелердің суреттері, мектептің суреттері, стикер, т.б
 Сабақтың әдісі: ауызша әңгімелеу, сұрақ – жауап,ойын түрлері,  жазбаша.
 Сабақтың барысы:
 I. Ұйымдастыру кезеңі: А) Сәлемдесу.
                                     Ә) түгелдеу.
                                     Б) сынып тазалағына мән беру, сабаққа дайындау.
                                     В) сыныпты асықтың түстерімен 3 топқа бөлу
 1 топ: «Мектеп»
 2 топ: «Ұстаз»
 3топ:   «Оқушы»                                                                                                     
 II. Үй тапсырмасын сұрау:   А)  Сұрақ – жауап.
                                                     Б)  «Кімтапқыр» ойыны.
 1.Туған өлкенің жыл намысы дегенімізді қалай түсінесіңдер?
 2. Жамбыл облысында қанша  тарихи мәдени орындар бар?
 3. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухан жаңғыру» мақаласында не туралы айтылған?
 4. Таразда қандай көне жәдігерлер сақталған
 «Кім тапқыр» ойыны:  көне заттар,  кесене, ескерткіш  т.б суреттерді көрсетемін оқушылар аттарын тауып жауап беру.
 III. Жаңа сабақ: 
 Өз сөзіммен сабақты түсіндіремін. 
              
            42 орта мектебі» коммуналдық - мемлекеттік мекемесі - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, тәрбиеленушілерге білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.Мектеп  1983 жылы ашылды. Биылғы оқу жылында №42 орта мектеп ұжымында 140 ұстаз еңбек етеді.                                                                                                                                                                        Мектептің    материалдық – техникалық жабдықталуы:
 1.Пән кабинеттері -42 (лаборатория каб.қосқанда)
 Оның ішінде: Интерактивті тақтамен жабдықталған5 (инф.,физика,химия,биология,ағылшын)      
 лингафон кабинеті, компьютер класы, ұлдар шеберханасы, қыздар шеберханасы, кітапхана, асхана, спорт залдары бар.
 1. Мектеп – тобына «Мектебімнің тарихы» туралы зерттеу
 2. Ұстаз – тобына «Ұстазым қуанышым» туралы зерттеу 
 3. Оқушы – тобына «Оқушының мектеп және ұстазға деген көз қарасы» зерттеу үш топқа ресурстар беріп 6-7 минут уақыт ішінде постер немесе макетін жасап ортаға екі –үш оқушы шығып қорғайды. Үш топ постерлерін қорғап болғансоң, бір- біріне сұрақ – жауап алмасады
   
 IV. Сабақты бекіту: «Кім жылдам» ойыны
 - Мектеп қай жылы ашылды?
 - Мектеп басшысы?
 - Мектеп қандай мекеме орны?
 - Оқу жылында неше тоқсан бар?
 - Мектептерде кімдер қызмет етеді?
 - Оларға деген көз қарастарың қандай?
 - Өзіңнің  мектебіңді қалай мақтан тұтасың?
 - Мектепке келер кезде өзің қандай сезімде боласың?
 - Не үшін қуанасың?
 - Мектеп басшылығынан кімдерді білесің?
 - Оқу ісі жөніндегі  орынбасары кім?
 - Мектептің алғашқы ұстазадры?
 «Мақал сөздің мәйегі»  – ұстаз, мектеп, оқушы, білім туралы мақалдар айтып жарысу.
 «Ұйқасын тап» Берілген өлең жолына ұйқас құрау.
 1-ші топ: 
 Алтын ұя мектебім аялаған,
 Бар балаға білім беріп сая болған
2-ші топ:
 Сәлем, саған мектебім 
 Алғыстарым көп менің.
 3-ші топ:
 Мектеп – қамқор анамыз
 Оқып білім аламыз,
V.Үйге тапсырма: «Менің мектебімнің тарихы » тақырыбына эссе жазып зерттеп келу.
 VI. Рефлексия: «Баспармақ әдісі».
 Жоғары
 Жақсы 
 Орташа
  







 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
         
	 
     
                                     
                                     
                                     
                                    