kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Орталықтанған монархияның құрылуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орталықтанған монархияның құрылуы жөнінде түсіндіретін көмекші құрал

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Орталықтанған монархияның құрылуы"»

Тексерілді;

Күні: 22.10.16ж

Класс: 7 «а»

Пәні: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Орталықтанған монархиялардың құрылуы.

Сабақтың мақсаты:Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылуы алғышарттары.мемлекеттік басқару апаратының құрылуы.

Сабақтың міндеттері;

  • Еуропада орталықтанған мемлекеттердің құрылуының қажеттіліктері туралы айту;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік: карта,ноутбук,слайд ,карточка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Феодалдық құрылыстың басты белгісі қандай?

  • Феодалдық құрылыс оған дейінгі құрылыстарға қарағанда не себепті озық болды?

  • Натуралды шаруашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

III.Жаңа сабақтың жоспары:

Монархия (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды.

Біртұтас иерархиялық мемлекет аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемл. билік тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі символик. сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған

      1. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылуы

І сословие

ІІ сословие

Дінбасылар

Дворяндар

ІІІ сословие

Шаруалар

Ауқатты қала халқы

Қолөнершілер

Қала кедейлер


      1. Еуропадағы сословиелік-өкілдік монархия

  • Бірте-бірте мұндай өкілдік билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы – «бас штаттар», Чехия мен Полшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.

Сабақты бекіту:

  • Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?

  • Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян келтіріп отырды?

  • Монархия деген не?

  • Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?

Сабақты қорыту: Буржуазия өкілдері саяси басқаруға деген өздерінің құқықтары бар екенін жиі білдіретін. Англияда корольдің парламентпен бәсекелестігі төңкеріске ұласты. Бірнеше жылға созылған саяси және әскери қақтығыстардан кейін ғана монархтың билігін шектеу керектігі туралы шешім қабылданды. Король парламент шығарған заңды жоққа шығару құқығынан бас тартып, оны тұрақты түрде жинап, парламент бостандығын яғни депутаттың дербес құқықтығы мен сөз бостандығын бұзбауға міндеттенді. Француз мемлекеттілігінің нығаюына іс жүзінде оны басқарған кадинал Ришелье көп еңбек сіңірді. Ол өз саясатының негізін былай түсіндірді: «Менің бірінші мақсатым корольдің ұлықталуы, екінші мақсатым корольдіктің ұлықталуы.

Үйге тапсырма: Бір орталықтанған монархияның құрылуы

Бағалау:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тақырыбы: "Орталықтанған монархияның құрылуы"

Автор: Нагиев Едіге Сағынтайұлы

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407226

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "XI-XV ғасырлардағы Франция"
    ["seo_title"] => string(30) "xi_xv_g_asyrlardag_y_frantsiia"
    ["file_id"] => string(6) "370566"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481971582"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "«Мемлекет нысаны» "
    ["seo_title"] => string(18) "miemliekiet-nysany"
    ["file_id"] => string(6) "215389"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1432660932"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства