kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сақ тайпалық одағының құрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б.І мыңжылдықта Жетісудан және Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың құрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы»

Сабақ тақырыбы: Сақтар

Сабақ мақсаты:

· Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпаларының мекендеген аймағы шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру;

· Сақтардың кәсібі, шаруашылық жағдайымен танысып, оқушы белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;

· Сақтарды ержүрек халық ретінде сипаттай отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке,ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Пән аралық байланыс: география, музыка

Көрнекілік: карта, тірек-сызба, суреттер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа тақырыптың жоспары:

І. Сақтар – Ежелгі Қазақстан тұрғындары

ІІ. Сақтардың тарихы, мекендеген орны

ІІІ. Сақ одағына кірген тайпалар, сақтар туралы көне деректер.

ІV. Сақ қоғамы

«Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың.»- деп М. Арын ағамыз айтқандай қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын,шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін білу мақсатында сақтар, сақтардың шаруашылығы мен пайда болу тарихын бүгінгі сабағымыздан оқимыз.

Ой- толғау тренингі..

Оқушыларға Отан….., Атамекен……, Атажұрт……., Тарих….. сөздері туралы түсініктерін сұрау.

Мұғалімнің сөзі:

Біздің туған жеріміз Қазақстан халқымыздың ата-баба мекені ежелгі қонысы.

Ата-бабамыздың туып өмір сүрген, кіндігі кесілген кең жазира жері тарихының парағын

Сақтар – біздің бабамыз,

Ақыл – ойлы данамыз.

Тарихи дерек іздеп біз,

Көне дәуір тамырын

Терең іздеп табамыз, — деген өлең шумағымен ашайық.

Сақтардың тарихын оқыту барысында мына міндеттерді басшылыққа аламын.

Сақ тайпалық одағының құрылуы, географиялық, хронологиялық кеңістігі, саяси жағдайы, шаруашылығы, жер иелену ерекшеліктері туралы жүйелі баяндау қажет. Мысалы: б.з.б.І мыңжылдықта Жетісудан және Түркістаннан Қара теңіз бойына, Алтай тауларынан Хорезмге дейінгі аймақты «сақ» атауына ие болған көптеген тайпалар мекендеген. Оқушыларға сақ тайпаларының жайлаған аумағын картадан көрсетемін. Бұл дәуір тарихи әдебиеттерде «ерте темір дәуірі», «ерте көшпелілер дәуірі», «сақ дәуірі» деп аталады. Сақтардың құрамына көптеген тайпалар кірді. Олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сақтар тарихта көптеген атаулармен белгілі болғандығын айтып, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіріп шығамын.

Деректерде

Қалай атады?

Ирандықтарда

Сақтар

Еуропада

Скифтер

Грек деректерінде

Даилар, массагеттер, исседондар т.б

Парсы деректерінде

Хаомоварга, тиграхауда, парадарайа

Сақтар туралы бізге көптеген деректер жеткен.

Сақтар — б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Сақ тайпаларының атауының мағынасын төмендегі тірек-сызбалар арқылы түсіндіремін.

Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

Сақ тайпаларының аты

мекендері

1

Парадарайа

( теңіздің арғы жағындағы сақтар)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы

2

Тиграхауда

(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)

Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда

3

Хаумаварга

(хаома сусынын дайындайтын сақтар)

Мургаб аңғарында (Түркіменстан)

Сақ қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, әскери демократия пайда болды. Сақтар туралы пікірлер:

1) Гректер сақтарды жоғары бағалап, ең әділ, шыншыл халық деп есептеді.

2) Грек авторы Ктесий «сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектесіп, ұрысқа араласады.

3) ежелгі грек геогрофы Страбонның айтуынша сақтар жақсы шабандоздар болған

IV. Дәптермен жұмыс.Оқушылар дәптерлеріне дайлар, массагеттер, скифтер, техрахауда, парадарайа, хаумаварга сөздерін жазады.

Картадан сақтардың орналасқан жерлерін көрсету.

V. Сергіту сәті:

«Жұмбақтар шешу.»

1. Қадам бас алға сүрінбей

Болашақ кілті білімде

Қандай мағына береді

Сақ сөзі парсы тілінде (құдіретті еркектер)

2. Басынан кешкен сақтар

Тарихшы тізіп ақтарды

Кімдер деп тағы атады

Грек Геродот сақтарды (массагеттер)

3. Арайлап таңы атады

Маужырап күні батады

Түйе сүті балмен тең

Сақтар қалай атады (шұбат)

4. Ағаға тыныс іні еді

Тарих өткеннің үні еді

Сақ әйелінің ерлігі

Сипаттап берген кім еді? (Ктесий)

VI. Жаңа сабақты бекіту.

Оқушыларды екі топқа бөліп сәйкестендіру тестісін және тарихи сынақ хат жүргіземін.

5 сынып Сәйкестендіру тестісі.

1. Шошақ бөрікті киген сақтар. Томирис.

2.Сақтар туралы жазған грек тарихшысы. Киіз үй.

3.Сақ патшасы. Тигрохауда сақтары

4.Сақтардың баспаналары. Алтын киімді адам.

5.Есік қаласынан табылған сақ ескерткіші. Герадот.

6 сынып Тарихи сынақ хат. Берілген мәтінді қажетті сөздермен толықтыру

1. Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметінде атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы ……. мәселелерді шешті.

2. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін ………………. деп атап келген.

3. Халықтың басым көпшілігін қатардағы қауымдастар — ………… құрады.

VII. Қорытынды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мінекей балалар біз бүгінгі сабақта жалпы сақ тайпасы туралы оқып білдік. Сақтардың ержүрек, батыр да батыл, данышпан, бір сөзді Тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік. Сақтар біздің қазақ халқының арғы тегі. Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп, елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Сол тәуелсіздігіміздің символы ретінде біз «Алтын адаммен», «Қанатты барысты», Елтаңбамыздағы «Қанатты пырақты» бекерге алмадық, өйткені біз сақтардың ұрпағымыз. Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге талай жеңістерге жетелейтіні анық. Бүгінде Қазақстан әлемдегі қарыштап, алға басқан мемлекеттердің бірі. Балалар осындай елімізбен, құнды мәдени ескерткіштерімізбен мақтанайық, бағалайық, сақтайық.

III. Үйге тапсырмасы: 5 сынып §16 Сақтар. 6 сынып §12 Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.

1. Тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру

2. Тест сұрақтарын орындау

3. Шығармашылық тапсырма «Жауынгер сақтардың ат үстіндегі шайқасының суретін салу»

IX. Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы

Автор: Акылбекова Назым Асетовна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396857

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Ашық сабақ " Сақтардың шыруашылығы мен тұрмысы" 6 А сынып"
    ["seo_title"] => string(61) "ashyk_sabak_sak_tardyn_shyruashylyg_y_mien_tu_rmysy_6_a_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "386208"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485885454"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Андрондықтардың шаруашылығы мен тұрмысы"
    ["seo_title"] => string(45) "androndyk_tardyn_sharuashylyg_y_mien_tu_rmysy"
    ["file_id"] => string(6) "400727"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1489623615"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "?анлыларды? шаруашылы?ы мен т?рмысы"
    ["seo_title"] => string(35) "kanlylardynsharuashylygymienturmysy"
    ["file_id"] => string(6) "266042"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450087712"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы."
    ["seo_title"] => string(41) "uisindierdin_sharuashylyg_y_mien_tu_rmysy"
    ["file_id"] => string(6) "384546"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485524500"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?йсіндерді? шаруашылы?ы мен т?рмысы."
    ["seo_title"] => string(43) "uisindierdin-sharuashylyg-y-mien-tu-rmysy-2"
    ["file_id"] => string(6) "320509"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461083802"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства