Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары жыл бойғы»
«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.М Бахарованың
I жарты жылдық есебі
Мен Бахарова Ранагуль Маратовна «Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаудамын. 2017-2018 оқу жылында 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 2 «А», 2 «Ә», , 2 «В», 5 «А», 5 «Ә», сыныптарына сабақ жүргіземін. Апталық жүктемем – 20 сағат. Сынып оқушыларының I жарты жылдық бойынша орыс тілі пәнінен көрсеткен білім сапасы төмендегідей:
Пәні
2«А»
2«Ә»
2 Б»
2«В»
5«А»
5«Ә»
орыс тілі
71%
76%
86%
61%
42%
60%
Көріп отырғандай ең жоғары пайыз санын 2 «А» сыныбы көрсетіп отыр. Салыстырмалы түрле айттын болсақ I тоқсанда бұл сыныпта пайыз көрсеткіші 69 болатын. Жаңартылған білім беру жүйесі бойынша әр бөлім сайын алынған ұпай сандары жоғары нәтижені көрсетуіне байланысты жоғары пайыз көрсетуде.
Төмен білім сапасын көрсеткен сынып жоқ. Барлығы 50% - дан жоғары көрсеткіштерге ие.
Жалпы оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылықтары жақсы, сабақтарға белсене қатысады, бірақта кейбір қиыншылықтар кездеседі. Атап айтатын болсақ, орта деңгейдегі оқушылардың үй тапсырмасын орындап келмейді, сабаққа зейін бөлмейді, берілген ақпаратты тез меңгере алмайды.
Сыныптардағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жоспар бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға өз тарапымнан көмек көрсетемін және берілген тапсырмалар бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Менің өзекті мәселем:орыс тілі сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және жаңа білім беру жүйесінің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру болып табылады. Мектепте орыс тілін оқыту барысында қазақ тілі, орыс тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудемін.
Жұмыс барысында тәжіріибе жинақтау мақсатында білікті мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Және де қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында интернет желісі арқылы қажетті ақпараттарды жинаумен болдым. Сабақты ұтымды өткізу үшін түрлі сергіту сәттерін, әр түрлі әдіс-тәсірлерді үйрендім.