kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ тақырыбы "Жәңгір хан, қазақ – жоңғар соғысы, орбүлақ шайқасы" 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тың тақырыбы: Жәңгір хан, қазақ – жоңғар соғысы, орбүлақ шайқасы.

Сабақ мақсаты:  Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір ханның ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы саясатындағы рөлін түсіндіру арқылы өзекті мәселелерді өз бетінше ізденуге, сараптама жасауға, қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы білімдерін дамытуға дағдыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы "Жәңгір хан, қазақ – жоңғар соғысы, орбүлақ шайқасы" 7 сынып»

Күні: 17.03.2017

Сынып: 7 «а» сыныбы

Сабақ тың тақырыбы: Жәңгір хан , қазақ – жоңғар соғысы, орбүлақ шайқасы.

Сабақ мақсаты: Отан тарихынан сүбелі орын алар тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір ханның ел тізгінін ұстаған уақытындағы Қазақ ордасының ішкі-сыртқы саясатындағы рөлін түсіндіру арқылы өзекті мәселелерді өз бетінше ізденуге, сараптама жасауға, қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы білімдерін дамытуға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: - сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін.

- сынып оқушыларын топтамалар арқылы топтастырамын. Есім, Жәңгір,Тәуке.

- Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

I тапсырма. Кім білгір?

1.Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

2.Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

3.Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

4.Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

5.«Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

6.Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

2. «Келісемін, келіспеймін» әдісі

1.Есім хан 1598-1628ж өмір сүрді. (жоқ билік құрған)
2.1598ж Қазақ хандығының билігін өз қолына алған Тәуекел ханның ұлы Есім хан. (жоқ інісі Есім)
3. 1613-1614ж өзін хан деп жариялаған Есім хан.( жоқ Тұрсын)
4. 17ғ Есім ханның кезінде қазақ хандығының астанасы Түркістан болды. (ия)
5.Тұрсын сұлтан өзін Түркістан қаласының ханымын деп 1612ж жариялады. (жоқ Ташкент қаласының 1613ж )
6.1603 ж бірінші қазақ – бұхар шайқасы Ташкентте болды. (Жоқ Айғыржар деген жерде)
7.ХҮІІ ғ Тұрсын ханды қолдағаны үшін Есім хан қатаған руын қатаң жазалады. (Ия)

ІІІ. Жаңа сабақ: Бейнеролик көреді. (Жәңгір хан)
Тақырыпты ашып дәптерге жазады.

Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (топтық жұмыс) (20 мин)

1 тапсырма:

Мәтінмен танысу; (3 мин)

2 тапсырма: Топтық жұмыс

Берілген тақырыпты топта талдайды.

І топқа - Жәңгір хан

ІІ топқа – Орбұлақ шайқасы

ІІІ топқа - Қазақ- жоңғар шайқасы











2 тапсырма бойынша формативті бағалау.

Тергеу әдісі бойынша түсіндіреді

Баяндамашы

Дәнекерлеуші

Термин табушы

Сұрақ қоюшы
(«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»айтады немесе топтағы жекелеген оқушыларды ерекшелігі үшін мадақтап, смайлик бағалайды.)



3 тапсырма: «Есте сақта!» әдісімен керекті мәліметтерді дәптерге түсіру. (2 мин)

4 тапсырма. Жұптық жұмыс
І топ- «Жылдар сөйлейді»
ІІ топ- «Картаға саяхат» (территор салыстырады)
ІІІ топ- Венн диалраммасы (Жәңгір хан мен Назарбаевті салыстыр)

4 тапсырма бойынша формативті бағалау. Қол шапалақтау арқылы жүзеге асады

5 тапсырма: Жеке жүмыс көршілерін тексереді.

Бекіту. Тест 7 сұрақ



Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру.

Рефлексия (кері байланыс)

«Алақан» әдісі арқылы

Бас бармақ – қызықты болған жері

Балан үйрек – ұнаған жері

Ортаңғы бөбек– маған жеткіліксіз

Шылдыр шүмек - түсінбегенім

Кішкене бөбек– тілек

Үйге тапсырма: §42-43 қосымша мәліметтермен реферат жазып келу











































Орбұлақ шайқасы

Қазақ даласында болып өткен шайқастардың, соғыстардың ұзын саны тізімінің қанша екенін білмесем де, бейбіт жатқан қазақ даласына сыртқы ниеті харам, тойымсыз елдердің тигізген зиянын санап тауыса алмаспыз. Қашанда бірлікті берік тұтқан қазақ даласы бейберекет соғысты қаламаған. Бірақ тиген жауының азу тісін сындырып, қарқынын қайырып отырған. Сансыз қолды жалаң кеуде, ақ ниетімен санаулы санымен жеңе білген. Сондай ерен, тарихымызда орны ерекше шайқастардың бірі – Орбұлақ шайқасы.

Орбұлақ шайқасы – маңызы орасан шайқастардың бірі. Бұл – қазақ жасақтарының Жоңғар басқыншыларына ымыралықпен, бірлікпен байласа, біріге тосқауыл берген алғашқы нәтижелі ұрыстарының бірі. Сондықтан да шайқастың тарихымызда маңызы ерекше.

Шайқас ұзақ жылдар бойы Жоңғарларға өмірлік ұрысын арнаған, жоңғарларды жер бетінен құртуды армандаған хандардың бірі – Есім ханның ұлы хан Жәңгір мен Жоңғарлардың Батыр қоңтайшысы арасында өткен үлкен соғыс. Жазық жазирада тыныш, момақан ғана ғұмыр кешіп жатқан көшпелі халықты қанап, қасқыр тартқан қойша қырған Жоңғарлардың қарқынының белең алып бара жатқанын сезген Жәңгір хан қол астына жаужүрек батырларын жинап жауына қарсы ұмтылады. Небәрі 600 ғана адам қолымен жоңғардың 10 мың әскерінің қанын төккен шайқас бұл. Қазақтың ашынғандығы жеңістің басты себебі секілді.

Жәңгір хан жоңғар әскерлерінің тактикасын әбден жете зерттей білді. Күтпеген тосын тактиканы өзі де ойлап тапты. Хан Жәңгір ұрыс орнына Ор деп аталатын кішкене өзеншесі бар тау арасын қолайлы деп тауып, әскерін «ор қазу» әдісіне жаттықтырды. Оның ойлағаны іске асып Батыр қоңтайшының қалың қолын ортадан қоршап сасқан жау қолының он мың әскерін дем арасында қырып тастайды. Жәңгір ханға 20 мың қолды бастаған Жалаңтөс батыр көмекке келеді. Қазақтардан айласын асыра алмаған жоңғар ханы қалған қолын жинап, ойсыраған шығынмен кейін шегінуге мәжбүр болады. Аты дардай жоңғар ханына үлкен ұят саналған шайқастың соңы қазақ жасақтарының үлкен жеңісімен аяқталады.

Орбұлақ шайқасын ұйымдастырушы Жәңгір ханға тек Жалаңтөс батыр ғана емес қазақтың ержүрек, дарабоз батыр, жыраулары да түйіле қатынасты. Атап айтар болсақ, арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, тана Жиембет жырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлардың үлесі шайқастың жеңіске жетуіне де өз септігін тигізді.

Орбұлақ шайқасының маңызы – қазақтарды жоңғарлардың ғана емес бүкіл әлемнің мойындауын туғызған шайқас болды. Сонымен қатар, қазақ даласындағы шайқастарды ұзақ жылдарға толастатып, жоңғарларды қайта қазақ сахарасына басып кіруіне жүректерін шайлықтырардай әсер де қалдырды. Қазақ даласы сәл де болса жау езгісі мен зәбірінен құтылып, жаймашуақ тіршілігін жасай білді.


Жәңгір хан, Салқам Жәңгір (1608 — 1680) – Салқам Жәңгір - Қазақ Ордасының 15-ші ханы . Есім ханның белгілі 3 ұлының бірі әрі бірегейі.Шежіреге сүйенсек , қазақ хандары Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды.Бергі жақтан алсақ Ақ Орданың соңғы ханы Барақ,одан Жәнібек , Жәнібектен Жәдік сұлтан , Жәдіктен Шығай хан , Шығайдың ұлы Есім хан.Салқам Жәңгір - Есім ханның ортаншы ұлы.Шын аты Жаһангер , парсыша жаулап алушы деген мағынаны білдіреді.Туылған жылы белгісіз , Берекет Кәрібаевтың айтуынша , шамамен XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басы кезі деп айтуға болады.Ал кейбір деректерде 1608 жылы туылған деп те жазылып жүр. Салқам Жәңгірдің даңқы 1643 жылғы Орбұлақ шайқасы арқылы шыққан.Одан басқа Жәңгір ханның тұлғасын толық ашатын деректердің аздығы қолбайлау болып отыр.Белгілісі , Жәңгір ханды ерте жасынан ел ісіне араластыра бастаған.Оған дәлел 12 жасар Жәңгірдің әкесі Есім ханның тұсында Қалмақ еліне елшілікке баруы.

Ол әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ ара-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болатын. Осындай жоңғарлармен болған жекпе-жекте мертіккен Жәңгір хан жиырма жыл сал болып жатып, өмірден қамкөңіл өтті. Қазақтардың «Салқам Жәңгір» деп атауы осыдан. 1680 жылы әкесінің орнын басқан Тәуке хан тұсында Қазақ елі едәуір есін жиды. Бұған қонтайшының екінші әйелі, 1635 жылы Жәңгір ханмен бірге қалмақтарға тұтқынға түскен Ақтайлақ бидің қызы Жұмақас көп септігін тигізеді. Жұмақас өзінің Сенге мен Ғалдан Бошақты сынды балаларына нағашыларының еліне маза беруді өтінеді. Балалары анасының бұл өтінішін жерге тастаған жоқ. Жәңгір ханның тұсында, оның баласы Тәуке ханның заманында Қазақ елі жарты ғасырдай тыныштау, бейбіт өмір сүрді деуге болады.

Салқам Жәңгір Тарихта даңқты Орбұлақ шайқасының басты тұлғасы. Ол ел арасында лайықты бағасын алғанмен,кейіннен кеңестік идеологияның әсерінен ұмыла бастаған тұлға.Қайтыс болғаннан соң, қасиетті Түркістан қаласындағы , Әзірет Сұлтан кесенесінің маңайына жерлеген.Басында үлкен күмбезі болғандығы айтылады.Уақыт өте күмбез қираған.













Қазақ-жоңғар соғысы . Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:

  • бірінші шайқас — 1635 жылы

  • екіншісі — 1643-1644 жылдары

  • үшіншісі — 1652 жылы

1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады.

Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген.

Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.

1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.

1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза табады.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ тақырыбы "Жәңгір хан, қазақ – жоңғар соғысы, орбүлақ шайқасы" 7 сынып

Автор: Масалимова Айдана Закариякызы

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411266

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ж??гір хан,?аза?-жо??ар со?ысы,Орб?ла? шай?асы"
    ["seo_title"] => string(44) "zhnghirkhankazakzhongarsogysyorbulakshaikasy"
    ["file_id"] => string(6) "311699"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459247268"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Сыныптан тыс ж?мыс. Та?ырыбы "?здік тарихшы" "
    ["seo_title"] => string(46) "synyptan-tys-zhu-mys-tak-yryby-uzdik-tarikhshy"
    ["file_id"] => string(6) "204907"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429769346"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства