Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың тыныс тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Республика дәуіріндегі Рим»
Ежелгі дүние тарихы6 сынып Тақырыбы: «Республика дәуіріндегі Рим» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың тыныс тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру. Дамытушылық: Рим республикасының әлеуметтік саяси құрылысындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу. Тәрбиелік: Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып, оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі Рим картасы, оқулықта берілген суреттер, тірек сызбалар. Қосымша материалдар: Ежелгі дүние тарихы ІІ бөлім. Алматы 1978, Корабаев И.П. Ганнибал.- М.,1976, Ботвинников М.Н.Рабинович М.Б. Страносский Г.Жизнеописание знаменитых греков и римлян. - М., 1987.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. а) амандасу; б) оқушыларды түгендеу; в) назарларын сабаққа аудару. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.( жазбаша, жекелей, тест тапсырмасы арқылы) Тест сұрақтары І. Ежелгі Македония қай жерге орналасқан? а) Вавилонда б) Римде в) Балқан түбегінде ІІ. Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата? а) гректер б) фракийліктер в) парсылар ІІІ. Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері а) Дарий б) Перикл в) ІІ Филипп ІV. Македондықтардың әскери сап жүйесі қалай аталды? а) фаланга б) триба в) курия V.ІІ Филипптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы қай жылы жүзеге асты? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 334 ж VI. Грек – македон әскерлері қай жылы Кіші Азия жеріне енді? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 334 ж VII. Б.з.б.333 жылы парсылар мен македондықтар арасындағы шайқас қай жерде болды? а) Исса қаласының түбінде б) Граник өзенінің жағасы в) Гавгамелы елді мекені түбінде
VIII.Александр Македонский Египетке қай жылы жорыққа шықты? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 332 ж IX. Александр Македонский қай жылы Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 328 ж в) б.з.б. 332 ж X. Б.з.б. 325 жылы Александр Македонский қай қаланы астана деп жариялады? а) Вавилон б) Александрия в) Библ Дұрыс жауабы: 1-в, 2-б, 3-в, 4-а, 5-б, 6-в, 7-а, 8-в, 9-б, 10-а
ІІІ.Үй тапсырмасын дұрыс жауап парағы арқылы тексеріп, қорытындылау. IV.Жаңа сабақ Жаңа сабақ жоспары: 1. Рим республикасындағы басқару ұйымдары. 2.Римнің жаулаушылық соғыстары. 3.Қоғамдық - әлеуметтік топтар.
Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихыүш кезеңге бөлінеді:
1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж.
2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж.
3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж)
Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен сенат болды.
Халық жиналыстарының үш түрі болды:
1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды.
Римде 30 курия болды.
2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді.
3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма тақырыпты оқу
Тест сұрақтары І. Ежелгі Македония қай жерге орналасқан? а) Вавилонда б) Римде в) Балқан түбегінде ІІ. Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата? а) гректер б) фракийліктер в) парсылар ІІІ. Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері а) Дарий б) Перикл в) ІІ Филипп ІV. Македондықтардың әскери сап жүйесі қалай аталды? а) фаланга б) триба в) курия V.ІІ Филипптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы қай жылы жүзеге асты? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 334 ж VI. Грек – македон әскерлері қай жылы Кіші Азия жеріне енді? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 334 ж VII. Б.з.б.333 жылы парсылар мен македондықтар арасындағы шайқас қай жерде болды? а) Исса қаласының түбінде б) Граник өзенінің жағасы в) Гавгамелы елді мекені түбінде
VIII.Александр Македонский Египетке қай жылы жорыққа шықты? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 356 ж в) б.з.б. 332 ж IX. Александр Македонский қай жылы Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды? а) б.з.б. 382 ж б) б.з.б. 328 ж в) б.з.б. 332 ж X. Б.з.б. 325 жылы Александр Македонский қай қаланы астана деп жариялады? а) Вавилон б) Александрия в) Библ