Жаңа тақырыпты меңгерту үшін «Жарнама» әдісін қолданамын. Жаңа тақырып бойынша топтарға Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары,Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары,Әмір Темір жорықтарының зардаптары жоспары бойынша оқулықты оқуға , жұпта түсінгендерін бөлісіп, сосын топта талдауға тапсырма беремін. «Жеке ойлану-жұпта бөлісу-топта жинақтау-ұжымда ортаға шығару» әдісі бойынша «Жарнама» әдісі бойынша топ өздеріне берілген тапсырма бойынша таныстырады. Әмір Темірдің жорықтарының қазақ жеріне тигізген зардаптары Бекіту: 1.«Замандастар».Әмір Темірдің замандастарын тап. Қамар-ад-дин,Жошы,Тоқтамыс,Ұрыс хан, Темір-Мәлік, Шағатай,Қасым,Шыңғысхан 2.Миға шабуыл Темірдің іс-әрекетін тарихта кіммен салыстыруға болады? Неге? 3.Тест. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары: А. 1423-1428жж. В.1428-1468жж. С.1466-1480жж. Д.1336-1405 жж. 2. Әмір Темір кімнің ұлы? А.Тарағай бектің В. Есугей батырдың С.Жожының Д.Шағатайдың 3. Әмір Темірдің руы: А.Қоңырат В.Басқақ С.Борджығыт Д.Барлас 4. Әмір Темір Мауараннахрды жаулап алған жылдар: А.1404 – 1405 В.1405 С.1370 Д.1336 5. Мауараннахыры Әмір Темір неше жыл биледі: А.45 В. 65 С.40 Д. 35 6. Алтын Орданын жаулап алмастан бұрын, Әмір Темір алдын- ала жаулап алған мемлекет: А.Көк Орда В.Ақ Орда С.Ноғай Ордасы Д.Астрахан хандығы 7. 21 қантарда 1391 жылы Әмір Темір 200 мыңдық әскерімен кімге қарсы шықты: А. Темір-Мәлік В.Ұрұс хан С.Орда – Ержен Д.Тоқтамыс 8. 1376 жылы көктем айында 30 мың әскерлерімен қарсы шыққан: А.Қызыр Қожа хан В. Қамар ад – Дин С.Енке Төре Д.Уайс хан 9. Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жердегі шайқас қашан өтті? А.1384 ж. В.1395 ж. С.1393 ж. Д.1391 ж. 10. Қай қалада Әмір Темір қайтыс болды? А.Отырар В.Самарқанд С.Сауран Д.Сарайшық | Топ мүшелері тақырыппен танысады, жұпта түсінгендерін бөліседі, топта талдайды. Өздеріне берілген тапсырманы орындап таныстырады. Ең жақсы жарнама жасаған топ анықталады. Топтар бір-бірін «бір жұлдыз, бір ұсыныс бойынша» бағалайды. Өзін-өзі тексеру тапсырмалар арқылы оқушылар қаншалықты тақырыпты меңгергенін анықтайды. |