Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кенесары көтерілісі»
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:тест арқылы тексеру
1. Жанқожа Нұрмұхамедұлы қай рудан шыққан:
Табын
Төре
Беріш
Шекті
Қыпшақ
2. Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатқан жыл
1843
1844
1854
1853
1865
3. Жанқожаның қолы Райым бекінісіне шабуылдаған жыл
1848
1844
1847
1845
1846
4. 1856 жылы Жанқожа батырдың қол астына жиналған адам саны
5000
5500
1500
2500
3300
5. Жанқожа Қазалы бекінісін қоршап алған жыл
1856
1866
1854
1844
1876
6. Жазалаушы отрядқа қарсы Жанқожа кімнен көмек сұрады
Хиуадан
Бұхардан
Қырғыз манаптарынан
Өзбектерден
Қытай имериясынан
7. Есет Көтібарұлы қай рудың биі болды
Табын
Төре
Тарақты
Шекті
Байбақты
8. Есет батыр кіммен бірігіп орыс отрядтарына қарсы шықты
Бұхар әмірлігімен
Қытай мемлекетімен
Қырғыз манаптарымен
Хиуа ханымен
Парсылармен
9. 1858 жылы Әулиеатада болған көтеріліс кімге қарсы бағытталды
Хиуа ханына
Бұхар езгісіне
Орыс отрядтарына
Казактарға
Ағылшындарға
10. 19ғасырдың 50 жылдарында Мырза Ахмет енгізген салық кімнен жиналды
Қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерден
Қарапайым халықтан
Шыңғыс әулетінен
Бай-шонжарлардан
саудагерлерден
. Жаңа сабақ:
Жоспар: 1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері 2. Көтерілістің барысы 3. Кенесарының хандық билігі 4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
Көтерілістің басталу себептері:
. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды.
. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді.
Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді.
Әкесі Қасым да, ағасы Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты.
. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Көтерілістің мақсаты:
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;
Көтеріліс қамтылған аймақ: Барлық үш жүзді қамтыды: Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас. Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты. Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.