Оқушыларға мына сөздерді оқып . Бұл сөздер нені білдіреді , қалай ойлайсыңдар? (жауаптарын тыңдау)
Сабақтың тақырыбын табу :Қазақ жүздерінің шығуы , қазақ халқының этникалық құрамы.
( Оқушыларға дәптерге жазғызу. Күні , сабақ тақырыбы, жоспарын )
Жаңа сабақтың жоспары:
«Қазақ» сөзінің шығу тегі.
«Алаш» атауының мағынасы.
Жүздердің пайда болуы.
Кестемен жұмыс
«Қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Бұл сөздердің қай кездерге байланысты айтылғанын анықтау.
Қытай деректерінде
Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді.
А.А.Семенов
Арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.
Академик В.В.Радлов
«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
А.А.Самойлович, Ш.Құдайбердиев
«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.
Ш.Ш.Уалиханов
«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.
Т.Жанұзақогв
«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Н.Мыңжанұлы
Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
М.Х.Дулати
Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.
Қазақ жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде сызба арқылы түсіндіруге болады.
Аңыздағы үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының-жері екенін айту . Сабақты қорытындылай келе, XVғасырдың 50-жылдары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын, Қазақстанда халық болып қалыптасудың өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғды..
Қазақ жүздерінің шығу тарихы
Қадір
Қазақ
Ақарыс Бекарыс Жанарыс
Ұлы жүз Орта жүз Кіші жүз
3 Тапсырма: Постер
1 топ: Ұлы жүзге кіретін тайпалар , географиялық орны , ұраны.
2.топ: Орта жүзге кіретін тайпалар , географиялық орны , ұраны.
3.топ: Кіші жүзге кіретін тайпалар , географиялық орны , ұраны.
( Оқушылар постер жасап жан-жақты қорғайды. Қосыиша мәлімет білсе өз ойларын айту.)
4 тапсырма: Тарихи басқатырма
Мына сөздерден сөйлем құрау .Өз ойларын өлен жолдарымен жеткізу немесе эссе жазу. Қазақстанның келешегіне тілектерін білдіру.
Ірб ле , ріб манра Кідзсіуәлет мтрігеі Тнаөғол ле нхырати насепт зыажад
« Бір ел , бір арман » «Тәуелсіздік тірегім » « Толған ел тарихын таспен жазады »
Сабақты бекіту:
Алғашқы кезде « қазақ» атауының орнына қолданылған соз:
«Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
Қазақ халқының құрамына енген ру- тайпа өздерінің ен- танбаларын салған жартас:
Қазақ жүздері қашан пайда болды?
Қазақ халқының ұраны:
Сабақты аяқтау: « Атамыз Алаш , атымыз - қазақ , үш жүздің ұрпағымыз »
Бағалау: Топтар бір-бірін бағалайды. ( 1- 2,3 ) (2-1,3) (3-1,2)
Үйге тапсырма: § 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау. Қосымша деректерді пайдаланып, «қазақ», «алаш», «жүз» сөздерінің шығуы жөнінде мәлімет даярлауды тапсыр