Сынып екі топ?а б?лінеді.?р топты? аты (тарихи атауы) алдын-ала жасалынады.?рбір топ айнала отыратын ?стелге ?аза?стан Республикасыны? жалауларын ?оямыз (б?л о?ушыларды? с?ра??а жауап беру кезінде к?теру ?шін ?ажет ) Ойын V б?ліктен т?рады.
І б?лім «Таныстыру »
І б?лімні? шарты бойынша топ атымен таныстыру.?рбір топ ?з аттары жазыл?ан та?тайшаны ?арсы топ?а береді. Ал олар та?тайшада?ы топты? атауыны? шы?у тарихын айтуы тиіс. Таба алма?ан жа?дайда топ жетекшісі т?сіндіреді.
І топ «Яксарат»
ІІ топ «Хорезм»
Жауабы: «Яксарат» -Сырдария ?зеніні? байыр?ы атауы. ?уел баста Яксарат деп
Сырдарияны? ?азіргі Ленинабад пен Ташкент аралы?ында?ы орта а?ысы атадса,
Кейіннен ол ?зенні? т?гелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. авторлар Яксарат атауы
б?л айма?ты мекен еткен са?тарды? яксарат тайпасына байланысты шы?уы м?мкін
деп жорамалдайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сынып екі топқа бөлінеді.Әр топтың аты (тарихи атауы) алдын-ала жасалынады.Әрбір топ айнала отыратын үстелге Қазақстан Республикасының жалауларын қоямыз (бұл оқушылардың сұраққа жауап беру кезінде көтеру үшін қажет ) Ойын V бөліктен тұрады.
І бөлім «Таныстыру »
І бөлімнің шарты бойынша топ атымен таныстыру.Әрбір топ өз аттары жазылған тақтайшаны қарсы топқа береді. Ал олар тақтайшадағы топтың атауының шығу тарихын айтуы тиіс. Таба алмаған жағдайда топ жетекшісі түсіндіреді.
І топ «Яксарат»
ІІ топ «Хорезм»
Жауабы: «Яксарат» --Сырдария өзенінің байырғы атауы. Өуел баста Яксарат деп
Сырдарияның қазіргі Ленинабад пен Ташкент аралығындағы орта ағысы атадса,
Кейіннен ол өзеннің түгелдей атауына айналды. Птоломей, т.б. авторлар Яксарат атауы
бұл аймақты мекен еткен сақтардың яксарат тайпасына байланысты шығуы мүмкін
деп жорамалдайды.
«Хорезм» атауы б.з.б. 2мың жылдықтан бұрын пайда болған. Біздің дәуіріміздің ІV
ғасырында Хорезм мемлекет орталығына айналып, Арал теңізінің атауы осы кезден
бастап аталған деген жорамал бар.
ІІ бөлім. «Сұрақ-жауап.»
Ойынның ІІ-ші бөлімінің шарты—сұрақ-жауап. Әр сұраққа топтың бір
мүшесі өз жауаптарын берулері керек.
1-ші сұрақ. Грек авторы Ктесий сақ әйелдерін қалай баяндаған?
Жауап: «Сақ әйелдері ер жүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне
көмек көрсетіп ұрысқа араласады»,---деген Ктесий.
2-ші сұрақ. Қаңлылар қандай елдермен сауда жасаған?
Жауап: Қара теңіз жағалауындағы елдермен, Сирия, Индия, Балтық теңізі
бойындағы елдермен, Иранмен.
3- сұрақАңдық стиль өнері қалай пайда болды?
Жауап: Б.з.б. VІІ ғасырдың басында далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу
пайда болды. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған
жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бей-
несі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе,
4-сұрақ. Ғұндардың атақты патшасы Атилланың әлемдік тарихта
Алатын орны жайлы айтып беріңдер.
Жауап: Көптеген халықтардың жадында ұлы ғұндардың бейнесі сақталып
қалған. Атилла патша туралы еңбектер VІ ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз және италиян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның тақты композиторы Джузеппе Верди «Атилла» операсын жазды. «Атилла» бейнесі
біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені қазақша
«Еділ» деп аталады.
5-сұрақ. Үйсіндер туралы деректер қай ғасырда, кімдердің жазбаларында
кптеп кездеседі? Және мекендеген жерлерін ата.
Жауап: Үйсін атауы қытай жазбаларында, б.з.б. ІІ ғасырдың басында кездеседі.
Олар «атжақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалақ ауданы арқылы, батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар қаласы, Ыстық көл маңы.
6-сұрақ, Сармат тайпаларының орналасуы туралы не айтасыңдар.
Жауап: «Сармат» деген жұрттың аты. Көне дәуір авторларының еңбектерінде
б.з.б.ІІІ ғасырдың басында «Савроматтар» деп атаған. Сарматтардың ескерткіштері біздің
жерімізде Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Оның көпшілігі Жайық, Елек, Жем өзендерінің бойында.
ІІІ бөлім. «Әңгіме құрастыру».
Ойынның ІІІ бөлімінің шарты--әңгіме құратыру. Балалар тарихта болған тұлғаларды қатыстырып,өтірік-шыны аралас әңгіме құрастырады. Қарсы топ оқиғадағы кейіпкерлердің қай кезде болғанынының шындыққа жақын детальдарын айтуы тиіс.
«Яксарат» тобының әңгімесі:
1955 жылы Жетісу жеріндегі Есік қорғанын археолог Ә.Марғұлан «Алтын
киімді адам» мүрдесін тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.б. V-ІV ғасырларға
жатады. Жасы 8-10-да, бойы—165см,болса керек. Алтын киім 8 мыңға жуық әшекеймен
безендірілген екен.
Дұрыс жауап: 1969 жыл, Қ. Ақышев, 17-18-де, 4 мыңға жуық.
«Хорезм» тобының әңгімесі:
Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІV ғасырда өмір сүрген Тұман Шаньюмен байланысты. Ғұндар мен Қытайдың Хань әулеті арасындағы соғыс б.з.б. 288 жылы
Хань әулетінің жеңілісімен аяқталды. Қытай императоры ғұндарға жыл сайын
алым-салық төлеуге мәжбүр болды.
Дұрыс жауап: Б.з.б. ІІІ ғасырда, Мөде шаньюймен байланысты, соғыс
Б.з.б. 188 жылы болған.
ІV бөлім. «Кім тапқыр?»
Ойынның төртінші бөлімінің шарты—1,5 минут уақыт ішінде неще сұраққа
толық жауап беретінін байқау.
І топтың сұрағы:
1. Сақ өнері стилі қалай аталады? (аң стилі)
2. Үйсіндер туралы жазып кеткен ежелгі тарихшы. (Сына-Цань)
3. Ғұн әскерінің негізгі құрамы. (атты әскер)
4. Сарматтар шаруашылығының негізгі саласы. (көшпелі мал шаруашылығы,
егіншілік)
5. Үйсіндер басшысы қалай аталған? (Гуньмо)
6. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киімдер киген? (абыздар)
7. Қаңлылардың астанасы қай қала болған? (Битянь)
8. Ғұн мемлекеті б.з.б. қай жылы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып
екіге бөлінді? (б.з.б. 55 жылы)
9. Коталауи шайқасы қай жылы болды? (451 жылы Еділ Жауынгерлері
Гллиядағы Котлауи даласында римдіктер мен франктермен шайқасты)
10. Сарматтар еліміздің қай аумағын мекендеген? (батыс, б.з.б. VІІІ ғасыр
мен б.з. V ғ.ғ.)
11. Ғұндар негізінде қандай үйлерде тұрды? (киіз үйде)