Сабақтың кезендері | Уақыт | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ұйымдастыру түрі мен қолданылатын әдіс-тәсілдер | Бағалау | Қолданылатын модуль |
Уәж | 2 мин | Амандасу.Оқушыларды ортаға шақыру. Оқушыларды топтастыру, жаңа сабаққа әзірлеу. Бір-біріне «Мен сенің..... қасиетіңді бағалаймын» деп баға беруді ұйымдастыру. Топтың ролі туралы кестені тарату | Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады. Оқушылар жақсы көретін жемістерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.Топтың ролі туралы кестесі бойынша топ мүшелері өз ролдерін бөліп алады | «Шаттық шеңбері»Ұжыммен ортаға шығады | C Басбармақ арқылы бағалау | ООЖТ |
Үй тапсырмасын тексеру | 5 мин | «Конверт-сұрақ» тәсілін қолданып, Әр түсті 4 конверттің сыртындағы қалтасына 1 сұрақ саламын. | Әр оқушы сұрақтың жауабы мен атын стикерге жазып конверттің ішіне салып, келесі оқушыға береді, осылай конверттер барлық оқушыдан өтеді. | «Конверт-сұрақ» әдісі | Өзін-өзі бағалау 1 дұрыс жауап 1 ұпай | ОүБ ООЖТ ТжДБО ОЖЕС ОбжК |
Білу | 3 мин | 1.Ой шақыру. Слайдтан ежелгі Қазақстанның мәдениетіне қатысты слайдтар көрсету арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатына шығады. -Осы суреттерді көрген соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар? | 1.Суреттерді зерделейді,ойларымен бөліседі, сұрақ-жауап арқылы өзара диалогқа түседі,тақырыпқа өздері шығады. Жұппен,топпен талқылайды. оқушылардың болжамды жауаптарын жазыңыз! | Зерттеушілік әңгіме | Смайлик арқылы өздерін бағалайды | АКТ СТОҮ ОЖЕС |
Түсіну | 5 мин | Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»: А деңгейі Сақтардың ғарыш туралы түсінігі қалай еді? В деңгейі Мәңгілік өмір сүру идеясы, өлім мен өмір арасындағы күрестің бейнеленуіне сипаттама беріңдер ? С деңгейі Адамзаттың табиғатпен байланысты өмір сүруінің бейнеленуі қандай деректерде кездеседі? Бағалау парақшаларын тарату | Оқушылар мәтінді оқып, деңгейлік тапсырмаларды жүзеге асырады. | Жеке дара жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар | «Табыс ағашы» арқылы өзін-өзі бағалау | СТОҮ, ДО, ОЖЕС, |
Қолдану | 10 мин | Мәтінмен жұмыс. Жигсо-І стратегиясын әдісін қолдану ( Ежелгі Қазақстанның мәдениеті) (постер жасау) | 1.Постер жасайды, талқылайды. І топ –Рухани мәдениет ІІ топ-Дәстүрлі әлем бейнесі ІІІтоп-Жартастардағы суреттер ІҮ топ- Адамзаттың табиғатпен байланысы. ( Топ жетекшісі басқа топқа барып, постерін түсіндіреді. | Ұжымдық. ЖИГСО-І әдісі | Оқушылар түсінгендерін еркін жеткізу мақсатында екі ұсыныс, бір тілек? екі жұлдыз,бір тілек | ОБжК ОЖЕС ОүБ ТжДБО |
Сергіту сәті | 3 мин | | Көңілді флеш-моб | | | АКТ |
Талдау+бағалау | 8 мин | «Ұшақ ұшыру» ойыны (Жоғары дәрежелі және төмен дәрежелі сұрақтар қою) Бағалауда «Ұшақ ұшыру» әдісі арқылы өз ойларын дәлелдей алуы | Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгенін білу және сын тұрғысынан сұрақ қоя білуге, қойылған сұраққа сын тұрғысынан жауап беруге дағдыландыру мақсатында «Ұшақ» ойынын өткізу | «Ұшақ ұшыру» әдісі | Жасыл- мен екі сұраққа толық жауап бердім Сары-Мен төмен дәрежелі сұрақтарға ғана жауап бердім Қызыл- Мен сұрақтарға жауап бере алмадым | ТДБО СТОҮ ОүБ ОБжК |
Рефлексия | 5 мин | «Ақпаратты кеш» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау. | Оқушылар шеңбер құрып музыка ырғағымен билеп, музыка тоқтаған кезде бүгінгі сабақтан алған білімдерін диалог арқылы толықтырып ортаға салады. | «Ақпаратты кеш» әдісі | Формативті бағалау. Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. | ДО, ОЖЕС АКТ |
Бағалау | 2 мин | Жиынтық бағаны шығару | Топ басшылары топ мүшелерінің жиынтық бағасын шығарады | 13 - 14 ұпай 88% -100% - 5 10 – 12 ұпай 70% -88% - 4 8 – 9 ұпай 50% - 70% - 3 7- ұпай 50 % - 2 | | ОүБ |
Үй тапсырмасы | 2 мин | 1.&57 оқып, әңгімелеу 2.Хронологиялық кесте құру 3.Қосымша ақпарат дайындау | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. | | | |